Академия докторанттары Астана полициясының цифрлық технологияларымен танысты Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына барып, жедел жағдайды бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қолданылатын цифрлық технологиялармен танысты. Қатысушыларға бейнебақылау жүйесі, полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тетіктері және Орталық қызметінің ұйымдастырылуы таныстырылды. Құқық бұзушылықтарға жедел ден қою, қылмыстардың алдын алу және оларды ашу үшін техникалық құралдарды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жедел басқару орталығына бару докторанттарға полиция қызметінің практикалық қырларын зерделеуге және құқық қорғау саласында цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді.
20 ноября 2026

Жаңалықтар

20.11.2026