No Picture
Жаңалықтар

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтаудағы прокурорлық қадағалау проблемалары туралы  

  Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелдің басты тақырыбы мемлекеттік емес сектордағы азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері болды. Оған отандық және шетелдік ғалымдар, Бас прокуратураның және облыстардың прокуратураларының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, еңбек инспекциясы жөніндегі аумақтық кеңселердің өкілдері қатысты. Форумда Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеу нәтижелері талқыланды. […]

Жаңалықтар

Азаптауларға тиімді қарсы тұру үшін

Құқық қорғау органдары академиясында азаптауларды тергеу және құжаттау мәселелеріне арналған онлайн-семинар өтті. Оқыту іс-шарасы Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылған құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған тренингтер сериясында аяқталды. Прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері, сот сарапшылары, сондай-ақ Ақтөбе және Алматы облыстарының адвокаттары біліктілігін арттырудан өтті. Тренинг барысында азаптауларды құжаттаудың, сотталғандарға […]

Жаңалықтар

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау проблемалары туралы

Құқық қорғау органдары академиясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын іске асыру аясында іске асырылды және Академияның жас ғалымдар кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ […]

Жаңалықтар

Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздік кепілдіктерін күшейту жөніндегі шаралар туралы

Құқық қорғау органдары академиясы қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел зерттеу жүргізді. Жыл сайын мыңдаған адам жәбірленуші және куәгер ретінде әрекет етеді. Қылмыстың құрбаны немесе куәгері болған олардың көпшілігі қылмыскерлердің кек алуынан немесе мемлекеттік қорғаудың тиімділігіне сенбестен құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Ғылыми талдау нәтижелері бойынша азаматтарды толыққанды қорғауға, залалды өтеудің және […]

Жаңалықтар

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы

«Қылмыстық қызметтен түсетін кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» вебинары аяқталды. Іс-шара Германияның IRZ халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры мен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ТМД елдерінің қаржылық тергеу органдарының қызметкерлерін оқыту бойынша базалық білім беру мекемесі ретіндегі Академия мәртебесі шеңберінде ұйымдастырылды. Оның жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан […]

Жаңалықтар

Халықаралық байқаудағы жеңіс

Халықаралық «Ғылыми кітап» байқауында Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Қалиолла Сейтенов пен профессор Светлана Бычкованың «Сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік негіздері» оқулығы жеңімпаз атанды. Байқауды Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясы ұйымдастырды. Байқауға Ресейдің білім беру мекемелері, сондай-ақ Достастық елдерінің ведомстволық оқу орындары ғалымдарының еңбектері ұсынылды. Академия кітабында сот сараптамасын тағайындау және жүргізу мәселелері туралы […]

Жаңалықтар

Халықаралық байқауда күміс

Мәскеуде аяқталған Халықаралық «Ғылыми кітап» байқауының қорытындысы бойынша «Конституциялық құқық» номинациясында екінші орынды Құқық қорғау органдары академиясының авторлық ұжымының «Жеке өмірге қол сұқпаушылық» тақырыбындағы монографиясы жеңіп алды. Бұл Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясы ұйымдастырған үшінші байқау. Биылғы жылы байқауға 50 ғылыми және білім беру ұйымдарынан 147 жұмыс ұсынылды. Әрбір байқау жұмысы екі рет рецензиялаудан өтті. […]

Жаңалықтар

Өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары туралы

А.ж. 12 қарашада Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов БҰҰ-ның Қазақстандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Навид Рияз және Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Рустам Мирализодамен кездесті. Академия басшысы шетелдік әріптестерін құттықтай отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайту, заманауи әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы күрес […]

No Picture
Жаңалықтар

Видеокурстар-уақытпен қатар жүруде

Құқық қорғау органдары академиясы Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб базасында «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл» және «Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және ұрланған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл» атты әмбебап оқыту бейне курстарын жасауға кірісті. Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігі, ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ Бағдарламалар кеңсесі қолдады. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері […]

Яндекс.Метрика