СҰРАҚ ҚОЮ

Жиі қойылатын сұрақтар:

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясының қабылдау комиссиясы қайда орналасқан?

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Акмола облысы, Целиноград ауданы, Косшы ауылы, Республика көшесі 16, индекс 021804, Академия сайты: academy-gp.kz.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында оқуға тілек білдіргендерді қабылдау қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында оқуға тілек білдіргендерді қабылдау ҚР БП 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерімен реттеледі.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы және докторантурасына түсу үшін қандай құжаттарды жинақтау қажет?

Оқуға түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

магистратураға:
1) Академия ректорының атына баянат;
2) жоғары білімі туралы құжат пен оның қосымшасының көшірмесі;
3) шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;
4) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
5) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
7) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
8) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
9) шет тілі бойынша тестілеуден өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.

докторантураға:
1) жоғарыда1)-9) тармақшаларында айтылған;
2) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
3) болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі.

 

Құжаттарды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

Құжаттарды қабылдау төрт кезеңмен жүргізіледі:

1) 10-30 шілде аралығында — құжаттарды қабылдау;
2) 10-15 тамыз аралығында — шет тілінен емтихан;
3) 15-20 тамыз аралығында – мамандық бойынша емтихан;
4) оқуға қабылдау- 25 тамызға дейін.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясына түсу үшін кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

Жауап: ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясына түсу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар: 1) құқық қорғау органдарының қызметкері; 2) магистратураға түсу үшін: жоғары білімі, бір жылдан кем емес құқық қорғау қызметiндегi өтiлi, 3) докторантураға түсу үшін: магистр дипломы, үш жылдан кем емес құқық қорғау қызметiндегі өтiлi болуы тиіс.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясының қабылдау комиссисының құзыретіне не жатады?

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясының қабылдау комиссиясы:

1) Қабылдау комиссиясы осы Ереженің 14, 15-тармақтарында көрсетілген оқуға түсуге үміткерлер ұсынған құжаттарды зерделейді және үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды;
2) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен арыздарды қарастырады;
3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін жасайды;
4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
5) оқуға үміткерлерді қабылдау нәтижелерін талдайды және жұмысты бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинақтайды.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында қандай мамандықтар бойынша білім алуға болады?

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында келесі мамандықтар бойынша білім алуға болады:

Магистратурада: 7М04203 Құқықтану, 7M12303 Құқық қорғау қызметі;

PhD докторантурантурасында: 8D04201- Құқықтану, 8D12301-Правоохранительная деятельность.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында оқу мерзімі қандай?

Магистратурада (қылыми және педагогикалық бағыт) оқу мерзімі – 2 жыл құрайды. PhD докторантурасында В докторантуре PhD оқу мерзімі – 3 жыл құрайды.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында емтихандар қалай жүргізіледі?

Емтихандар ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясының емтихан комиссиясымен жазбаша нысанда жүргізіледі және үш бөліктен тұрады:

1) пәндер бойынша 2 сұраққа жауап беру;
2) ситуациялық есептерді (кейстерді) шешу;
3) эссе жазу.

 

Магистратураға, докторантураға кім қабылданады?

Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Магистратураға, докторантураға оқуға мамандық бойынша емтихан нәтижесі ең жоғарғы балл (бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады.

Академияға магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер келесі түсу емтихандарын тапсырады:

1) шетел тілінен (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз тілі).
2) мамандығы бойынша.

Мамандығы бойынша емтиханға шетел тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.

 

ҚР БП Құқық қорғау органдары академиясында білім алу қандай мүмкіндіктер береді?

Жауап: Академияда білім алу келесі мүмкіндіктер береді:

— сапалы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу;
— білім беру жобалары шеңберінде шетелдік тағылымдамадан өту;
— кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту, біліктілікті арттыру;
— тыңдаушылардың мәдени, спорттық және әлеуметтік қажеттіліктерін іске асыру;
— өзге қалалардан келгендерге жатақхана берілуі;
— оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде лауазымдық айлықақы белгіленеді.

 

Шет тілі емтиханынан кім босатылады?

Жауап: Шетел тілдерін Жалпыевропалық құзіреттілікке (стандарттарға) сәйкес меңгерген, шет тілдерді меңгергендігін куәландыратын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсетін үміткерлер магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша мынадай емтихандардан босатылады:

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 337 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), (TOEFL, шекті балл — кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0);

Неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі);

Француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaisе (DELF, В1 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 300 балл).

Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.

Мамандығы бойынша емтиханға шетел тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.

Сынақты тестілеуден өту мәселесі бойынша қосымша ақпарат Ұлттық тестiлеу орталығының сайтында орналасқан (www.testcenter.kz).

 

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға болады ма?

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия магистратураға, докторантураға оқуға түсетін үміткерлердің, емтихан материалдарының мазмұнымен, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін арыздарды қабылдайды және қарайды.

 

Аппеляцияға өтінішті қалай беруге болады?

Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.

Емтихан және апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.

 

Магистарутаға және докторантураға қабылдау тәртібі қандай?

Магистратураға, докторантураға оқуға мамандық бойынша емтихан нәтижесі ең жоғарғы балл (бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады.

Балл жиынтығы тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жоғары үміткерлер басым құқыққа ие болады. Одан кейін таңдап алынған бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері есепке алынады:

1) ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы;
2) ғылыми зерттемелері туралы куәліктер;
3) ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар;
4) ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар.

Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.

 

Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздемеде не көрсетіледі?

Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздемеде:

1. Оқуға түсуге үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы.
2. Болжамды отандық кеңесшінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін жоғарғы оқу орны.
3. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы.
4. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
5. Ғылыми мәселенің әзірлену деңгейі.
6. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
7. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің объектісі мен пәні.
8. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің әдіснамасы.
9. Диссертациялық зерттеуден күтілетін қорытындылар, олардың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Оларды енгізу және апробациядан өткізудің болжанатын бағыттары.

Ескерту: Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме компьютерлік техника құралдарының көмегімен 14 «Times New Roman» шрифті өлшемімен бір жоларалық интервал арқылы үш парақтан кем емес көлемде басылады.