Жаңалықтар

Халықаралық байқаудағы жеңіс

Халықаралық «Ғылыми кітап» байқауында Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Қалиолла Сейтенов пен профессор Светлана Бычкованың «Сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік негіздері» оқулығы жеңімпаз атанды. Байқауды Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясы ұйымдастырды. Байқауға Ресейдің білім беру мекемелері, сондай-ақ Достастық елдерінің ведомстволық оқу орындары ғалымдарының еңбектері ұсынылды. Академия кітабында сот сараптамасын тағайындау және жүргізу мәселелері туралы […]

Жаңалықтар

Халықаралық байқауда күміс

Мәскеуде аяқталған Халықаралық «Ғылыми кітап» байқауының қорытындысы бойынша «Конституциялық құқық» номинациясында екінші орынды Құқық қорғау органдары академиясының авторлық ұжымының «Жеке өмірге қол сұқпаушылық» тақырыбындағы монографиясы жеңіп алды. Бұл Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясы ұйымдастырған үшінші байқау. Биылғы жылы байқауға 50 ғылыми және білім беру ұйымдарынан 147 жұмыс ұсынылды. Әрбір байқау жұмысы екі рет рецензиялаудан өтті. […]

Жаңалықтар

Өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары туралы

А.ж. 12 қарашада Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов БҰҰ-ның Қазақстандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Навид Рияз және Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Рустам Мирализодамен кездесті. Академия басшысы шетелдік әріптестерін құттықтай отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайту, заманауи әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы күрес […]

No Picture
Жаңалықтар

Видеокурстар-уақытпен қатар жүруде

Құқық қорғау органдары академиясы Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб базасында «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл» және «Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және ұрланған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл» атты әмбебап оқыту бейне курстарын жасауға кірісті. Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігі, ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ Бағдарламалар кеңсесі қолдады. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері […]

Жаңалықтар

Көрнекті ғалыммен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары көрнекті қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамовпен кездесті. ​Кездесу докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметі, диссертациялық зерттеулердің бағыты мен тақырыбын таңдау мәселелеріне арналды. Дәріскердің сөзі жиналғандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Профессор әрбір тыңдаушыға өзі таңдаған ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігіне қатысты кеңес берді, пайдалы практикалық ұсыныстар мен кеңестер берді, сұрақтарға жауап берді. Соңында […]

Жаңалықтар

Әріптестік қарым-қатынасты нығайтуда

2020 жылғы 5 қарашада Құқық қорғау органдары академиясы мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес тараптар ғылыми-білім беру қызметі саласында өнімді кәсіби байланыстарды жолға қоюға ниетті. Атап айтқанда, адвокаттардың біліктілігін арттыру, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары бойынша бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу, сондай-ақ жалпы ақпараттық-коммуникациялық ортаны дамыту шеңберінде ынтымақтастық жолға қойылатын […]

No Picture
Жаңалықтар

Еңбекті пайдалануға байланысты істерді анықтау және тергеу мәселелері бойынша вебинарлар

Құқық қорғау органдары академиясы Жоғарғы Сотпен, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, ҚР ІІМ Қарағанды академиясымен бірлесіп, АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің қолдауымен «Қазақстандағы адам саудасы: еңбекпен пайдалануға байланысты істерді анықтаудың, тергеудің және соттарда қараудың қиындықтары» тақырыбында вебинарлар сериясын ұйымдастырды. Оқу іс-шаралары Астана, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. […]

Жаңалықтар

Өтеген Сейітовты еске алуға арналған Криминологиялық форум отырысы

2020 жылғы 6 қарашада Құқық қорғау органдары академиясында көрнекті мемлекет қайраткері Өтеген Сейітовты еске алуға арналған Криминологиялық форумның отырысы онлайн форматта өтті. Күн тәртібін талқылауға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент Әкімшілігінің, БҰҰ Орталық Азия бойынша ЕҚБ, Жоғарғы соттың, құқық қорғау және арнайы органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Ресей, Украина, Өзбекістан, […]

Жаңалықтар

Сенім және өзара түсіністік қағидаттарындағы әріптестік

2020 жылғы 5 қарашада Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери институтымен білім беру және ғылыми-зерттеу шеңберінде ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар екі білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті тереңдету мен кеңейтуге мүдделілік білдірді. Қол жеткізілген келісім шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін […]

Яндекс.Метрика