Жаңалықтар

Өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстандағы Француз Республикасының Елшілігінің қолдауымен Францияның сот органдары мен ENM ұлттық сот төрелігі мектебінің өкілдерімен жоғары оқу орны басшылығының кездесуі өтті.​ Қонақтарды қарсы алып, Академия проректоры Гүлнар Шушикова ЖОО қызметінің негізгі бағыттары, ғылыми-білім беру қызметінің нәтижелері, одан әрі даму перспективалары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ француз әріптестеріне оқу орнының қалыптасуының стратегиялық міндеттерін […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры жаңадан қабылданған магистранттар мен докторанттармен кездесті

2-қыркүйектен бастап, 2019 жылы оқуға түскен магистранттар мен докторанттар үшін апта бойы мамандыққа кіріспе бойынша біршама іс-шаралар жүргізілген. Қайтадан қабылданған білім алушылар Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты кафедраларының қызметіндегі негізгі бағыттарымен, диссертациялық зерттеулердің тақырыптарын таңдау сұрақтары бойынша ақпаратпен және жеке жұмыс жоспарларын құрумен танысты. Академиямен танысу аясында «Командалық құру» тақырыбындағы тренинг ұйымдастырылды, ғимарат, […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған конференцияға қатысты

Кеше Көкшетау қаласында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – егемендікті, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани-мәдени құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстанның конституциялық жүйесінің негіздерін белгілейтін конституциялық нормалар мен қағидалардың ерекшеліктерін ашу. Конференцияға Конституциялық Кеңестің, Құқық қорғау органдары академиясының, прокуратураның, соттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ғалым-заңгерлер мен тәжірибелік заңгерлер […]

Жаңалықтар

Өзара тиімді ынтымақтастық рухында

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім нәтижелі кәсіби байланыстарды орнатуға, Балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірлескен күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді. Белгіленген мақсаттарды іске асыру және инновациялық академиялық әлеуетті тиімді пайдалану үшін бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шаралары […]

Жаңалықтар

Жаңа бастаған прокурорларға арналған курстар

Прокуратура қызметкерлерінің кезекті арнайы алғашқы оқыту курстары Академияда ашылды. Оқыту жас мамандардың жалпы салалық, жазбаша, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. ​Оқу бағдарламасы құқық қолдану тәжірибесінің қажеттіліктеріне, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жаңартуға байланысты әзірленді. Курстың жеке модульдері жеке даму мәселелеріне арналған, оның аясында тәжірибелі сарапшылар Шешендік шеберлік, көшбасшылық және басқа да жеке қасиеттерді дамыту бойынша […]

Жаңалықтар

Қаржылық қылмыстар және ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша практикалық семинар

Қазақстан Республикасының Бас прокуроратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қаржылық қылмыс және ұрланған активтерді қайтару бойынша семинар аяқталды. Тренингке судьялар, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі және полицияның қызметкерлері қатысты. Ведомствоаралық оқыту форматы біртұтас тәжірибенің жоқтығымен, осы санаттағы қылмыстарды тергеу мен сот талқылауында тәжірибе алмасу қажеттілігімен байланысты. 3 күн ішінде нақты істердің мысалында […]

Жаңалықтар

Қақтығыстарды басқару дағдыларын табысты меңгеру үшін

Құқық қорғау органдары академиясында облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлері үшін «Жанжалдар. Нейролингвистикалық бағдарламалау және оның қолданылуын қадағалау жұмысы» тақырыбында курс аяқталды. Оқыту іс-шарасын өткізудің өзектілігі қазіргі заман талаптарына байланысты, прокурорлар қақтығыстарды басқару дағдыларын жоғары деңгейде меңгеруі, азаматтардың түрлі категорияларымен тиімді коммуникацияларды құру, келіссөздер процесін жүргізе білуі және дағдарыстық жағдайларда сындарлы шешімдер қабылдай білуі тиіс. […]

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

2019 жылғы 3 қыркүйекте сағат 10.00-де Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында (Қосшы ауылы, кіші мәжіліс залы) Аттестациялық комиссиясының отырысы (аттестаттауға жататын қызметкерлермен әңгмелесу жүргізу) өтеді.   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кадрлық дамыту басқармасы

Жаңалықтар

Баспасөз анонсы

2019 жылы 27 тамызда Нұр-сұлтанда«Қаржылық қылмыстар және ұрланған активтерді қайтару» тақырыбында практикалық семинар басталды. Оқуға судьялар, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу және полиция қызметкерлері қатысады. Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен бірлесе отырып, ЕҚЫҰ-ның Нұр-сұлтан қаласындағы кеңсесінің және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, […]

Яндекс.Метрика