Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) Диссертациялық кеңесі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №407, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік ереже), 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 «Ғылыми дәрежелерді беру ережелерін бекіту туралы» (бұдан әрі – Ғылыми дәрежелерді беру ережелері), 2011 жылғы 19 мамырдағы №203 «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін ізденушілердің қорғаған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аннотация – диссертация мазмұнының қысқаша жазылуы;

2) аттестациялық іс – Академияның Диссертациялық кеңесіне философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;

3) Академияның диссертациялық кеңесі – 8D04201 «Заңтану» және 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD), 8D04202 «Құқықтану» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша құқық докторы, «Құқық қорғау қызметі» 8D12302 (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы дәрежесіне ізденушінің диссертациялық жұмысын қорғауды жүргізетін Академия жанындағы алқа органы;

4) ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы – «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бағдарламасын игерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте танылған Қазақстан Республикасы немесе одан тысқары жерлерде диссертация қорғаған адамға берілетін дәреже;

5) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте диссертация қорғаған адамдарға берілетін дәреже;

6) құқық докторы – «Құқықтану» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бағдарламасын игерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте танылған Қазақстан Республикасы немесе оның шегінде диссертация қорғаған адамға берілетін дәреже;

7) философия докторы (РhD) –ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте танылған Қазақстан Республикасы немесе одан тысқары жерлерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін дәреже;

8) докторант – докторантурада білім алатын адам;

9) докторантура – міндетті түрде кем дегенде 180 академиялық кредитті игерге отырып, білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

10) докторлық диссертация — теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, не оны енгізу елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдері берілген дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;

11) ізденуші – докторантураның білім беру бағдарламасын игерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін ізденуге диссератцияны қорғауға ұсынған адам;

12) транскрипт (тranscript) – кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер және (немесе) модульдер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат.

2. Диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру

3. Диссертациялық кеңесті Академия құрады және ол Академия ректорының бұйрығы негізінде әрекет етеді. Диссертациялық кеңестің құрылуы туралы ақпарат Ректордың бұйрығы шыққаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Академияның интернет-ресурсында жарияланады.

4. Диссертациялық кеңес құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар, кемінде 1/3-і (үштен бірін) басқа ЖОО-лардың, ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылатын кемінде 6 (алты) адам кіреді. Әрбір мамандық (кадрларды даярлау бағыты) бойынша диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым доктор, ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар кемінде 3 (үш) маман қосылады.

5. Диссертациялық кеңестің құрамына:

1) Академия ректоры;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері;

3) соңғы 5 (бес) жылда теріс шешім қабылданған диссертациялар бойынша ғылыми консультант болған мамандар кірмейді.

6. Диссертациялық кеңес мүшелерінің (кемінде 1/3-і (үштен бірі) Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық индекстеу жүйелеріндегі 2 (екі) және одан көп Хирша индексі болуы; және (немесе) Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) ақпараттық базаларының мәліметтері бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда тиісті зерттеу саласындағы жариялым; және (немесе) халықаралық патенттері; және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) бекіткен Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіндегі басылымдарға (бұдан әрі – басылымдар тізбесі) кіретін 10 (он) кем емес жариялым болуы керек.

7. Диссертациялық кеңес құрамы, сондай-ақ оған өзгерістер енгізу Академияның Ғылыми кеңесі шешіміне сәйкес Ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Диссертациялық кеңес құрамы күнтізбелік 3 (үш) жылға бекітіледі.

8. Диссертациялық кеңес мүшелері арасынан Диссертациялық кеңес Төрағасын (бұдан әрі – Төраға), Диссертациялық кеңес Төрағасының орынбасарын (бұдан әрі – Орынбасар) және Диссертациялық кеңестің Ғылыми хатшысын (бұдан әрі – Ғылыми хатшы) сайлайды.

