Жаңалықтар

Ішкі және трансұлттық терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша семинар

Ішкі және трансұлттық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері Құқық қорғау органдары академиясының АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Өңірлік қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған семинардың басты тақырыбы болды. Оқытудан прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өтті. Семинарға қатысушылар тергеу іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарымен, терроризмге қарсы жұмыстың халықаралық тәжірибесімен және туындайтын қауіптердің алдын алу тәжірибесімен танысты. Спикерлердің презентациялары радикалды […]

Жаңалықтар

Ұрланған активтерді қайтару бойынша халықаралық тәжірибе алмасу

Елордада прокуратура мен экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне қаржылық тергеу жүргізудің және ұрланған активтерді шетелден қайтарудың өзекті мәселелеріне арналған семинар-тренинг өз жұмысын аяқтады. Тренингтің мақсаты – Мемлекет басшысының шетелден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару бойынша қойған міндеттері аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Іс-шараны БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі өңірлік басқармасының қолдауымен Құқық […]

No Picture
Жаңалықтар

Ө.C. Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Сейітов ізбасары» атты жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасындағы байқау регламенті

1.Негізгі ережелер 1. Осы «Сейітов ізбасары» атты Жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасындағы байқау (бұдан әрі – Байқау) регламенті (бұдан әрі – Регламент) байқауға қатысушыларға қойылатын талаптарды, оларды ұсыну тәртібін, іріктеу және бағалау өлшемшарттарын, өткізу мерзімдерін айқындайды. 2. Байқау Өтеген Сейітұлы Сейітовтің туғанына 100 жылдық мерейтойын мерекелеу іс-шараларын ұйымдастыру жоспары шеңберінде өткізіледі. 3. Байқау […]

No Picture
Жаңалықтар

Құқық қорғау органдарына қызметке іріктеу

«Прокурор немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкері болу жолы» бейнесюжеті «Хабар 24» телеарнасының «Честь имею» бағдарламасында жарық көрді. Онда азаматтардың кейіннен прокуратура органдарына, экономикалық тергеу қызметіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу үшін Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібі туралы айтылады. Толық репортаж келесі сілтеме арқылы қол жетімді.   Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз […]

Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні

Құқық қорғау органдары академиясы барлық әйелдерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтайды! Көктем мен сұлулық мерекесінде Сіздерге және Сіздің жақындарыңызға барлық жақсылықты, мықты денсаулық, үлкен махаббат, өркендеу, үйдегі жайлылық пен барлық бастамаларға сәттілік тілейміз. Әрқашан сүйкімді және бақытты болыңыздар.  Әрқайсыңыздың жүрегіңізде әрқашан көктем гүлдей берсін!   Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі 

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) Ө.C. Сейітовтің туғанына 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге орай «Сейітов ізбасары» атты байқау (бұдан әрі – Байқау) өткізеді. Байқаудың мақсаты – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагері, 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі Өтеген Сейітовтің өнегесі мен тәлімін болашақ заңгерлерге […]

No Picture
Жаңалықтар

Халықаралық семинар

Джордж С. Маршалл атындағы қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталық «Дәстүрлі емес соғыстар және гибридтік қатерлер» (Seminar in Irregular Warfare and Hybrid Threats – SIWHT) тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырды. Іс-шара Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өтті. Оның жұмысына қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау жүйесі салаларында жұмыс істейтін әлемнің 50-ден астам елінің өкілдері, оның ішінде құқық қорғау […]

Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың кейбір мәселелері туралы

«ODARA» тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы тәуекелдерді бағалау құралын шетелдік сарапшылар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырған «Әріптестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы» халықаралық форумында таныстырды. Оған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың, Құқық қорғау органдары академиясының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. «ODARA» Германияда кеңінен қолданылады […]

Жаңалықтар

ҮЗДІК МОНОГРАФИЯ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында отандық және шетелдік ғалымдар қатысқан «Үздік баспа басылымы» халықаралық ғылыми байқауы аяқталды. «Үздік монография» номинациясы бойынша 1-орынды Құқық қорғау органдары академиясының оқытушысы, PhD докторы Артур Баймаханов дайындаған «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды тергеп-тексерудің және алдын алудың ұйымдық-құқықтық аспектілері» атты жұмысы жеңіп […]

Яндекс.Метрика