Қазақстанның егемендік тарихы Академиядағы дәрістің тақырыбына айналды
Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Қазақстанның егемендікке жету жолына арналған ашық дәріс өтті. Қатысушылар тәуелсіздік алудың алғышарттары мен Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның маңызын талқылады. Дәріске Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Мұхаметжанова шақырылды. Іс-шараға Академияның […]