3. Диссертациялық кеңестің функциялары

9. Диссертациялық кеңестің функциялары:

1) диссертацияны қорғауға қабылдау және оның Ережелер және Қағидалар талаптарына сәйкестігін тексеру;

2) диссертация бойынша қорғау мерзімін және ресми рецензенттерді тағайындау;

3) Диссертациялық кеңес мүшелерінің ішінен ізденушінің авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін комиссия (бұдан әрі – Диссертациялық кеңестің комиссиясы) құрады;

4) диссертацияның ашық түрде қорғауын өткізу;

5) плагиат табылғанда немесе Қағидалардың 5,6,7-тармақтарының талаптары бұзылған жағдайда диссертацияны қорғаудан алып тастау;

10 Төраға функциялары:

1) Диссертациялық кеңестің қызметіне басшылық жасау;

2) Диссертациялық кеңес отырыстарын өткізу;

3) қорғауға қабылданған диссертациялардың сапасын бақылау;

4) Диссертациялық кеңес қорытындыларының жобаларын бақылау;

5) Диссертациялық кеңес отырыстарын қорытындылау;

6) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломға қол қою;

7) Академия басшылығымен, мемлекеттік органдардың, ЖОО-ның, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілдерімен өзара әрекет ету;

11. Орынбасар:

1) егер Төраға қорғалатын диссертацияның ғылыми консультанты болса, сондай-ақ Төраға болмаған жағдайда Диссертациялық кеңес отырысы бойынша Төраға функцияларын атқару;

12. Ғылыми хатшы функциялары:

1) ізденуші ұсынған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, тексеру нәтижелері туралы Төрағаға ақпарат беру;

2) ізденушінің қорғауға қабылданатын құжаттарын тіркеу;

3) ізденушілердің диссертациялық жұмыстарын қорғауға қабылдау туралы Диссератциялық кеңес отырысына ақпарат дайындау;

4) Диссертациялық кеңес отырысының күн тәртібін дайындау және оны Төрағамен келісу;

5) Диссертациялық кеңес мүшелерінің кворумын қамтамасыз ету;

6) Диссертациялық кеңес отырыстарына қорғалатын диссертациялар бойынша жасырын дауыс беруді дайындау;

7) Диссертациялық кеңес отырыстарына қорғалатын диссертациялық жұмыстар бойынша қорытындылар жобаларын дайындау;

8) қорғау процесін бақылау;

9) диссертация қорғалғаннан кейін ізденушінің аттестациялық ісін құру;

10) философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломға қол қою;

11) филиосфия докторы (PhD) дәрежесін беру (беруден бас тарту) бойынша Диссертациялық кеңес қабылдаған шешімдер туралы тоқсан сайынғы және жылдық есептер дайындау;

12) тоқсан сайынғы (осы Ереженің 1-қосымшасы) және жылдық есепті қоса отырып (осы Ереженің 2-қосымшасы) Академияның интернет-ресурсына кеңес қызметі туралы ақпарат тарату (мемлекеттік құпиялар бар материалдар мен диссертациялардан басқа);

13) Диссертациялық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету.

13. Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1) өзі, өзінің ғылыми қызметі, қаралатын диссертациялық жұмыс туралы объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

2) Диссертациялық кеңестің жұмысына белсене қатысады және оның отырыстарына қатысады;

3) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, бір тараптың немесе үшінші тараптың әсеріне тәуелді болмайды;

4) қорғау нәтижесіне әсері бар диссертацияны қорғауға жататын өздеріне мәлім болған деректерді жасыруға, ғылыми әдептің бұзылуына жол бермейді, және бұл туралы Төрағаға және Ғылыми хатшыға хабарлайды;

5) мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда, бұл туралы қақтығысты жою және реттеу бойынша шаралар қабылдау үшін Төрағаға және Ғылыми хатшыға мәлімдейді;

6) Диссертациялық кеңестің қызметі процесінде Диссертациялық кеңестің басқа мүшелерінің, ізденушілерінің, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды пайдаланбайды.

Осы тармақта көрсетілген талаптардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда Академияның Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес Төрағаның ұсынысы бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі Диссертациялық кеңес құрамынан шығарылады.

14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп береді.

15. Осы Ережеде белгіленген талаптарды Диссертациялық кеңес 3 (үш) реттен көп бұзатын жағдайда Төраға, Орынбасар және Ғылыми хатшы ауыстырылады.

