Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2018 жылғы «6» қарашадағы
№ 81бұйрығына №1 қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми кеңесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі — Академия) ректордың бұйрығымен құрылған ең жоғарғы алқалы басқару органы болып табылады.

2. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі — Бас Прокурор), Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

3. Ғылыми кеңестің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді.

4. Ғылыми кеңес өз жұмысын Ғылыми кеңестің отырысында бекітілген оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.

2. Ғылыми кеңестің мақсаттары мен құзыреті

5. Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:

1) жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын және ғылыми-зерттеу қызметін табысты іске асыру мақсатында Академияның білім алушылары мен қызметкерлеріне қажетті жағдайларды жасау;

2) Академияға қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту;

3) Академияның одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.

6. Ғылыми кеңестің құзыретіне мыналар жатады:

1) оқу, тәрбие, ғылыми-зерттеу, стратегиялық, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтерін және Академияның өзге де қызмет түрлерін ұйымдастырудағы барлық негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдау;

2) Академияның даму тұжырымдамасын анықтау;

3) Академия құрылымын анықтау;

4) Академияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін қарастыру;

5) оқу жұмыс жоспарын, академиялық күнтізбелерді, бақылау формаларын және Академияның оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми қызметіне қатысты басқа да құжаттарды бекіту;

6) магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;

7) Академияның оқу, ғылыми және әдістемелік еңбектерін қарау және басып шығаруға ұсыну;

8) Академия шығаратын журналдарды құру, қайта жасау және қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау, олардың жарғылық құжаттарын және бас редактордың кандидатурасын келісу;

9) Академияның қызметкерлерін үкіметтік марапаттарға және құрмет атақтарына ұсыну мәселелерін қарастыру;

10) Академияның ғылыми және құрмет атақтарын бекіту және беру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де мәселелерді қарастыру.

3. Ғылыми кеңестің құрамы

7. Академия ректоры Ғылыми кеңестің төрағасы болып табылады. Ғылыми кеңестің төрағасы төраға орынбасарын тағайындайды.

8. Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми құрамның өкілдері, сондай-ақ Академияның магистранттар мен докторанттары кеңесінің өкілдері кіруі мүмкін.

Ғылыми кеңестің құрамы 3 (үш) жыл мерзімге сайланады және мүшелердің тақ санынан тұрады. Қажеттілігіне қарай Академияның ортақ жиналысының шешімімен құпия дауыс беру арқылы оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Ғылыми кеңестің құрамына енгізілетін өзгерістер Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

9. Ғылыми кеңестің хатшысы Ғылыми кеңестің жұмыс органы болып табылады.

4. Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастыру

10. Ғылыми кеңестің отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, айына бір реттен кем емес мерзімде өткізіледі.

11. Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарына ұсыныстарды оның мүшелері Ғылыми кеңестің хатшысына оқу жылының басталуына 1 (бір) ай қалғанға дейін енгізіледі.

Жұмыс жоспары ағымдағы оқу жылы Ғылыми кеңестің бірінші отырысында бекітіледі.

12. Ғылыми кеңестің жоспардан тыс отырыстары Ғылыми кеңес төрағасының ұсынысы немесе Ғылыми кеңес мүшелерінің тізімдегі санының 1/3-інің бастамасымен шақыртылуы мүмкін.

Әрбір жағдайда Ғылыми кеңестің хатшысы Ғылыми кеңес мүшелеріне отырыс күні мен күн тәртібі туралы хабарлайды.

13. Ғылыми кеңестің отырысы егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса заңды күші бар болып табылады. Дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі отырысқа қатыса алмайтын болса, ол туралы 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Ғылыми кеңестің хатшысына хабарлауы керек.

14. Академияның Ғылыми кеңесінің отырысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Академия қызметкерлері, жұмыскерлері мен білім алушылары шақырылуы мүмкін.

15. Ғылыми кеңес отырысына дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей баяндамашылар қағаз және электронды түрде материалдарын (баяндамалар, шешім жобасы, талқыланатын материалдар) Ғылыми кеңес хатшысы мен Ғылыми кеңестің мүшелеріне береді.

16. Ғылыми кеңестің жоспардан тыс отырысы кезінде материалдар Ғылыми кеңестің хатшысы мен мүшелеріне Ғылыми кеңестің отырысына дейін 10 (он) күннен кешіктірмей беріледі.

17. Ғылыми кеңесте қарауға ұсынылатын материалдар алдын ала Академияның жетекшілік етуші проректорымен (болған жағдайда) келісілу қажет.

18. Ғылыми кеңесте қарауға ұсынылған құжаттар мынадай талаптарға сәйкес келу қажет:

1) мазмұны түсінікті, рет-ретімен жазылу керек, қажет болған кезде мәселенің (проблеманың) даму динамикасын көрсету;

2) оң нәтижелерді талдауды, кемшіліктерді (бар болса) және оларды болдырмау жөніндегі ұсыныстарды мазмұндау;

3) қорытындылар мен талқыланып отырған мәселені әрі қарай жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстарды мазмұндау.

Шешімнің жобасы іс-шаралардың орындаулына жауапты адамдар және оларды орындау мерзімі (бақылауға жататын) көрсетілген нақты жинақтаушы (нәтижелі) бөліктен тұрады.

