Жаңалықтар

Академияның ғылыми зерттеу қорытындыларының тұсаукесері

Бас прокуратурада «Азаптауға қарсы іс-қимыл: осы санаттағы қылмыстардың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері» ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары А.К. Чиндалиев, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің және Құқық қорғау органдары академиясының басшылары қатысты. Зерттеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің тапсырысы бойынша жүргізілді. Зерттеудің авторлық ұжымы азаптауға қарсы іс-қимыл […]

Жаңалықтар

Академиясы мен БҰҰ-ның ЕҚБ параллельді қаржылық тергеу бойынша тренинг өткізді

2024 жылғы 21-23 ақпан аралығында Құқық қорғау органдары академиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) бойынша ұлттық жаттықтырушыларға арналған практикалық тренинг ұйымдастырды. Тренинг Radisson Hotel Astana қонақ үйінде өтті және оған Қазақстанның құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының өкілдері қатысты. Тренингтің мақсаты […]

Жаңалықтар

ТИКА түрік агенттігі Академиямен ынтымақтастықты дамытуды қолдайды

Құқық қорғау органдары академиясы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) басшысы Хусейн Хикмет Өзденоғлу басқаратын Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің делегациясын қарсы алды. Академия ректоры Марат Сексембаев қонақтарға кәсіптік оқыту мен жоғары оқу орнынан кейінгі білімге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты оқу орны қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды. Қазақстан мен Түркия арасындағы түрлі салалардағы, соның ішінде білім беру саласындағы […]

Жаңалықтар

Академияның «Виртуалды активтер және қылмысқа қарсы күрес» атты халықаралық конференциясы

2024 жылдың 19-20 ақпаны аралығында Құқық қорғау органдары академиясы АҚШ пен Литва Республикасының Елшіліктерінің қолдауымен БҰҰ ЕҚБ-мен бірлесіп халықаралық конференция ұйымдастырды. «Виртуалды активтер: қылмыстық активтерді қайтару, алаяқтық тәуекелдері, қаржы пирамидалары, онлайн есірткі саудасы» деп аталатын іс-шара виртуалды активтер саласындағы өзекті мәселелерді және олардың заңсыз әрекеттерге әсерін талқылау үшін Ұлыбритания, Украина, Грузия, Румыния және Литваның негізгі […]

No Picture
Жаңалықтар

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефоны: 8701-241-98-49, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды. Жалпы біліктілік талаптары: С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті […]

Жаңалықтар

Кезекті тренинг шеңберінде облыстық прокуратуралардың өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды және басқа да заманауи дағдыларды үйренді

Бас прокуратура Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен прокуратура органдарының қызметкерлері үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша үш күндік курстар өткізді. Аталған іс-шараға облыстық прокуратуралардың баспасөз хатшылары, аппарат басшылары, сондай-ақ Бас прокуратураның өкілдері қатысты. Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары Б.Б. Жүнісбеков, Академия проректоры М.А. Ешимов, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі өлшем […]

Жаңалықтар

Академия жаппай тәртіпсіздіктер туралы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды

Бас прокуратурада Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің тапсырысы бойынша Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары А.К. Чиндалиев, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің өкілдері қатысты. Зерттеу, жаппай тәртіпсіздіктердің деңгейі мен тергеу ерекшеліктерін анықтады. Презентация барысында қатысушыларға қолданыстағы […]

Жаңалықтар

Академия Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдерін қабылдады

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясына Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық Бас басқармасының бастығы Михаил Виноградовтың басшылығымен Ресейдің Бас прокуратурасы делегациясының сапары өтті. Академия ректоры Марат Сексембаев қонақтарды кәсіптік оқыту, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми-зерттеу жұмысы бағдарламалары бойынша Академия қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сапар барысында Академияның профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен кездесулер өтті. Тараптар прокуратура органдары үшін […]

Жаңалықтар

Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында ұлттық жаттықтырушыларды даярлау бойынша тренингтің кезекті кезеңі

Шымкентте адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлаудың кезекті кезеңі аяқталды. Іс-шараны құқық қорғау органдары академиясы АҚШ-тың Астанадағы INL Елшілігінің қолдауымен Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ) бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге қатысушылар – сот жүйесінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және прокуратура органдарының ведомстволық білім беру мекемелерінің атынан қатысатын болашақ жаттықтырушылар. Бағдарлама Адам саудасы механизмінің сипаттамаларын, қылмыс құрамының […]

Яндекс.Метрика