Жаңалықтар

Бизнесті қорғаудың өзекті мәселелері туралы

Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Атамекен» ҰКП тапсырысы бойынша «Кәсіпкерлердің құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейтудің өзекті мәселелері» атты ғылыми талдау жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша бизнесті қорғауды күшейту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды, заңнамалық түзетулер дайындалды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру бойынша қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылатын Қылмыстық кодекстің жеке тарауын […]

Жаңалықтар

Өзекті мәселелері талқыланды

Құқық қорғау органдары академиясында проректор Маралбек Ешімов БҰҰ ЕҚБ-ның Заңсыз кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Александр Водянмен кездесті. Әңгімелесу барысында ұлттық ІТ-академиясы базасында кәсіби аккредиттеу жүйесін құру және сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарды дамыту жөніндегі пилоттық жоба шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. […]

No Picture
Жаңалықтар

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы  Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Құқық қорғау органдары академиясы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасын әзірледі. Бұйрық жобасы мәтінімен https://legalacts.egov.kz ашық […]

Ғылыми кеңес

Академия Ғылыми кеңесінің отырысы

2020 жылдың 18 мамырда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың бірінші бөлігі құттықтау іс-шараларына арналды. Академия профессоры, 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Асқар Асанханұлы Секішевті 60 жасқа толған мерейтоймен құттықтады. Академия Ректоры доцент – Ж.С. Сейтаеваға; бас ғылыми қызметкер – Н.К. Иманғалиевқа; доцент – Р.А. Медиевке қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру туралы аттестаттарын тапсырды. […]

No Picture
Жаңалықтар

Алғашқы ғылыми атақтар

Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлеріне алғаш рет Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Олар Кәсіби деңгейді арттыру институтының доценттері Жанат Сейтаева мен Ренат Медиев, сондай-ақ Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұртай Иманғалиев. Бұл жас ғалымдардың отандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан […]

Жаңалықтар

Жеке өмірді қорғаудың маңызды аспектілері туралы

Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Жеке өмірге қол сұғылмаушылық» монографиясын дайындады. Авторлар атап өткендей, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы – Конституциямен кепілдік берілген іргелі құқықтардың бірі. Сонымен қатар, оны іске асыру әртүрлі дауларды тудырады, құқық қолдану тәжірибесінде осы құқықтың мазмұнын түсіндіруде қиындықтар туындайды. Бұл, ең алдымен, «жеке өмір» терминінің көп аспектілігімен байланысты. Қазақстанның […]

Жаңалықтар

АҚШ Елшілігінің өкілімен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қатысты. Америкалық делегацияны АҚШ Елшілігі жанындағы дипломатиялық қауіпсіздік қызметінің өкілі Ричард Хейс басқарды. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен АҚШ-тың халықаралық қауіпсіздігін нығайтуды, қазіргі әлемдегі қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріндегі құқықтық ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар […]

No Picture
Жаңалықтар

Азаматтардың еңбек құқықтарының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу

Академияның ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Мемлекеттік емес секторда Қазақстан Республикасында азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру мәселелері» атты ғылыми зерттеу жүргізуге кірісті. Соңғы жылдары елде болған наразылық көңіл-күйдің себептері мен жағдайларын талдау көптеген жағдайларда жұмыс берушілер тарапынан азаматтардың еңбек құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы негізгі себептер болып табылатынын көрсетті. Адамдар жалақыны уақтылы төлемеуіне, еңбекақы төлеу […]

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері біліктілігін арттыруда

Академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары басталды. Оқыту басшының кәсіби және жеке қасиеттерін, ұжымды тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарындағы қызметті ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері зерделенетін болады. Бағдарламада басқарушылық қызметтегі аналитикалық жұмыстың негіздері, жетекшінің көшбасшылық және жеке қасиеттері, коммуникация және шешендік шеберлік, қақтығыстарды […]

Яндекс.Метрика