Институт құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруды жүзеге асырады.

Институт:

1) Кәсіби деңгейді арттыруды ұйымдастыру басқармасынан, оның ішіде Академияның өңірлердегі Өкілдіктерінен;

2) Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық оқыту кафедрасынан;

3) Прокурорлық қызмет және тілдерді дамыту кафедрасынан;

4) Жедел-тергеу қызметі кафедрасынан тұрады.

Академия құрылған күннен бастап 5361 қызметкер кәсіби деңгейін арттырды, олардың ішінде 3800 прокуратура органдарының, 225 – ішкі істер органдарының, 886 – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, 600 – экономикалық тергеу қызметінің, 65 – ҚСжАЕАК қызметкерлері.

Білім беру қызметінің маңызды бағыты — құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервте тұрған қызметкерлерін даярлау.

Бұл білім беру жобасы жаңа заманның басшыларын – көшбасшылар мен заманауи менеджерлерді дайындау бойынша Мемлекет басшысы қойған міндетті орындауға орай жүзеге асырылып отыр.

Оқу процесі төрт модульден тұрады: «Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары», «Жаппай наразылық және террористік акциялар кезінде келіссөздер жүргізу тактикасы», «Басқарушылық қызметтегі аналитикалық жұмыстың негіздері» және «Көшбасшылық пен басшының жеке тиімділігі».

Оқуды жоғары деңгейде өткізу үшін, сабақтарға беделді ғалымдар мен практиктер, сонымен қатар шетелдік сарапшыар (АҚШ, Ұлыбритания мен Сингапур) мен мемлекеттік органдардың басшылық құрамының өкілдері қатысты.

Бүгінде оқудан 74 қызметкер өтті, олардың 23-і құқық қорғау органдарында басшылық лауазымдарға тағайындалды.

Біліктілікті арттыру курстары

Біліктілікті арттыру курстары жаңа форматта өткізіледі және практикаға бағытталған. Оқуды ұйымдастыру үш негізгі кезеңнен тұрады: «Практика қажеттіліктерін зерттеу және біліктілікті арттыру курстарының тақырыптарын қалыптастыру», «Біліктілікті арттыру курстары тақырыптарының ерекшеліктерін ескере отырып, даярлаудың ең тиімді формаларын анықтау», «Әр оқу курсының практикалық тиімділігін бағалау және жұмысқа тиісті түзетулерді енгізу».

Бірінші кезеңді жүзеге асыру шеңберінде оқыту процесінің жағдайы мен бар проблемаларға (соңғы үш жылдағы инспекторлық тексерістердің, алқа отырыстарының материалдары, жұмыстағы кемшіліктер туралы есептік пікірлер және т.б.) контент-талдау жүргізілді, оның негізінде білім мен дағдылардың жетіспеуінен туындаған қызметкерлер жұмысындағы жиі кездесетін кемшіліктер анықталды.

Бұл практикада ең өзекті болып табылатын біліктілікті арттыру кустарының тақырыптарын анықтауға және әзірлеуге мүмкіндік берді.

Екінші кезеңді жүеге асыру кезінде курс ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімді тиімді бекітуді қамтамасыз ететін оқу әдістері анықталды.

Олардың бірі ретінде алынған білімді нақты жағдайлар негізінде қолданып көруге мүмкіндік беретін практикалық семинарлар анықталды.

Үшінші кезеңді жүзеге асыру барысында білім беру сапасын объективті бағалау жүйесі енгізілді, ол негізгі үш көрсеткіш бойынша іске асырылуда:

— курс тақырыбы бойынша білім деңгейіне кіріс және шығыс бақылаудың нәтижелері;

— тыңдаушының оқу материалының сапасы мен өзектілігін бағалауы (алған білімінің практика қажеттіліктеріне сәйкестігі, бар проблемаларды шешу кезіндегі тиімділік, лектордың құзыреттілігі және т.б.);

— оқудан кейін 2-3 ай өткен соң, тыңдаушыға тікелей басшысының оқудан кейін қол астындағы қызметкерінің жұмыс сапасының жақсаруына берілген сараптамалық бағасы.

Осы әдістердің жүзеге асырылуы нәтижесінде оқудан өткен қызметкердің тиімділігінің артуы, білім мен дағдылардың жетіспеуінен туындаған жұмыстағы кемшіліктер санының төмендеуі күтіледі.

Курс сабақтарын Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізеді. Бұдан бөлек, дәріскерлер ретінде Жоғарғы Соттың судьялары, Бас прокуратура, Экономикалық тергеу қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Есеп комитетінің қызметкерлері шақырылады.

Арнайы бастапқы оқыту

Экономикалық тергеу қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және прокуратура органдарының жас қызметкерлерін оқытудың жаңа формасы қолданылуда.

Жас қызметкерлер тағайындалғаннан кейін Академияда озық білім беру технологиялары негізінде бір айлық оқу курстарынан өтеді, оқу бағдарламасының практикалық бөлігі күшейтілді.

Жас қызметкерлерді оқыту Құзыреттіліктер төлқұжаты (жалпысалалық, ақпараттық, жазба, коммуникативті, кәсіби) негізінде әзірленген оқу жоспарларына сәйкес өткізіледі.

Курстағы дәрістер мен практикалық сабақтарды Академия, Бас прокуратура және өзге өкілетті органдардың қызметкерлері өткізеді.

Сонымен қатар жас қызметкерлердің физикалық, атыс және әскери дайындығына ерекше назар аударылады.
Академия прокуратураның жас қызметкерлер құзыреттіліктерінің деңгейін «Ассессмент» әдістемесін өткізу арқылы бағалау әдісін енгізуде.

Олардың кәсіби деңгейі прокуратураның күнделікті жұмысын модельдейтін кейстік тапсырмаларды шешу кезінде анықталады.

