No Picture
Жаңалықтар

Ғылыми семинар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақ КСР прокуроры Өтеген Сейітұлы Сейітовтің 100 жылдығын мерекелеуге арналған «Қылмыстық саясатты дамыту перспективалары» тақырыбында ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистранттар үшін ғылыми семинар өтті. Іс-шара білім алушыларда қылмыстық саясатты дамытудың негізгі тенденцияларын, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын іске асыру практикасын талдау бойынша зерттеу жұмысының […]

Құрметті профессорлар

Асқар Асанханұлы Секишев

Соңғы лауазымы: ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Туған күні: 17.04.1960 Туған жері: ҚазССР; Қарағанды облысы; Саран қаласы Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары: Үйленген Балалары: ұлы бар Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, неміс Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Қарағанды мемлекеттік университеті «Заңгер» біліктілігі АҚШ Әділет департаментінің, Азия және Қиыр Шығыс елдері БҰҰ институтының, Жапонияның Халықаралық […]

No Picture
Жаңалықтар

Пресс-релиз

Академия өкілдері Astana IT University базасында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Жас ғалымдар кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында өтті. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Еламан Айбульдинов, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» қорының бас директоры Мақсат […]

Жаңалықтар

Дағдарыстық жағдайларды тиімді басқару үшін

Академияда прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дағдарыстық жағдайларды басқару мәселелері бойынша біліктілігін арттырудың кезекті курстары аяқталды. Тренинг аясында тыңдаушылар жаппай наразылық немесе террористік акциялар кезінде келіссөздерді тиімді жүргізудің түрлі тәсілдері мен тактикаларын үйренді, агрессивті топты басқару әдістерін игерді. Курстың тақырыптарына жанжалды жағдайлардың мәні, наразылық акцияларының себептері, адамдар көп жиналатын жерлерде көпшілік […]

Жаңалықтар

БҰҰ ЕҚБ аймақтық өкілінің Академияға сапары

Құқық қорғау органдары академиясына БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік өкілі Ашита Миттал келді. Кездесу Орталық Азиядағы киберқылмысқа және криптовалютамен байланысты кірістерді жылыстатуға қарсы күрес бойынша оқыту алаңына айналатын оқу киберполигонының базасында өтті. Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Жоғары оқу орнының […]

No Picture
Жаңалықтар

Қызмет етемін!

Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы бейнесюжет «Хабар 24» телеарнасының «Қызмет етемін» бағдарламасында жарық көрді. Онда оқыту процесі қалай жүреді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің магистратура мен докторантураға түсу тәртібі туралы айтылады. Толық репортаж келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://youtu.be/U4iZ-ITHdLY   Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі  

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

2023 жылғы 19 сәуірдегі сағат 10.00-да Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында (Қосшы қаласы, кіші мәжіліс залы) Аттестациялық комиссия отырысы (аттестаттауға жататын қызметкерлермен әңгімелесу өткізу) өтеді.   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кадрларды дамыту басқармасы

No Picture
Жаңалықтар

Ғылым қызметкерлерінің күні!

  Қазақстанда 12 сәуірде ғылым қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған. Бұл күні Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адам – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, шабыт пен шығармашылық тілейміз!   Құқық қорғау органдары академиясы

No Picture
Жаңалықтар

Хабарландыру

Еуропа Кеңесінің «Орталық Азиядағы HELP» жобасын іске асыру шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттары (азаптауға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, дербес деректерді қорғау және т.б.) бойынша оқу модульдері қалыптастырылды. Біліктілігін арттырғысы келетін құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз бетінше немесе тәлімгермен онлайн-режимде оқыту курсынан өте алады. Табысты оқытылған қызметкер HELP сертификатын алады және тиісті салада сарапшы ретінде […]

Яндекс.Метрика