4. Академия кафедрасының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінің кеңейтілген отырысы

16. Академия ізденушінің диссертациясын Академия кафедрасының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінің кеңейтілген отырысында (бұдан әрі – отырыс) талқылауды қамтамасыз етеді.

Отырысқа қатысушылардың кеңейтілген құрамы Ректордың бұйрығымен бекітіледі.

17. Басқа ЖОО-ның ізденушілері Ережеде белгіленген тәртіпте отырыста қосымша талқылаудан өтуі тиіс.

18. Отырыс жүргізгенге дейін отырыс басшысы (бұдан әрі — Басшы) 2018 жылғы 11 мамырдағы Ректордың бұйрығымен бекітілген бөтен жұмыстарды пайдалануды тексеру регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 4,5,7,11-13-тармақтарында көзделген тәртіпте диссертацияны авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалдарды пайдаланғанын анықтау үшін жолдайды. Тексеру нәтижесі ізденуші ұсынған құжатқа сәйкес Реламенттің 12-13-тармағына сәйкес көрсетілу қажет.

Ізденушінің ғылыми зерттеу саласы бойынша кафедрада маман болмаған жағдайда, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе академиялық дәрежесі (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар сыртқы сарапшыларға диссертацияны жетекші жолдайды.

19. Отырыс өткізуге 1 (бір) айға дейін шығарушы кафедраның кеңейтілген құрамының басшысы (бұдан әрі – Басшы) диссертацияны ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе ізденушінің ғылыми зерттеу саласында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 2 (екі) маманға (бұдан әрі – мамандар) Қағидалардың 4-7-тармақтарына сәйкестігін сараптама жүргізу үшін жібереді.

Академия кафедрасының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінде ізденушінің зерттеу саласы бойынша мамандар болмаған жағдайда Басшы диссертацияны ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ішкі сарапшыларға жібереді.

20. Отырысқа отырыстың мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ аралас (мәндес) кафедралардың, Академияның құрылымдық бөлімшелерінің, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері, докторанттар мен ізденушілер қатысады.

21. Алдын ала сараптама рәсімі мен диссертацияны отырыста талқылау:

1) Кафедра меңгерушісінің (төрағалық етушінің) кворум, отырысты өткізу заңдылығы, ізденушіні (ізденушілерді) таныстыру, диссертация тақырыбы, докторантура бағдарламасының атауы туралы кіріспе сөзін сөйлеуден;

2) ізденушінің сөз сөйлеуінен;

3) отырыс қатысушыларының сұрақтары – ізденушінің жауабынан;

4) ғылыми консультанттардың сөз сөйлеуі немесе олар болмаған жағдайда отырыстың хатшысының ізденуші диссертациясы бойынша пікірлерді оқуынан;

5) мамандардың сөз сөйлеуі және сын-пікірлерді (рецензияларды) оқудан;

6) рецензенттердің ескертулері мен ұсыныстарына ізденушінің жауабынан;

7) отырыс қатысушыларының пікірталасынан;

8) ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдау тұрады. Отырыстың шешімі отырыс мүшелерінің 2/3-сі (үштен екісі) дауыс бергенде және қатысушылардың көпшілігі дауысы бергенде оң қабылданған болып саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан отырыс мүшелерінің 2/3-сі (үштен екісі) дауыс бергенде теріс шешім қабылданады.

22. Қорғауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қорытынды түрде ресімделеді. Оған Жетекші және отырыстың хатшысы қол қояды және оны жетекшілік ететін проректор бекітеді.

Қорытындыда:

1) тақырып және диссертацияның ізденуші оқыған мамандыққа сәйкестігі;

2) зерттеу тақырыбының өзектілігі;

3) ғылыми нәтижелері мен оларды негіздеуі;

4) ғылыми нәтижелердің практикалық және теориялық маңыздылығы;

5) диссертацияның Қағидалардың 5,6,7-тармақтарына сәйкестігі;

6) ескертулер мен ұсыныстар;

7) қорғауға ұсыну немесе ұсынбау туралы пікір болуы тиіс.

