Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық және экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеудің өзекті мәселелері бойынша

Академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Қаржы мониторингі агенттігіне және арнайы прокурорларға тергеу жүргізілетін қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу ерекшеліктеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Тренинг бағдарламасы басқару құзыреттерін жетілдіруге, стратегиялық ойлау дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және жағдайды жедел талдауға бағытталған. Бюджет қаражатын ұрлауға, заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға байланысты сыбайлас жемқорлық […]

Жаңалықтар

Экономикалық тергеу қызметі басшының сапары

Академияға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов келді. Ол жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулермен, білім беру бағдарламаларымен, кадрларды даярлау үдерісімен және оқу орнының инфрақұрылымымен танысты. Бұл сапар Академия мен Экономикалық тергеу қызметі арасындағы қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Ведомство басшысы Жанат Элиманов пен жоғарғы оқу орнының ректоры Марат […]

No Picture
Жаңалықтар

Интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру

«Ашық диалог» порталында 2023 жылғы 28 сәуір – 28 мамыр аралығында «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына түсу мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өткізілуде (http://dialog.egov.kz/conference/3248).

Жаңалықтар

Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының түлектерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға 2022 жылғы «Үздік мемлекеттік қызметші» Артур Әлішерұлы Баймаханов қатысып, осы жобаның түлектеріне дәріс оқыды. Өз сөзінде ол өз елінің нағыз патриоттары болуға шақырды. Талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік қабілеттері […]

Жаңалықтар

Американдық серіктестермен кездесу

Бүгін құқық қорғау органдары академиясына АҚШ Мемлекеттік департаментінің INL Бюросының аға бағдарламалық кеңесшісі Джеймс Каллахан және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің есірткіні халықаралық бақылау және құқық қорғау қызметі департаментінің қызметкерлері келді. Қонақтарды қарсы ала отырып, университет ректоры Марат Сексембаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы құқықтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен ғылыми […]

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша

Академияда прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін әлеуметтік желілерде тергеу мәселелері бойынша курстар аяқталды. Оқу іс-шарасы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Әлеуметтік медианы тергеу бойынша кеңес беру – бұл әлеуметтік медиа этикасынан бастап ақпарат жинаудың озық әдістеріне дейінгі көптеген мәселелерді қамтитын кешенді оқу материалы. Әлеуметтік медиа байланыс пен ақпарат алмасудың ажырамас бөлігі және маңызды […]

Жаңалықтар

Қонақ дәрісі

19 сәуір күні «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында Академияда Олжас Серікбайұлы Сүлейменовтің «Елге қызметі – Ұлы ізгілік!» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шараға жоғары оқу орнының магистранттары, докторанттары және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Олжас Сүлейменов – оратор, коучер, қоғам қайраткері, «Qazaqstan team» республикалық жастар бірлестігінің басшысы. Ұлттық құрылтай мүшесі. Дәріскер табысқа жету жолында пайдаланған […]

Жаңалықтар

Республикалық олимпиаданың қорытындысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен «КримЭкс-2023» криминалистика және сот сараптамасы бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Құқық қорғау органдары академиясының командасы құрметті 2-орынға ие болды. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен, оның ішінде мамандандырылған оқу орындарынан 13 жоғары оқу орындарының командасы қатысты. Олимпиада криминалистикалық техниканы, қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу тактикасы мен әдістемесін білуге теориялық және практикалық тапсырмаларды […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін  

Құқық қорғау органдары академиясында профессор, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Асқар Асанханұлы Секишевті еңбек сіңірген демалысына шығарып салуға арналған салтанат өтті. Жоғары оқу орнының ректоры Марат Сексембаев өз сөзінде көпжылдық және мінсіз құқық қорғау қызметі үшін алғысын білдіріп: «Сіздің еңбекқорлығыңыз, кәсібилігіңіз, әрбәр іске жауапкершілікпен қарауыңыз азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерінің заңдылығын және қорғалуын қамтамасыз етуге зор […]

Яндекс.Метрика