Жаңалықтар

«SOS Астана балалар ауылы» тәрбиеленушілерімен кездесу

Академия қызметкерлері нашақорлық мәселесіне арналған «Астана SOS балалар ауылы» тәрбиеленушілерімен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында спикерлер балаларға есірткіні қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны мен ауыр зардаптары туралы еске салды. Қоғамдағы жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тарату және пайдалану үшін заңда көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы айтылды.

No Picture
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігімен, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен және «Тұран» Университетімен бірге студенттер мен магистранттарды Қаржы қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық олимпиадаға іріктеу турына қатысуға шақырады. Толығырақ сайтта: https://buketov.edu.kz/kz/page/faculty/faculty-econ/buh4

Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған дөңгелек үстелдің басты тақырыбына айналды. Кездесуге қатысушылар-Академияның авторлық ұжымдары, Бас прокуратура, облыстық прокуратура, сот, «Атамекен» ҰКП, бизнес-қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан сарапшылары. Форум аясында бизнесті заңсыз араласудан қорғаудың шетелдік тәжірибесі мен үздік әлемдік тәжірибелері зерделенді, заңнама мен құқық қолдану […]

Яндекс.Метрика