5. Диссертациялық кеңеске докторлық диссертацияларды өткізу тәртібі

23. Кафедраның кеңейтілген отырысының оң шешімін алғаннан кейін ізденуші Академия ректоры атына қай Диссертациялық кеңесте қорғауды таңдайтыны туралы өтініш береді. Егер ізденуші басқа ЖОО-ны таңдаған жағдайда, Академия ізденуші өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін проректордың қолы қойылған ілеспе хат арқылы аталған ЖОО мынадай құжаттарды жібереді:

1) консультанттардың пікірлері, оның біреуі – шетел ЖОО ғалымы («Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы» бағыты бойындау дайындау тобын қоспағанда);

2) кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытындысы;

3) қатты қаптамадағы және электронды тасымалдағыштағы диссертация;

4) ғылыми еңбектердің тізімі және олардың көшірмелері;

Академия ізденушісі диссерацияларын Академияда тиісті білім беру бағдарламасы болмағанда басқа ЖОО-ның Диссертациялық кеңесінде қорғайды.

24. Ізденушінің Диссертациялық кеңеске осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес ұсынған құжаттары алдын-ала қарау және одан әрі Диссертациялық кеңесте қорғау үшін негіз болады.

Құжаттарды тіркеуді Ғылыми хатшы жүзеге асырады және оларды кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде Төрағаға ұсынады.

25. Диссертация, ғылыми консультант пікірлері және сарапшылық қорытындыны дайындаумен танысу үшін, Төраға Диссертациялық кеңес құрамынан тиісті зерттеу саладағы тәуелсіз үш сарапшы тағайындайды.

Әрбір сарапшы жеке сарапшылық қорытынды дайындайды және сараптама тағайындалған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей оны диссертациялық кеңеске жолдайды.

Сарапшылық қорытынды мазмұнында:

1) ізденуші оқыған мамандық бойынша диссертация тақырыбы мен диссертацияның сәйкестігі;

2) зерттеу тақырыбының өзектілігі;

3) ғылыми нәтижелері мен оларды негіздеуі;

4) ғылыми нәтижелердің практикалық және теориялық маңыздылығы;

5) диссертацияның Қағидалардың 5,6,7-тармақтарына сәйкестігі;

6) ескертулер мен ұсыныстар;

7) рецензенттер мен ғылыми консультанттардың бір біріне тәуелсіздігі қағидасын есепке ала отырып, қарастырылып отырған диссертацияның ресми рецензенттері бойынша тағайындау туралы ұсыныс;

8) Диссертациялық кеңеске диссертацияны қорғауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы ұсыным болуы тиіс.

Диссертациялық кеңес сарапшыларының қорытындысына сәйкес, өз отырысында Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

26. Құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе академиялық дәрежесі (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және ізденушінің зерттеу саласы бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы бар 2 (екі) ресми рецензентті тағайындайды.

Диссертацияның қорғау күні диссертацияның қорғау күнін белгілеу күнінен 3 (үш) айдан аспауы тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде ізденушілер құжаттарының түсу кезегі сақталады. Бірнеше үміткерлер болған жағдайда басымдылық Академия ізденушілеріне беріледі.

27. Ресми рецензенттерді тағайындау кезінде Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми консультанттардың бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады.

Мыналар:

1) Комитет қызметкерлері;

2) ізденушінің диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;

3) диссертация орындалған және (немесе) ізденуші тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО және ғылыми ұйымдар бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері ресми рецензент бола алмайды.

28. Диссертациялық кеңес Академияның интернет-ресурсында ізденушілердің қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:

1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

2) диссертация мәтіні (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын, қорғаудан кейін кемінде 5 (бес) ай ішінде қолжетімді);

3) көлемі кемінде 1 (бір) баспа табақ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

4) ізденуші жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

5) қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді ғылыми консультанттардың пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын), қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 15 (он бес) жұмыс күні бұрын);

7) қорғаудың бейнежазбасы толық көлемде, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

8) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы Диссертациялық кеңестің қорытындысы (осы Ереженің 4-қосымшасы) (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

10) осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есебі. Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

11) осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жөніндегі дипломды беру тәртібі;

13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

14) Диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі.

