Тұлғалар:
Бұл талаптар іріктеудің басталғаны туралы әрбір хабарландыруда көрсетіледі. Олар кәсіптік даярлықты аяқтаған тұлғаларды тағайындау жоспарланған лауазымдарға қойылатын қолданыстағы біліктілік талаптарына байланысты болады.
Хабарландыру құқық қорғау органдарының сайтында жарияланады
Хабарландыруда көрсетіледі:
Хабарландыруда басқа да қосымша ақпарат болуы мүмкін.
Үлгі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/documents/details/326997?lang=kk
Іріктеуді бастау туралы шешімді құқық қорғау органдары болашақ бос орындарға талдау және болжам негізінде қабылдайды.
Әдетте, іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жылына 2 рет (жылдың басында және ортасында) жүзеге асырылады.
Іріктеудің басталуы туралы хабарландырулар құқық қорғау органдарының сайттарында жарияланады (төмендегі сілтемелер).
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау.
2-кезең. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжат қабылдау (құқық қорғау органдарының бөлімшесі іске асырады).
3-кезең. Құқық қорғау органдарында әңгімелесу (әңгімелесу қайда және қашан өтетінін құқық қорғау органдары анықтайды).
4-кезең. Әскери-дәрігерлік комиссиядан медициналық және психофизиологиялық куәландыру (бағыттаманы әңгімелесуден сәтті өткен кезде құқық қорғау органдары береді).
Әскери-дәрігерлік комиссиядан өту тәртібі туралы толық ақпарат Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Ережеде берілген.
Қажетті құжаттар туралы мәліметтер – Ереженің 10 және 37-тармақтарында.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021580
5-кезең. Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеу.
6-кезең. Академияда емтихан тапсыру (әрі қарай қараңыз).
Маңызды – іріктеуден өтуге қатысу үшін тестілеуден, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істер жөнінде уәкілетті органдағы жеке қасиеттерін бағалаудан өту қажет (толығырақ құқық қорғау органдарының бөлімшелерінде).
Қандай бағдарлама бойынша тест тапсыру және жеке қасиеттерін бағалаудан өту- хабарламада көрсетілген алғашқы кәсіби дайындық түлегі таңдайтын лауазымының санатына байланысты.
Әдетте: заңнаманы білуге арналған тест «1 Құқық қорғау қызметі» бағдарламасы бойынша, жеке қасиеттерін бағалау –«2 Құқық қорғау қызметі» бағдарламасы бойынша тапсырылады.
Оларды өткізу қағидалары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен бекітілген
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014317
Іріктеудің барлық кезеңдері туралы толығырақ – құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілген ережелерде https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020984
Емтихан тапсыруға іріктеудің алдыңғы барлық кезеңннен өткен кандидаттар жіберілді (жоғары қараңыз).
Өткізу кестесі (күні, уақыты, орны) – құқық қорғау органдарының сайтында емтихан күніне үш жұмыс күні қалғанға дейін жарияланады.
Өткізу нысаны – емтихан билетінің сұрақтарына және емтихан комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап.
Емтихан билеттері 7 негізгі бөлімнен тұратын кездейсоқ тәртіпте құрылған 3 сұрақтан тұрады:
Алдыңғы іріктеу сұрақтарының тізбесі – баяндалған
Алдыңғы емтихан үшін әзірленген жадынама
Емтихан нәтижелері – құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында емтихан тапсыру сәтінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жарияланады.
Емтихан нәтижелерімен келіспеген кандидат емтихан нәтижелері жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аппеляцияға бере алады.
Аппеляциялық комиссия Академияда құрылады, төрағаны қоса алғанда бесеуден кем емес мүшелерден тұрады.
Оқуға қабылдау бойынша түпкілікті ұсынысты Ведомствоаралық қабылдау комиссиясы емтихан нәтижелері, кандидаттардың жеке істерін зерделеу, оның ішінде полиграфологиялық зерттеулер негізінде береді.
Аталған комиссияның құрамына Академияның проректорлары, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының кадрлар қызметтерінің басшылары, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелердің өкілдері кіреді.
Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін Академияда оқудан өту мерзімі – бес айды құрайды.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданған адамдармен тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері мазмұндалған келісімшарт жасалып қол қойылады.
Академияда оқу уақытында тындаушы:
Тамақтану, тұру және степендия – мемлекет есебінен.
Оқу 5 негізгі құзіреттілікті көздейтін бекітілген бағдарлама бойынша өтеді (жалпы салалық, ақпараттық, коммуникативтік, жазбаша, кәсіби). Спорт залында, ату тирінде, компьютерлік сыныпта сабақтар, сонымен қатар ату дайындығы қарастырылған. Тәрбие жұмысына ерекше назар бөлінеді.
Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар қызмет бағыты бойынша даярлықтен өткен құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданады.
Оларды құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау кезінде кәсіптік даярлықтан өту мерзімі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдары) есептеледі.
Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.
Аталған міндеттемені орындамаған жағдайда Академиядан шығарылады, сондай-ақ өз еркімен, тындаушы мемлекетке даярлыққа, степендияға, тамақтануға және тұруға жұмсалған қаражатты қайтаруға міндетті.
Ерекшелік – денсаулық жағдайы бойынша, сонымен қатар штаттың қысқаруына байланысты, немесе органға (құқық қорғау немесе арнайы) ауысу мүмкін болмаған жағдайда органды қайта ұйымдастыру немес таратуға байланысты жұмыстан шығару.
Жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар
СҰРАҚ: Іріктеу қашан басталады (прокуратураға, экономикалық тергеу қызхметіне, сыбайлас жемқорлққақарсы күрес қызметіне)?
ЖАУАП: Әр құқық қорғау органы оны өзі белгілейді.
Оларға болашақта қанша жаңа қызметкер және қандай лауазымдарға керек болатынына болжам жасайды.
Соның есебінен қашан және қанша орынға іріктеу жасау керек екенін шешеді.
Академия аталған процесске қатыспайды.
Толық ақпарат алу үшін құқық қорғау органдарының кадр бөлімшесіне хабарласыңыз.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының сайттарынан осы ақпаратты бақылап отыруға кеңес береміз. Іріктеу басталғаны туралы ақпарат «Жаңалықтар» және «Құжаттар» бөлімдерінде жарияланады. Әдетте ол жылына 2 рет – жыл басында және ортасында жүзеге асады.
СҰРАҚ: Мектептен, коллежден кейін оқуға түсуге болама?
ЖАУАП: Жоқ. Оқуға түсу үшін жоғары білім туралы диплом болуы маңызды.
СҰРАҚ: Мен келесі айда диплом аламын (2 айдан кейін, жыл және т.б). Мен алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу үшін өтінішті қазір берсем бола ма?
ЖАУАП: Жоқ, себебі Сізге өз өтінішіңізге дипломның көшірмесін тіркеу қажет болады.
Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы, Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 бірлескен бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және оны өткеру жағдайлары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ережесінің 12-тармағы.
СҰРАҚ: Алғашқы кәсіби даярлыққа экономикалық, техникалық немесе басқа құқыққа қатысы жоқ мамандықпен түсе аламын ба?
ЖАУАП: Ағашқы кәсіби даярлыққа іріктеу басталғаны туралы әр хабарламада қажет етілетін мамандық көрсетіледі (құқық қорғау органдарының сайтында жарияланады).
Прокуратураға тек жоғары заңгер мамандығымен ғана.
Экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке басқа болуы мүмкін.
Әдетте ол құқық қорғау органы алғашқы кәсіби даярлықты бітірген түлекті қандай лауазымға жұмысқа алатынына байланысты.
Егер осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптары оған заң бойынша жоғары білімі жоқ адамдарды тағайындауға мүмкіндік берсе, онда бұл адамдар алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатыса алады (хабарландыруда көрсетілген талаптарды сақтаған кезде). Түпкілікті шешімді әрбір құқық қорғау органы дербес қабылдайды.
Біліктілік талаптары туралы толығырақ құқық қорғау органдарының өзінде нақтылау қажет (мұндай мәселелерді түсіндіру Академияның құзыретіне кірмейді).
СҰРАҚ: емтихан Академияда қалай өтеді және дайындық үшін сұрақтарды қайдан алуға болады?
ЖАУАП: «Академияда емтихан тапсыру» (осы платформада) немесе Академия сайтында («Мәзір» → «Оқыту» → «Алғашқы кәсіби дайындық»).
СҰРАҚ: әскери-дәрігерлік комиссия үшін қандай құжаттар қажет?
ЖАУАП: әскери-дәрігерлік комиссияға жолдама және қажетті құжаттар тізбесін сіз әңгімелесуден сәтті өткен жағдайда және 3х4 түрлі-түсті екі фотосуретті ұсынғаннан кейін құқық қорғау органының кадр қызметі береді.
Егер әскери-дәрігерлік комиссиядан өту тәртібімен алдын ала танысқыңыз келсе, ол ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №758 бұйрығымен белгіленген.
Қажетті құжаттар туралы мәліметтер – Ереженің бұйрығына қоса берілетін 10 және 37-тармақтарында.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021580
СҰРАҚ: Мемлекеттік қызмет істері департаментінде заңнаманы білуге арналған тестілеуді және жеке қасиеттерін бағалауды қандай бағдарлама (санат) бойынша тапсыру қажет?
ЖАУАП: бағдарламалар бастапқы кәсіби дайындық түлегін қабылдау жоспарланған лауазым санатына байланысты. Бұл санат іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруда көрсетіледі (құқық қорғау органдарының сайттарында жарияланады).
Әдетте: заңнаманы білуге арналған тест «1 Құқық қорғау қызметі» бағдарламасы бойынша, жеке қасиеттерін бағалау – «2 Құқық қорғау қызметі» бағдарламасы бойынша тапсырылады.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығынан білуге болады.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014317
СҰРАҚ: Академия жатақханасында тұру міндетті ме? Отбасылық жағдайлар маған мүмкіндік бермейді (ата-аналар, балалар және т.б.).
ЖАУАП: Міндетті. Алғашқы кәсіби дайындықтың барлық тыңдаушылары үшін академия жатақханасында тұру міндетті шарт болып табылады. Жағдайларға қарамастан, ерекше жағдайлар жоқ.
Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы, Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 бірлескен бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және оны өткеру жағдайлары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ережесінің 49-тармағы.
СҰРАҚ: стипендия мөлшері қандай?
ЖАУАП: қазір стипендия сомасы айына 40 532 теңгені құрайды.
Ол Үкімет қаулысымен белгіленеді.
Маңызды: кейбір сұрақтарға жауаптар Академияның құзыретіне кірмейді және мұнда тек ақпараттық мақсаттарда ұсынылады. Толығырақ және нақты ақпарат алу үшін тиісті уәкілетті органдарға хабарласуды ұсынамыз.