Табиғатты қорғау қызметінің өзекті мәселелері талқыланды
Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген ведомствоаралық ғылыми зерттеу аясында «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілеріне қол сұғуға қарсы іс-қимыл» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың отандық және шетелдік сарапшылары, ғылыми және білім беру мекемелерінің, сондай-ақ қызметі табиғатты қорғауды қамтамасыз етумен байланысты үкіметтік емес […]