Жаңалықтар

Прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіне алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданған үміткерлер үшін ХАБАРЛАНДЫРУ

2022 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында ведомствоаралық қабылдау комиссиясының отырысы өтті. 1.Ведомствоаралық комиссия үміткерлердің қабылдау емтихандарындағы қорытынды бағаларын, жеке істерін және полиграфологиялық зерттеулердің деректерін зерделеу нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының кадрлары мәлімделген қажеттілікке сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге мынадай үміткерлерді ұсынды: – прокуратура органдарына 80,22 және одан […]

No Picture
Жаңалықтар

Cотқа дейінгі тергеп тексеруді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық жобасы туралы

19.12.2022 жылғы электрондық үкімет порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасы жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14352696). Бұйрық жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген. Жаңа Нұсқаулықтың жобасында келесі новеллалар қарастырылған: – азаптау туралы істерді тергеуді регламенттеу; – азаптау туралы істер бойынша өзге де бөлімшелердің (арнайы прокурорлардан […]

No Picture
Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының бұйрық жобасы

15.12.2022 жылы электрондық үкімет порталында «Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының бұйрық жобасы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14346319) жарияланды. Бұйрық жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген.

Жаңалықтар

Ғылыми мақалалар байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясында «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» тақырыбында ғылыми мақалалар байқауы өткізілді. Бауқауға ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша білім алатын докторанттар мен магистранттардың 14 мақаласы қатысты. Іс-шара білім алушылардың елдің өзекті ғылыми мәселелерін шешудегі әлеуетін ашуға, оларды шығармашылық және тиімді зерттеу жұмысына ынталандыруға, жарияланымдардың сапасын арттыруға бағытталған. […]

Жаңалықтар

Прокурорлар мен судьяларды тиімді даярлау үшін түркі мемлекеттерінің бірігуі

Құқық қорғау органдары академиясы жаңа білім беру қоғамдастығының – сот-құқықтық дайындықтың түркі желісінің қатысушысы болды. Бүгін Стамбулда оны құру туралы Меморандумға кірген барлық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қол қойды. Олардың ішінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрияда прокурорлар мен судьяларды даярлауды жүзеге асыратын 11 мекеме бар (соңғысы – бақылаушы ретінде). Қол жеткізілген келісімдер қатысушыларға […]

No Picture
Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлық жобасы

12.12.2022 жылы электрондық үкімет порталында «Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлық жобасы жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14338071). ҚР Президентінің Жарлық жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген.

No Picture
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақөылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларының жобасы жарияланды

12.12.2022 жылы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақөылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы электронды үкімет порталында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14095948). Аталған НҚА жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 22) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл қағидалар жобасы прокуратура органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақөылар мен басқа да […]

Жаңалықтар

Волейболдан ведомствоаралық турнир

Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясында ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік және Прокуратура органдары күнін мерекелеуге арналған волейболдан ведомствоаралық турнир өткізілді. Қатысқан командалардың құрамына Құқық қорғау органдары, Сот төрелігі, Мемлекеттік басқару академияларының, Жоғарғы Сот Аппаратының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметкерлері мен білім алушылары кірді. Міндетті шарттардың бірі әйел ойыншылардың […]

No Picture
Жаңалықтар

Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес туралы

Академияда прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар аяқталды. Оқу бағдарламасы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне арналған: қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, тергеудің заманауи әдістері, террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Нақты кейстер мысалында қатысушылар осы саладағы әрбір мемлекеттік органның функциялары мен мүмкіндіктерін зерттеді. Қаржыландырудың нысандары мен […]

Яндекс.Метрика