Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты еліміздің Президентінің тапсырмасымен құрылған және бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыру, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруге арналған.

Институт прокурорлық қадағалаудың түрлі бағыттарында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар, прокуратураның практикалық қызметкерлерінен, сондай-ақ ғалым-заңгерлерден жасақталған 4 мамандырылған орталықтан тұрады.

Институт құрамы:

1) Ғылыми зерттеулерді, нормашығармашылық қызметті ұйымдастыру және үйлестіру орталығы;

2) Қылмыстық саясат және жазаларды орындау проблемаларын зерттеу орталығы;

3) Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы проблемаларды зерттеу орталығы;

4) Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелерін зерттеу орталығы.

Институт белгіленген құзыреттіліктер мен өзіне жүктелген функциялар шеңберінде құқық қорғау саласында негізгі және қолданбалы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, үйлестіру және өткізуді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ведомстволық ғылыми мекемелері мен білім беру ұйымдары өткізетін ведомствоаралық сипаттағы ғылыми зерттеулерге мониторингті жүзеге асырады.

Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының негізгі міндеттері:

— құқық қорғау органдарының қызметі саласында бірыңғай ғылыми саясатты қалыптастыру;

— құқық қолдану практикасының өзекті проблемалары бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингілеу;

— Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметінің өзекті проблемалары бойынша негізгі және қолданбалы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді өткізу;

— құқық қорғау органдарының қызметін ғылыми қамтамасыз етуге қатысу, оның ішінде олардың қызметінің практикасына озық отандық және шетелдік тәжірибені енгізу.

Институт қызметкерлері концептуалды құжаттарды әзірлеуге, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа, адам саудасына қарсы іс-қимыл мен құқық қолдану практикасының өзге де көптеген өзекті мәселелері бойынша заң жобаларын дайындауға белсенді қатысып жатыр.

Ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми таным әдістері тұрақты түрде кеңейіп, жаңарып жатыр.

Ғылыми зерттеулер құқық қолдану практикасының статистикалық сенімді мәліметтеріне негізделген, сонымен қатар оны жақсартуға және жетілдіруге бағытталған. Авторлық ұжымда өз күштерін үйлестірген ғалымдар мен практиктердің шығармашылық бірігуі ғылыми зерттеулерге зерттеліп жатқан құбылыс немесе процесс туралы фрагментарлы емес, толық түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі жаңаша элементтерді енгізіп отыр.

Ғылыми зерттеулерді дайындау нәтижелері кең ауқымда ұсынылатын болады: ұжымдық және жеке монографиялар, оқулықтар (электронды және баспа), оқу құралдары, әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар, аналитикалық анықтамалар мен хабарламалар және т.б.

Қазіргі уақытта Институт негізгі және қолданбалы зерттеулерді жүргізуде, құқық қолдану практикасының өзекті проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Әдістемелік құралдар мен ұсынымдар жинақтары шығарылып жатыр.