29. Диссертация Академияның интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады. Академияның интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін диссертация мәтініне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Академияның интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.

30. Алдағы қорғау туралы хабарламаны Ғылыми хатшы қорғауға қабылдау күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жолдайды.

31. Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Диссертациялық кеңестің шешімі бойынша Ғылыми хатшы диссертацияны ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін проректордың қолы қойылған ілеспе хат арқылы ізденушінің авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ға (бұдан әрі — ҰМҒТСО) жібереді.

32. ҰМҒТСО анықтамасында көрсетілген ресми рецензенттер және Академияның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерінде плагиат фактілері көрсетілген жағдайда Диссертациялық кеңестің шешімі бойынша ізденушінің ғылыми зерттеуі саласында маман болып табылатын Диссертациялық кеңестің 3 (үш) мүшесінен Диссертациялық кеңес комиссиясы құрылады.

Диссертациялық кеңестің комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді.

Плагиат фактілеріне тексеру туралы қорытынды Диссертациялық кеңеске диссертация қорғауына 8 (сегіз) жұмыс күні қалғанға дейін беріледі.

33. Диссертациялық кеңес Комиссия қорытындысы негізінде (қорғауға кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанға дейін) және Қағидалардың 5,6,7-талаптары бұзылғаны анықталғанда ізденушіні қорғауға жіберу немесе диссертацияны қорғаудан алып тастау туралы шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы диссертациялық кеңес ізденушіге 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды. Тиісті ақпарат Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

Ізденуші жасырын дауыс беру басталғанға дейін жазбаша өтініші бойынша диссерацияны қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар. Диссертацияны қорғаудан алып тастау туралы өтініш Төрағаға жіберіледі.

34. Ресми рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде Диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда ғылымның даму бағыттарына және (немесе) мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, таңдалған тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдық, өзі жазу, дәйектілік, ішкі бірлік, практикалық құндылық, академиялық адалдық принциптеріне сәйкестігі бағаланады, сондай-ақ 8D04201 «Заңтану» және 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт) жоғары оқу орынан кейінгі білім берудің білім бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), 8D04202 «Заңтану» және 8D12302 «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыт) жоғары оқу орынан кейінгі білім берудің білім бағдарламасы бойынша бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беріледі (осы Ереженің 5-қосымша).

Ресми рецензенттер пікірлерінің көшірмелері ізденушіге диссертация қорғауға дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Ізденуші пікірлерді Ғылыми хатшыға береді.

Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, Диссертациялық кеңес пікірді кемінде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми рецензентке қосымша қарау үшін қайтарады немесе ресми рецензентті ауыстырады.

Ресми рецензенттер, сондай-ақ Диссертациялық кеңестің шешімі бойынша жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы шешім 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.

6. Докторлық диссертацияны қорғауды жүргізу рәсімдері және ол бойынша шешім қабылдау

35. Диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңес отырысы келесіден тұрады:

1) Төрағаның кворум, отырыстың заңдылыққа сәйкес өткізілуі туралы кіріспе сөзі, ізденушілерді, мамандықтары мен диссертация тақырыптарын таныстыру;

2) Ғылыми хатшының ізденуші құжаттарының ғылыми жарияланымдарының толықтығы мен сәйкестігін көрсете отырып, нормативтік талаптарға сәйкестігін хабарлауы;

3) ізденушінің сөзі;

4) ізденушіге қойылатын сұрақтар, ізденушінің жауаптары;

5) ғылыми кеңесшілердің сөздері;

6) рецензенттердің сөздері;

7) ізденушінің рецензент ескертулеріне жауабы мен олардың өтініштері мен ұсыныстары бойынша қорытындылары;

8) Ғылыми хатшының диссертация мазмұны бойынша Диссертациялық кеңеске келіп түскен бейресми пікірілерді оқуы;

9) ізденушінің бейресми пікірлердің мазмұнындағы ескертулер мен ұсыныстарға жауабы;

