Білім беру бағдарламасы - Құқық қорғау қызметі (8D12302)
Бағдарлама бағытының коды - 8D123 - «Қоғамдық қауіпсіздік»
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін ғылыми дәрежесі: Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- құқық қорғау органының қазіргі қызметкері, әскери қызметшісі;
- құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратураның білім беру бағдарламалары) немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білім.
Білім беру бағдарламасы - Құқық қорғау қызметі (8D12302)
Бағдарлама бағытының коды - 8D123 - «Қоғамдық қауіпсіздік»
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін ғылыми дәрежесі: Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- құқық қорғау органының қазіргі қызметкері, әскери қызметшісі;
- құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратураның білім беру бағдарламалары) немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білім.
Білім беру бағдарламасы: - ҚҰҚЫҚТАНУ (8D04201)
Бағдарлама бағытының коды - 8D042 - «Құқық»
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін ғылыми дәрежесі: Философия докторы PhD
Білім беру бағдарламасы: - ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ (8D12301)
Бағдарлама бағытының коды - 8D123 - «Қоғамдық қауіпсіздік»
Оқу мерзімі: 3 жыл
Берілетін ғылыми дәрежесі: Философия докторы PhD
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- құқық қорғау органының қазіргі қызметкері, әскери қызметшісі;
- құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ғылыми-педагогикалық магистратура, педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларын қосымша меңгере отырып (қосымша куәлік), бейіндік магистратура.
Кезең: 1 сәуір - 25 шілде аралығында
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 (индекс 010078)
Байланыс телефондары: 8-771-162-49-23, 8-701-177-48-38
Сондай-ақ қабылдау «Қадағалау» АЖ және «ЭҚАБЖ» арқылы жүзеге асырылады (құжаттардың түпнұсқаларын түсу емтихандарына дейін ұсыну қажет)
Тілдер: ағылшын, неміс, француз таңдауы бойынша
Емтихандар Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының базасында және олар әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі.
Мерзімі: күнін Қазақстан Республикасы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы белгілейді, бірақ мамандық бойынша түсу емтихандарынан кешіктірмей.
Өту балы: 30 балдан кем емес (бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша)
Шет тілінен түсу емтиханын тапсыру үшін өтініш беру бойынша ақпарат
1. Осы халықаралық сертификаттардың бірі бар үміткерлер:
ағылшын тілі:
- TOEFL ITP кем дегенде 460
- TOEFL IBT 46-дан кем емес
- TOEFL PBT 453-тен кем емес
- IELTS Academic 5,5-тен кем емес
неміс тілі:
- DSH, В2 деңгейі
- TestDaF-Prüfung, В2 деңгейі
француз тілі:
- TFI, оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес
- DELF, B2 деңгейі
- DALF, В2 деңгейі
- TCF 50 балдан кем емес
2. Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар жоғарыда көрсетілген халықаралық сертификаттарды 5 жыл бойы ұсынбайды.
Өткізу мерзімі: 15-20 тамыз аралығында
Емтихан сұрақтары және (немесе) тапсырмалар магистратураның білім беру бағдарламаларының базасында (көлемінде) қалыптастырылады.
Емтиханды өткізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібі, оның ішінде ол өткізілетін пәндер тізбесі, нысан (ауызша, жазбаша, сұрақтар, эссе және т.б.) мен өткізу орнын Академия өздігінше жыл сайын айқындайды және бекітеді.
Түсу емтиханының регламенті Түсу емтихандарының бағдарламасы
Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.
Апелляцияға өтініш түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Академияға түсу тәртібі туралы толығырақ Бас Прокурор бекіткен оқуға қабылдау ережелерін оқып білуге болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031809
Оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша шекті балл (100-балдық жүйе) жинаған кандидаттар конкурстық негізде қабылданады.
Шекті балл жыл сайын Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Білім алушыларға соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақының 70%-ы және арнаулы атағы мен сыныптық шені үшін қосымша ақы 100 % төленеді.