Жаңалықтар

Жас мамандар оқудан өтті

Прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жас қызметкерлерінің кезекті тобы Академияда бастапқы кәсіби даярлықты аяқтады. Оқыту жалпы салалық, ақпараттық, жазбаша, коммуникативтік, кәсіби мамандардың маңызды құзыреттілігін дамытуға баса назар аудара отырып өтті. Бір ай бойы тыңдаушылар Шешендік шеберлік пен психология техникасын, іс жүргізу құжаттарымен жұмыс істеу бойынша теориялық және практикалық аспектілерді меңгеріп, атыс және дене шынықтыру […]

Жаңалықтар

Есірткі қылмыстылықпен күресті күшейту үшін

Алматы қаласында есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) жағдайларына ден қою бойынша ұлттық симуляциялық тренинг өз жұмысын бастады. Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ОАӨАҮО, ішкі істер министрлігімен, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен бірлесіп, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің INL бөлімінің, Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің және БҰҰ ЕҚБ қолдауымен ұйымдастырды. Тренинг жұмысына прокуратура, полиция, […]

No Picture
Жаңалықтар

БАҚ ҮШІН АҢДАТПА

Ағымдағы жылдың 9-13 желтоқсанында Алматы қаласында ЦАРИКЦ базасында есірткі қылмыстылықтан алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) жағдайларына ведомствоаралық ден қою бойынша симуляциялық тренинг өтеді. Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы ЦАРИКЦ, ІІМ және ҚМК-мен бірлесіп, ҚР АҚШ Елшілігінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің және БҰҰ ЕҚБ қолдауымен өткізеді. Тренингтің қатысушылары – прокуратура, ІІМ, ҚМК және ЦАРИКЦ өкілдері, Ресей, Беларусь, […]

No Picture
Жаңалықтар

Экономикалық тергеулер саласындағы мамандар оқытудан өтуде

Академияда Экономикалық тергеу саласындағы мамандар үшін біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Оқыту қажеттілігі қылмыстық заңнамадағы жаңашылдықтармен байланысты, осыған сәйкес маманның қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізудегі дәлелдемелердің бірі деп танылды. Тренинг бағдарламасы ЭТҚ орталық аппаратымен бірлесіп әзірленді. Оқыту экономикалық және тауартану зерттеулерін жүргізу саласында кәсіби білім мен арнайы дағдыларды жетілдіруге, осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған. Курс […]

Жаңалықтар

Әріптестік қарым-қатынас нығайтылуда

Құқық қорғау органдары академиясы мен Мемлекеттік күзет қызметі арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Өзара іс-қимылдың басты бағыттары құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру болып белгіленді. Келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, тараптар өзара іс-қимыл саласын дамыту мен кеңейтуге, белгіленген […]

No Picture
Жаңалықтар

Әкімшілік атқарушылық іс жүргізу саласындағы қадағалау сапасын арттыру үшін

Әкімшілік және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлардың біліктілігін арттыру курстары аяқталды. Бір апта ішінде тыңдаушылар әкімшілік заңнаманы қолдану және осы санаттағы істерді қарау ерекшеліктерін, атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру мәселелерін зерделеді. Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіру үшін тиімді коммуникация мен шешендік шеберлік бойынша тренингтерге қатысты. Қадағалау қызметінде қолданылатын құқықтық статистика […]

Жаңалықтар

Компьютерлік технологиялар саласындағы мамандар білім алуда

Академияда Экономикалық тергеу қызметінің компьютерлік технологиялар саласындағы мамандар үшін біліктілікті арттырудың апталық курстары аяқталды. Оқытудың өзектілігі қазіргі әлемдегі компьютерлік технологиялар рөлінің өсуімен және соның салдарынан – осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Жаңа қылмыстық заңнама бойынша маманның қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізудегі дәлелдемелердің бірі деп танылды. Орталық аппаратпен бірге компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізу саласында кәсіби […]

No Picture
Жаңалықтар

Хабарландыру

2019 жылғы 25 қарашада сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында (Қосшы ауылы, кіші мәжіліс залы) Аттестациялық комиссия отырысы (аттестаттауға жататын қызметкерлермен әңгімелесу өткізу) өтеді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кадрлық дамыту басқармасы

Жаңалықтар

ТМД елдерінің мамандарына арналған қаржылық қылмыстарды тергеу саласындағы тренинг

Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл» атты ТМД елдерінің фискалдық органдары үшінұйымдастырған халықаралық семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Оқыту іс – шарасы Академия алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық (қаржы) органдары үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша базалық білім беру мекемесі мәртебесі шеңберінде өткізіледі. Оның […]

Яндекс.Метрика