Жаңалықтар

БҰҰ ЕҚБ аймақтық өкілінің Академияға сапары

Құқық қорғау органдары академиясына БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік өкілі Ашита Миттал келді. Кездесу Орталық Азиядағы киберқылмысқа және криптовалютамен байланысты кірістерді жылыстатуға қарсы күрес бойынша оқыту алаңына айналатын оқу киберполигонының базасында өтті. Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Жоғары оқу орнының […]

No Picture
Жаңалықтар

Қызмет етемін!

Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы бейнесюжет «Хабар 24» телеарнасының «Қызмет етемін» бағдарламасында жарық көрді. Онда оқыту процесі қалай жүреді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің магистратура мен докторантураға түсу тәртібі туралы айтылады. Толық репортаж келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://youtu.be/U4iZ-ITHdLY   Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі  

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

2023 жылғы 19 сәуірдегі сағат 10.00-да Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында (Қосшы қаласы, кіші мәжіліс залы) Аттестациялық комиссия отырысы (аттестаттауға жататын қызметкерлермен әңгімелесу өткізу) өтеді.   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кадрларды дамыту басқармасы

Яндекс.Метрика