Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2018 жылғы «6» қарашадағы
№ 82 бұйрығына №1 қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының Оқу-әдістемелік кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Оқу-әдістемелік кеңесі туралы осы Ереже (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Оқу-әдістемелік кеңесі (әрі қарай – ОӘК) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.

2. ОӘК алқалы кеңес орган болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңнамасына, білім беру және ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының нормативтік құқықтық актілеріне, Академия Жарғысына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. ОӘК мақсаттары:

3.1. ішкі істер органдарының қызметін қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін, кəсіптік оқытуды, қайта даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдарды анықтау жүйесін белгілеу;

3.2. оқу бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру;

3.3. оқу үрдісін басқару және ғылыми зерттеулерді автоматтандыру жүйелерін дамыту;

3.4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (әрі қарай – Академия) ғылыми-педагогикалық қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру.

2. ОӘК қызметінің бағыттары

4. ОӘК мақсаттары:

4.1. Академияның білім беру қызметін жоспарлау және үйлестіру;

4.2. оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасына мониторинг ұйымдастыру;

4.3. оқу процесін жетілдіру және әдістемелік қамтамасыз ету;

4.4. оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдірудегі озық тәжірибені жинақтау және тарату;

4.5. жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды жетілдіру, оқытудың әдістері мен құралдары туралы жұмысты ұйымдастыру;

4.6. оқу процесін және ғылыми зерттеулерді автоматтандыру жүйелерін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4.7. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамын аттестациялауға қатысу және кәсіби деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

4.8. оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді басылып шығаруды жоспарлау және ұсыну.

3. ОӘК қызметін ұйымдастыру

5. ОӘК-ні оқу-әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін проректор — төраға басқарады. ОӘК төрағасының ОӘК мүшелерінің құрамында бар орынбасары болады, ол төраға болмаған кезде төрағаның міндетін атқарады.

6. ОӘК-ның құрамына: Аппарат басшысы, директорлар, директорлардың орынбасарлары, басқарма бастықтары, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және Кәсіби деңгейді арттыру Институттары кафедраларының меңгерушілері, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының, Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу бөлімінің, Ғылыми білім беру қызметінің сапасын мониторингтеу және бағалау басқармасының бастықтары кіреді.

ОӘК құрамы Академия Ректорының бұйрығымен бекітіледі.

7. Ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды ОӘК-нің хатшысы жүзеге асырады. Хатшы отырыстарға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, отырыстың күні мен күн тәртібі туралы ОӘК мүшелеріне хабарлайды.

8. ОӘК өз қызметін жаңа оқу жылында ОӘК-нің бірінші отырысында талқыланатын және ОӘК төрағасы бекітетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

9. ОӘК отырыстары кемінде екі айда 1 рет жүргізіледі. ОӘК-нің кезекті жиналысының күн тәртібі және оның материалдары ОӘК мүшелеріне бір апта бұрын жіберіледі.

10. ОӘК шешімі кворум болған жағдайда қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен анықталады. Кворум ОӘК мүшелер санының жартысынан кем емесінен құралады. ОӘК шешімдері хаттамалар түрінде ресімделеді.

11. ОӘК шешімдері кеңес беру сипатына ие.

12. ОӘК Төрағасы жылына бір рет Академияның Ғылыми Кеңесінің отырысында ОӘК қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.

13. ОӘК қызметіне ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

4. ОӘК мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

14. ОӘК мүшесі:

14.1. ОӘК жұмысына қатысуға, осы Ережеде белгіленген мақсаттарға жетуге үлес қосуға;

14.2. өзіне жүктелген нұсқауларды уақтылы және нақты орындауға;

14.3. егер белгілі себептермен ОӘК жиналысына қатыса алмаса, оның басталуына дейін ОӘК төрағасына хабарлауға, сондай-ақ қаралатын мәселелер бойынша жазбаша түрде 5 күн ішінде ұсыныстар жіберуге міндетті.