Ведомстволық ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау, заңгерлік құжаттарды дайындау, қадағалаудың салалары бойынша жұмысты ұйымдастыру, проблемалық мәселелерді талдау, оларды шығармашылық жолмен шешу дағдылары және т.б. тексеріледі.

Аталған процедураның тиімділігін қамтамасыз ету үшін тыңдаушылар мәліметтерін айқас бағалау және кодтау әдістері қолданылады, бұл сарапшылар тарапынан қандай да бір тұлғаның мүдделерін жылжытуға жол бермейді.

Тапсырмаларды орындау кезінде сарапшылар жас қызметкерге бақылау жасайды және құзыреттілік деңгейіне сәйкес мінез-құлық көріністері бойынша оның дағдыларын бағалайтын болады.

Бағалауды Академияның тәжірибелі қызметкерлері ішінен сарапшылар жүргізеді.

Ұсынылып отырған әдісті пайдалану прокуратура органдарына кадрларды іріктеу процесін сапалы жаңа деңгейде өткізуге және қызметке қабылданып жатқан кадрлардың кәсіби табыстылығын жоғары дейңгейдегі нақтылықпен бағалауға мүмкіндік береді.

Өткен кезеңде құқық қорғау органдарының 743 жас қызметкері оқудан өтті.

Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы
халықаралық оқыту. Өңірлік хаб

Мемлекет басшысының мақұлдауымен (хат Президенттің 30.09.16 жылғы №3709 шешімімен мақұлданды) 2016 жылдың соңында Академия негізінде жаһандық қауіптер бойынша Өңірлік хаб құрылды, ол келесі қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық зерттеу және оқыту орталығы ретінде белгіленген:

1) экстремизм мен терроризм;

2) есірткі мен қарудың заңсыз айналымы;

3) адам саудасы мен заңсыз көші-қон;

4) киберқылмыстылық;

5) қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық.

Бір жарым жылдай уақытта Хаб негізінде 16 білім беру және ғылыми-іс-шаралары өткізілді, оларға 800-ден астам тыңдаушы қатысты (оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғаныстан мен Пәкістан). Түрлі елдер мен ұйымдардан 38 халықаралық сарапшы тартылды.

Жетекші шет елдері және ұйымдармен (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО) белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылуда. 2017 жылғы 11 сәуірде Венада Қазақстанның Бас прокуратурасы мен БҰҰ арасында жасалған меморандум аясында Біріккен ұлттар ұйымының жоғары мақұлдауы алынды.

Сонымен қатар еліміз бен өңірдегі жетекші білім беру мекемелерімен (Назарбаев университеті, ЕҰУ, Ұлттық қорғаныс университеті, Беларусь Республикасы Бас прокуратурасының Ғылыми-практикалық орталығы, Өзбекстанның Бас прокуратурасының жанындағы Жоғарғы оқу курстары және т.б.), қауіпсіздік жөніндегі өңірлік ұйымдармен (Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы) ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімшарттар жасалды.

Жобаның жоғары нәтижелігін ескере отырып, ағымдағы жылғы қыркүйекте оны операциялық деңгейге өткізу — жоба негізінде Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық білім беру кафедрасын құру туралы шешім қабылданды.

Кафедра белгіленген критерийлер мен жұмыс қарқынын жалғастырып жатыр. Кафедраның негізгі міндеттері:

— жаһандық қауіп-қатерлермен күрес саласында Қазақстан мен өңірдің құқық қорғау органдарының жоғары білікті қызметкерлерін даярлау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру;

— білім берудің инновациялық әдістерін іздестіру, сонымен қатар бірлескен зерттеулердің нәтижелерін практикаға енгізу;

— тұрақты түрде озық тәжірибемен алмасу, білім беру – құқық қорғау органдары – қоғам арасында ашық диалог алаңын құру.

Тұрақты әрекет ететін функционалдық құрылымды құру алға қойылған міндеттерге жаңаша көзқараспен қарауға, алдағы перспективаларды дамыту үшін қажетті түзетулерді енгізуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

Осы жылдың қыркүйегінде жаһандық қауіптер бағыттарының өзектілігін ескере отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қосылды.

Оқу іс-шараларын өткізуге тек халықаралық сарапшылар ғана емес, осы жоба аясында дайындалған өзіміздің ұлттық тренерлер де тартылып жатыр.

Қауіптердің осы түрлерінің профилактикасы және қоғамды диалогқа тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп жатыр, онда қатысушылар ретінде ғылыми қауым, практиктер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, қоғам өкілдері шығып отыр. Бұл проблемаларды шешуге басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Инновациялық оқытудың бір түрі – кинотренинг әзірленді, ол психология мен педагогикаға негізделген пәнаралық әдіс болып табылады.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Көші-қон бағдарлары бойынша адам саудасымен күрес» тақырыбында алғашқы симуляциялық тренинг өткізілді. Оған әлемнің 14 мемлекетінің құқық қорғау және мемлекеттік органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың 57 қызметкері қатысты. Барлығы 17 мемлекеттен жүзден астам адам қатысты.

Оқу процесінде теория жоқ, ол толығымен практикалық аспектілерге бағытталған. Тренинг барысында адамдарды еңбек және сексуалдық қанау бойынша өмірлік жағдайлар келтіріледі.

Бұл әдіс жаһандық қауіптердің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ Инститтутың өзге білім беру іс-шараларында қолданылатын болады. Осы мақсатта имитациялық полигонды жасау бойынша жұмыс басталды.

Өзге мемлекеттер, әсіресе ТМД елдері қызығушылық танытқан жағдайда, қатысушылар санын гоеграфиялық кеңейту жоспарланып отыр.