Магистратура


БЕЙІНДІК

Білім беру бағдарламасы: Құқық қорғау қызметі (7М12301)

Бағдарлама бағытының коды: 7М123 - «Қоғамдық қауіпсіздік»

Оқу мерзімі: 1 жыл

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі академиялық дәрежесі беріледі

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- құқық қорғау органының қазіргі қызметкері;

- жоғары білім;

- құқық қорғау қызметіндегі практикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТАНУ (7М04203)

Бағыт коды - 7М042 «Құқық»

Оқу мерзімі: 2 жыл

Заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- құқық қорғау органының қазіргі қызметкері;

- жоғары білім;

- басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.


ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ (7M12303)

Бағдарлама бағытының коды: 7М123 - «Қоғамдық қауіпсіздік»

Оқу мерзімі: 2 жыл

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі академиялық дәрежесі беріледі

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- құқық қорғау органының қазіргі қызметкері;

- жоғары білім;

- құқық қорғау қызметіндегі практикалық жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.


ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Кезең: 1 сәуір - 25 шілде аралығында

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 (индекс 010078)

Байланыс телефондары: 8-771-162-49-23, 8-701-177-48-38

Сондай-ақ қабылдау «Қадағалау» АЖ және «ЭҚАБЖ» арқылы жүзеге асырылады (құжаттардың түпнұсқаларын түсу емтихандарына дейін ұсыну қажет)

БІРЫҢҒАЙ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
  1. Академия ректорының атына баянат (оқуға кандидаттың тікелей басшысының қолымен).
  2. Цифрлық құжаттар сервисінен жеке басты куәландыратын электрондық құжат.
  3. Жоғары білім туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі.
  4. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда).
  5. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).
  6. Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар (болған жағдайда).
  7. 3х4 алты фотосурет.
  8. 075-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама.
  9. Шет тілі бойынша тестілеуге қатысқаны үшін ақы төлегені туралы түбіртек (осы емтиханды тапсырудан босатылмаған жағдайда).

Құжаттар тізімі Баянат үлгісі

ШЕТ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН

Тілдер: ағылшын, неміс, француз таңдауы бойынша

Емтихандар Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының базасында және олар әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі.

Мерзімі: күнін Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы белгілейді, бірақ мамандық бойынша түсу емтихандарынан кешіктірмей (нақты ақпарат Академия сайтында болады).

Өту балы: 30 балдан кем емес (бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша)

Шет тілінен түсу емтиханын тапсыру үшін өтініш беру бойынша ақпарат

КІМ ЕМТИХАННАН БОСАТЫЛАДЫ

1. Осы халықаралық сертификаттардың бірі бар үміткерлер:

ағылшын тілі:

- TOEFL IBT 60-тан кем емес

- TOEFL PBT 498-ден кем емес

- IELTS Academic 6,0-ден кем емес

неміс тілі:

- DSH, С деңгейі

- TestDaF-Prüfung, С1 деңгейі

француз тілі:

- TFI, оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес

- DELF, B2 деңгейі

- DALF, C1 деңгейі

- TCF 50 балдан кем емес

2. Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға ағылшын тілі бойынша емтихандардан 5 жыл ішінде босатылады.

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЕМТИХАН

Өткізу мерзімі: 10-20 тамыз аралығында

Емтихан сұрақтары және (немесе) тапсырмалар бакалавриаттың білім беру бағдарламалары базасында (көлемінде) қалыптастырылады.

Емтиханды өткізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібі, оның ішінде ол өткізілетін пәндер тізбесі, нысан (ауызша, жазбаша, сұрақтар, эссе және т.б.) мен өткізу орнын Академия өздігінше жыл сайын айқындайды және бекітеді.

Түсу емтиханының регламенті Түсу емтихандарының бағдарламасы

Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Апелляцияға өтініш түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.

Академияға түсу тәртібі туралы толығырақ Бас Прокурор бекіткен Оқуға қабылдау ережелерінен оқып білуге болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031809

ҚАБЫЛДАУ

Оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша шекті балл (100-балдық жүйе) жинаған кандидаттар конкурстық негізде қабылданады.

Шекті балл жыл сайын Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.


Білім алушыларға соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақының 70% - ы және арнаулы атағы мен сыныптық шені үшін қосымша ақы 100 % төленеді.



БАСТАПҚЫҒА