Халықаралық ынтымақтастық

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама, бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен өзге де тұжырымдамалық құжаттарды тиімді іске асыру озық халықаралық тәжірибені жүйелі зерделеуге, сондай-ақ шет елдердің жетекші оқу және білім орталықтарымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігі әлемдік білім кеңістігінің жаһандануы негізінде туындап отыр, осы тұрғыда стандарттарды үйлестіру, ғылым мен білім саласында инновациялық технологияларды қолдануда жұмыс тәжірибесімен алмасу кадрларды даярлау жүйесінің одан әрі дамуына итермелейтін маңызды күш бола алады.

Академияның институционалдық дамуы аясында шетелдің ғылыми және білім беру мекемелерінің үздік әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс және олармен өзара іс-қимылды реттеу жалғасуда.

Осы орайда Академия Ресей Федерациясының прокуратура университеті, ILEA халықаралық құқық қорғау органдары академиясы сияқты беделді шетелдік ғылыми және оқу мекемелермен, және басқа елдердің мамандандырылған жоғары оқу орындарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

Академия келесі халықаралық ұйымдар және қаржы институттары: Дүниежүзілік Банк, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, есірткі және қылмыс жөніндегі басқарма, ТИКА, Германия Фридрих Эберт, Конрад Адэнауэр, IRZ қорлары алдыңғы қатарлы шет елдердің елшіліктері мен дипломатиялық миссияларымен ынтымақтастықты дамытуда.

Құқық қорғау органдары мен Академия өкілдері халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, дөңгелек үстелдердің, білім беру семинарлары мен тренингтердің жұмысына белсенді қатысады.

2016 жылдан бастап Академия жаһандық қауіп — қатерлерге: терроризмге, адам саудасы, қаржылық, нарко-киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың Өңірлік хабы болып табылады.

Хабтың негізгі мақсаты Орталық Азия өңірінің құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимыл деңгейін арттыру, қылмыстың жаңа қатерлері мен сын-тегеуріндеріне, әсіресе оның трансұлттық ұйымдасқан нысандарына барынша барабар және тиімді ден қою шараларын әзірлеу, жұмыс тәжірибесімен алмасу, Академия алаңында білім беру халықаралық жобаларын іске асыру болып табылады.

Хаб мәртебесі шеңберінде 3287 құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері оқытылды, оның ішінде Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Түркіменстан, Украина, Грузия, Армения, Тәжікстан, Пәкістан құқық қорғау органдарының 1700 қызметкері.

2018 жылдан бастап Академия қаржылық (салықтық) тергеу органдары үшін ТМД базалық ұйымы болып табылады (ТМД, Куба, Ауғанстан, Иран және Пәкістан сияқты елдердің 1700 шетелдік азаматы оқудан өтті) 2020 жылдан бастап прокурорлық – тергеу қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ТМД базалық ұйымы, 2021 жылы Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс – қимыл жөніндегі желінің төрағасы және ҚЖ/ТҚ саласындағы халықаралық желілік институттың қатысушысы болып табылады.

Шетелдік жоғары оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы 23 келісім жасалды.

125 ғылыми-білім беру іс-шарасы өткізілді, оған Ресей, Германия, АҚШ және басқалары сияқты 368 халықаралық және шетелдік сарапшылар тартылды.

Халықаралық серіктестердің белсенді қолдауымен Академия құқық қорғау органдарының 280 қызметкерінің тәжірибе алмасу, оқу және халықаралық іс-шараларға қатысу үшін шетелге шығуын ұйымдастырды. Тек 2019 жылы Құқық қорғау органдарының 110 қызметкері Австрия, Венгрия, Германия, Индонезия, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция сияқты елдерге барды.