10) диссертациялық кеңес мүшелерінің және Диссертациялық кеңес отырысына қатысушылар арасынан ниет білдірушілердің пікір-сайысы;

11) ізденушінің қорытынды сөзі;

12) есептік комиссияның диссертациялық кеңес құрамынан Төрағадан басқа 3 (үш) адамды таңдауы;

13) ғылыми дәреже беру туралы өтініш сұрағы бойынша жасырын дауыс беру;

14) есептік комиссия төрағасының құпия дауыс берудің нәтижелері туралы сөзі, есеп комиссиясының хаттамасын бекіту;

15) көпшілік алдында қорғау нәтижелерін хабарлау;

16) Диссертациялық кеңестің диссертацияны қорғау негізінде қорытынды шығаруы.

36. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық (кадрларды даярлау бағыты) бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады. Растайтын құжат болып Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы саналады (осы ереженің 6-қосымшасына сәйкес).

Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3-інен аспайтын) диссертацияны қорғауды өткізу отырысына on-line режимінде бейне-конференция нысанында қатысқаны да саналады.

Ресми рецензенттердің біреуі жоқ болған жағдайда (дәлелді себептер бойынша) оның пікірін Ғылыми хатшы оқиды. Ресми рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.

37. Төрағасы, Орынбасар және Ғылыми хатшы ізденушінің ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда олар диссертацияны қарастыру кезінде Диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Төрағаның міндеттерін орындау Диссертациялық кеңестің шешімімен Орынбасарға, Орынбасар мен Ғылыми хатшының міндеттерін орындау мүшелеріне жүктеледі.

Төраға, Орынбасар мен Ғылыми хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда Диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.

Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға түсірілуін толық көлемде қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.

38. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;

2) философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін беруден бас тарту.

39. Докторанттың ғылым консультанты, тікелей басшысы немесе жақын туысқандары болып есептелетін Диссертациялық кеңес мүшелері дауыс беруге қатыспайды.

40. Құпия дауыс беру басталғанға дейін дауыстарды санау үшін есеп комиссиясы құрылады. Есеп комиссиясының мүшелері Диссертациялық кеңес мүшелерінің отырысқа қатысқан көпшілігінің ашық дауыс беруімен таңдалады.

41. Құпия дауыс беруге осы Ереженің 39-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда Диссертациялық кеңестің отырысқа қатысқан мүшелері ғана қатысады. Есептік комиссия оларға дайындалған бюллетендерді қолдарына тапсырады (осы Ереженің 7-қосымшасы).

42. Дауыс беруші «Дауыс берудің қорытындылары» графасынан артығын сызып, бюллетенді мөрленген сауытқа жібереді. Содан кейін есеп комиссисының мүшелерінен басқалары үй-жайдан шығады.

43. Есеп комиссиясының мүшелері сауытты ашады, бюллетень санын есептейді және дауыс берудің нәтижесі бойынша хаттама әзірлейді (осы Ереженің 8-қосымшасы).

Таратылмаған бюллетендер құпия дауыс берудің алдында жасалған тиісті белгімен есептік комиссияда қалады, бұл туралы хаттамада көрсетіледі. Диссертациялық кеңестің дауыс беруге қатысқан мүшесінің пікірін анықтауға мүмкіндік бермейтін бюллетендер жарамсыз деп есептеліп, есептік комиссияның хаттамасында ескеріледі.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша хаттаманы ресімдегеннен кейін есептік комиссиясы бюллетендерді мөрлеп, өз хаттамаларына тіркейді.

44. Диссертациялық кеңес құпия дауыс беруге қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы есептік комиссияның хаттамасын бекітеді.

45. Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-сі (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, оң қабылданды деп саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-інен (үштен екісі) кемі дауыс берсе, теріс шешім қабылданады.

46. Теріс шешім қабылдауда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Ереженің, Ғылыми дәрежелерді беру ережесінің қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды. Қорытындыға Төраға және Ғылыми кеңесші қол қояды (осы Ереженің 4-қосымшасы).

47. Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы Диссертациялық кеңестің шешім қабылдаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

48. Академия Диссертациялық шешім негізінде шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ізденушіге философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін беру туралы тиісті бұйрық шығарады.

