Жаңалықтар

«Ғылыми кітап» халықаралық байқауында 1-орын.

Академия Ресей Федерациясының жетекші заң жоғары оқу орындарымен сындарлы ынтымақтастық орнатқан. Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясы ұйымдастырған «Ғылыми кітап» байқауына біздің ғалымдарымыздың қатысуы дәстүрге айналды. Бұл ЖОО Ресей ІІМ жүйесінің бас ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ТМД елдері-мемлекеттерінің базалық ұйымы болып табылады. 2021 жылы бұл байқауда Беларусь, […]

No Picture
Жаңалықтар

Прокуратура органдарына және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды. Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет […]

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

2022 жылғы 9 ақпанда сағат 10.00-да Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында (Қосшы қаласы, кіші мәжіліс залы) Аттестациялық комиссия отырысы (аттестаттауға жататын қызметкерлермен әңгімелесу өткізу) өтеді.   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кадрлық дамыту басқармасы

No Picture
Жаңалықтар

Прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігіне алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдануға үміткерлер үшін ХАБАРЛАНДЫРУ

2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында ведомствоаралық қабылдау комиссиясының отырысы өтті. 1.Ведомствоаралық комиссия үміткерлердің қабылдау емтихандарындағы қорытынды бағаларын, жеке істерін және полиграфологиялық зерттеулердің деректерін зерделеу нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының кадрлары мәлімделген қажеттілікке сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге мынадай үміткерлерді ұсынды: – прокуратура органдарына 84,54 және одан […]

Жаңалықтар

Киберқылмыстағы қарама-қайшылығықтың өзекті мәселелері бойынша

Интернет желісін пайдалана отырып жасалған қылмыстарға қарсы іс-қимыл тәжірибесімен алмасу шеңберінде халықаралық семинар өтті. Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы Ресей Федерациясының прокуратура университетімен бірлесіп, прокурорлар, арнайы прокурорлар, киберқылмыс және есірткі саудасы туралы істер бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының тергеушілері үшін ұйымдастырды. Тыңдаушылар есірткі қылмыстарын, интернет-алаяқтықты, терроризм мен экстремизмді, сондай-ақ криптовалюталарды пайдалану арқылы […]

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктемеге презентация

Бүгін Академияда «Жоғары қонақ» жобасы аясында заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Астана» Халықаралық университетінің Қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу мәселелерін зерттеу институтының директоры Исидор Борчашвилидің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме: жалпы және Ерекше бөлім» презентациясы өтті. Іс-шараға Академияның магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Презентация барысында И.Ш. Борчашвили түсініктемеде көрініс тапқан қылмыстық заңнаманың және оны […]

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

2021 жылғы 23 желтоқсанда сағат 15.00-да Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында (Қосшы қаласы, кіші мәжіліс залы) Аттестациялық комиссия отырысы (аттестаттауға жататын қызметкерлермен әңгімелесу өткізу) өтеді.   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кадрлық дамыту басқармасы

Жаңалықтар

Еңбекті пайдалануға байланысты қылмыстық істерді тергеу проблемалары бойынша тренинг

Алматы облысының прокурорлары еңбек қанауына байланысты қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша екі күндік тренингтен өтті. Оқыту іс-шарасы барысында адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері талқыланды. Адам саудасының құрбандарын анықтау және сәйкестендіру, кінәлі адамдарды қылмыстық қудалау саласындағы олқылықтар талданды. Тыңдаушылар еңбек эксплуатациясына, осы санаттағы істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдауға байланысты қылмыстық істерді тергеу әдістемесімен танысты. […]

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Құқық қорғау органдары академиясының жоғары және жоғары арнаулы оқу орындарының докторанттары мен магистранттары арасында ұйымдастырған «Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына 30 жыл: құқықтық аспектілер» атты ғылыми мақалалар байқауы аяқталды. Конкурс өзекті ғылыми мәселелерді шешу үшін жас ғалымдардың әлеуетін тартуға және пайдалануға, оларды шығармашылық және тиімді ғылыми жұмысқа ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми жарияланымдар мен зерттеулердің сапалық деңгейін арттыруға […]

Яндекс.Метрика