19. Ғылыми кеңестің мүшелері Ғылыми кеңестің отырысына дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал жоспардан тыс отырыс кезінде 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей баяндамашы мен Ғылыми кеңестің Хатшысына ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

20. Жетекшілік етуші проректормен (болған жағдайда) және Ғылыми кеңестің мүшелерімен келісілмеген жағдайда, материалдарды қайта жасауды қажет ететін ескертулер болған жағдайда, Ғылыми кеңес хатшысы ұсынылған материалдарды қайта жасау үшін қайтаруға және оларды қайта жасау үшін мерзім белгілеуге құқылы.

21. Ұсынылған материалдарда елеулі ескертулер болған жағдайда, Ғылыми кеңестің төрағасы аталған мәселені күн тәртібінен алып тастау немесе оны Ғылыми кеңестің басқа отырысына ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

22. Ғылыми кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысушы Ғылыми кеңес мүшелерінің 50% астамы дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

Шешім егер Ғылыми кеңес жасырын дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдамаса, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Дауыс беру нәтижелері Ғылыми кеңестің хаттамасына енгізіледі.

Дауыс беру кезінде болмаған Ғылыми кеңестің мүшесі дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыс беруге құқықғы жоқ.

23. Жасырын дауыс беру бюллетень арқылы жүзеге асырылады. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін санау үшін, Ғылыми кеңес Ғылыми кеңестің үш мүшесінен тұратын санақ комиссиясын таңдайды.

Санақ комиссиясының құрамына:

1) Жасырын дауыс беру үшін бюллетеньге тегі қосылған адам;

2) Академияның Ғылыми кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары, Ғылыми кеңес хатшысы;

3) жасырын дауыс беруге үміткерлерді ұсынатын адам таңдалмайды.

24. Жасырын дауыс беруге қатысатын тұлғаларға әрбір мәселелер бойынша жасырын дауыс беру үшін жеке бюллетень беріледі. Дауыс берілгеннен кейін ол санақ комиссиясымен мөрленген арнайы жәшікке салынады.

25. Санақ комиссиясы жасырын дауыс берудің нәтижесі туралы хаттама жасайды, хаттамаға санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және оны Ғылыми кеңестің отырысында Санақ комиссиясының төрағасы оқиды.

26. Ғылыми кеңестің отырысы (шешімі) Ғылыми кеңестің хатшысы дайындаған хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға Ғылыми кеңестің хатшысы мен Төрағасы қол қояды.

27. Ғылыми кеңестің шешімдері оларға Ғылыми кеңестің төрағасы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Ғылыми кеңестің шешімдерін отырыстан кейін бір аптадан кешіктірмей Ғылыми кеңестің хатшысы орындаушылар мен Ғылыми кеңестің мүшелеріне жолдайды.

28. Ғылыми кеңестің хаттамаларын есепке алуды, қабылданған шешімдердің орындалуын Ғылыми кеңестің хатшысы қамтамасыз етеді.

29. Ғылыми кеңестің отырысында қарауға арналған құжаттарды әзірлеу мерзімдері мен олардың сапасының бұзылуы, оның қабылдаған шешімдерінің орындалмауы кезінде Ғылыми кеңестің хатшысы Академия ректорына баяндау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін орындаушылардан түсінік беруін талап етуге құқылы.

5. Ғылыми кеңес төрағасының өкілеттігі

30. Ғылыми кеңестің төрағасы:

1) Ғылыми кеңес отырыстарын жүргізеді;

2) Академияның оқу, ғылыми, ұйымдастыру және басқару қызметіне қатысты мәселелерді шешуге қатысады;

3) Ғылыми кеңестің жоспарлы және жоспардан тыс отырысының күні туралы шешімді қабылдайды;

4) Ғылыми кеңестің жоспардан тыс отырыстарын өз бастамасы бойынша немесе мүшелердің 1/3-інің бастамасымен белгілейді;

5) жедел қарастыруды талап ететін мәселелерді Ғылыми кеңес отырысының күн тәртібіне енгізеді;

6) жекелеген мәселелерді талқылауды болдырмау немесе Ғылыми кеңестің басқа отырысына ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

9) Ғылыми кеңесті жүргізуге жататын құжаттарға қол қояды;

11) Ғылыми кеңестің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Академия регламентіне, Академия Жарғысына сәйкес шешеді.

6. Ғылыми кеңес хатшысының функциялары

31. Ғылыми кеңестің хатшысы:

1) Ғылыми кеңестің отырыстарын дайындау бойынша және оларды өткізу кезінде жұмыстарды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2) Ғылыми кеңес отырысына материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

3) Ғылыми кеңеске ұсынылатын материалдардың сапасын бақылайды, материалдарды қайта жасауға қайтарады, қайта жасау мерзімдерін белгілейді;

4) Ғылыми кеңес отырысының қажетті үзінділерін және қабылданған шешімдерді әзірлеп, Академияның құрылымдық бөлімшелеріне (орындаушыларға) жолдайды;

5) ғылыми, құрмет атақтарын, мемлекеттік және үкіметтік наградаларды, сыйақыларды беру үшін материалдарды дайындайды және жолдайды;

6) Академияның оқу, ғылыми, стратегиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметі мен Ғылыми кеңес жұмысын жетілдіру бойынша Академия ректорына ұсыныстар енгізеді.

7) Бас Прокурордың бұйрығымен бекітілген прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережелеріне сәйкес Ғылыми кеңестің құжаттарын жүргізеді.

8) Ғылыми кеңестің құрамын өзектендіру бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерімен өзіне жүктелген өзге де міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.