7. Апелляция өткізудің тәртібі

49. Ізденуші философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы Диссертациялық кеңес шешіміне шешім қабылданған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде ректордың атына ерікті нысанда апелляцияға бере алады. Көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша апелляция қарау үшін қабылданбайды.

50. Академия ректорының бұйрығымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін ретттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде апелляциялық комиссия (бұдан әрі — Комиссия) құрылады. Комиссия құрамына Диссертациялық кеңестің 2 (екі) мүшесі және ғылыми кеңесші, рецензент, Диссертациялық комиссия мүшесі, ғылыми консультант, рецензент болып табылмайтын Академия қызметкерлері ішінен докторантураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша 3 (үш) ғалым және/немесе басқа ЖОО-ның, ғылыми және өзге ұйымдардың өкілдері кіреді және комиссия төрағасы сайланады.

Комиссия мүшелерінің ғылыми дәжесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс және докторантураның тиісті білім беру бағдарламасының маманы болу қажет.

51. Комиссия:

1) Комиссия төрағасын таңдайды;

2) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы Диссертациялық кеңестің шешеміне, сондай-ақ докторлық диссертацияны қорғауды жүргізу бойынша Диссертациялық кеңес тарапынан жіберілген құқық бұзушылықтар фактілеріне және осы Ережелерде және Қағидаларда көзделген өзге де құқық бұзушылықтарға апелляцияны қарайды;

3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды тараптардан сұрайды және алады;

4) іздеушінің аттестациялық ісін қарайды және апелляция нәтижесі бойынша құрылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде қорытынды дайындайды.

52. Комиссия Төрағасы:

1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;

2) Комиссия отырысының орнын және өткізу уақытын анықтайды;

3) Комиссия отырысын шақырады және оған төрағалық етеді.

53. Комиссия қорытындысын комиссия мүшелері ашық дауыс беру негізінде көпшілік дауыспен қабылдайды және оған барлық комиссия мүшелері қол қояды.

54. Комиссия апелляцияны қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің біреуін таңдайды:

1) апелляцияны қанағаттандыру;

2) апелляцияны қанағаттандырудан бас тарту.

55. Комиссия өз қызметінде осы Ережелерді және Қағидаларды басшылыққа алады.

56. Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ізденушіге хабарланады және Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

57. Комиссия хаттамаларының көшірмелері және қорытындылары соңғы шешім қабылдау үшін оған қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Диссертациялық кеңеске жіберіледі.

Осы шешім туралы ақпарат Диссертациялық кеңестің шешім қабылдаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

58. Ізденуші Диссертациялық кеңестің соңғы шешімімен келіспеген жағдайда дауды сот тәртібінде шешуге құқығы бар.

59. Осы Ережеде реттелмеген даулар, соның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту мәселелері бойынша даулар, апелляция беру мерзімін қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

8. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның нысаны және оны беру тәртібі

60. Академия Қағиданың 34-тармақшаларына сәйкес Диссертациялық кеңес шешімімен философия докторы (PhD), бейіні бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген адамдарға белгіленген нысандағы үлгі бойынша өзінің дипломдарын береді (осы Ереженің 9-қосымшасы).

61. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломы мынадай құрамнан тұрады:

1) 310*110 мм көлемдегі қатты мұқаба;

2) 310*110 мм көлемдегі қосымша парақ.

Құжаттың мұқабасы қоңыр түсті материалдан жасалынады. Мұқабада алтын түспен жазылған мынадай жазулар болады:

1) жоғарыда бедерлі жазумен мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» деп жазылады;

2) ортасында – Академия логотипі бейнеленген;

3) логотип бейнесінің астында-құжат атауы мемлекеттік тілде: «Философия докторы (PhD) дипломы» немесе «Бейін бойынша доктор дипломы» бедерлі жазумен;

Қосымша парақ бланктері, құжаттардың қосымшалары типографиялық үлгіде басылады (бланкте мәліметтер болмайды, ол қолмен немесе арнайы құрылғымен толтырылады).

