КӘРІПОВА АЙНАГҮЛ ТӨКЕНҚЫЗЫ

Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары

1976 жылғы 1 қазанда Қарағанды облысы Абай қ. туған.

1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» (экономикадағы математика) мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚарМУ жанындағы «Болашақ» Өзекті білім беру институтын «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты, диссертациясының тақырыбы «Қылмыстық әрекеттердің ауырлық деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының қылмыстық-құқықтық нормалары санкцияларының құрылу мехнизмі».

25 астам жарияланымдардың, оның ішінде қылмыстық құқық бойынша 1 оқулықтың, 2 оқу құралының авторы, 2 монографияның және ҚР жаңа Қылмыстық кодексіне комментарийлердің бірлескен авторы.