Қосымша парақ бланктері, қосымшалар арнайы қорғау дәрежесі бар ақшыл қызғылт түсті қағазда (таңбалармен) басылады.

Қосымша парақтың бет жағында:

1) жоғарыда — мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» жазуы;

2) ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі астында – мемлекеттік тілде «Философия докторы (PhD) дипломы» немесе «Бейін бойынша доктор дипломы»;

Қосымша парақтың екі ішкі жағында ортасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі басылады.

Философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор дипломдары қосымша парығында ішкі сол жағында мемлекеттік тілде мазмұны, ал оң жағында – орыс және ағылшын тілдерінде дәл осындай мазмұн жазылады.

Қосымша парақтың сериясы және жеті санды нөмірі болады.

Қосымша парақ бланктері оларға енгізілетін жазбалардың каллиграфиялық жазумен немесе баспа құрылғысының көмегімен жазылатындай мүмкіндікте жасалады.

62. Академия Ереженің 48-тармағына сәйкес ізденушіге философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы тиісті бұйрық шығарады және бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің жеке үлгісіндегі дипломды береді.

9. Докторлық диссертацияны мемлекеттік тіркеу және кітапханаға жіберу тәртібі

63. Диссертациялық кеңес дәреже беру туралы шешім қабылданған диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы Академияның кітапханасына беріледі.

64. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ғылыми хатшы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді.

65. Ғылыми хатшы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесіне ізденушілердің қаралған диссертацияны қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ҰҒТАО-на мемлекеттік тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

1) ғылым мәселелеріне жетекшілік етуші Академия проректорының қолы қойылған Академия бланкісіндегі ілеспе хаты;

2) осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде диссертацияның есеп карточкалардың 2 (екі) данасы;

3) қағаз және электронды тасымалдағышта қапталмаған түрде 1 (бір) дана диссертациясы.

Жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан соң ҰМҒТСО философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесіне ізденушілердің қаралған диссертацияларына мемлекеттік тіркеу нөмірін береді және оның тіркелуі туралы диссертациялық кеңеске хабарлама жібереді.

ҰМҒТСО-ға жіберілген құжаттар кейін қайтарылмайды.

10. Ізденушінің аттестациялық ісін құру

66. Ғылыми хатшы ізденушінің аттестациялық ісін жинақтайды, оның құрамына осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген құжаттар кіреді (3-қосымша).

67. Академияның Диссертациялық кеңесі бойынша барлық құжаттар күнтізбелік 2 (екі) жыл бойы Ғылыми хатшының сақтауында болады, одан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес Академияның мұрағатына тапсырылады.

11. Докторлық диссертацияны қайта қорғау тәртібі

68. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тартылған жағдайда ізденушіге диссертацияны қайта қорғауға беріледі, алайда ол алдыңғы қорғаудан бір жыл мерзім өткен соң болады.

69. Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту туралы шешімі қабылданған диссертация осы Ереженің 4,5-тармақтарында көзделген тәртіпте қайта қорғауға ұсынылады.

70. Қайта қорғауға ұсынылған диссертация бойынша Диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтар жойылу туралы қорытынды жасау үшін Диссертациялық кеңес құрамынан 3 (үш) мүшені тағайындайды.

Қорытынды Академияның интернет-ресурсында қорғауға кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және қорғауда оқылады.

12. Қорытынды ережелер

71. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда және Диссертациялық кеңестің өзге де құжаттары Диссертациялық кеңестің кемінде 2/3 мүшесінің ұсынысы бойынша Диссертациялық кеңестің отырысында енгізіледі және Академия ректоры бұйрығымен бекітіледі.

72. Диссертациялық кеңестің жұмысына жалпы жауаптылық Төрағаға жүктеледі.

73. Академияның құрылымдық бөлімшелеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Диссертациялық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Академияның Диссертациялық кеңесінің атынан жіберілетін құжаттарға Төраға қол қояды, ол болмаған жағдайда Ғылыми хатшы қол қояды.

74. Академияның Диссертациялық кеңесінің жалпы іс қағаздарын Ғылыми хатшы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-өкімік актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Қосымша