Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу емтихандарының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету рәсімдері

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 3-25 шілде аралағында: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы а., Республика көшесі,16 мекенжайында өтеді.

Оқуға қабылдау қағидалары мен құжаттар тізімі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына қабылдау мен оқыту қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген) реттеледі.

Түсу емтихандары екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең: 2020 жылғы 10-15 тамыз аралығында шет тілінен емтихан. Емтиханның тәртібі мен өткізілетін орнын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы анықтайды.

2-кезең: 2020 жылғы 15-20 тамыз аралығында мамандық бойынша түсу емтиханы. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы а, Республика көшесі 16 мекенжайы бойынша Академия ғимаратында теді (емтиханға шет тілінен кем дегенде 30 балл жинаған үміткерлер, сондай-ақ шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біріне ие үміткерлер үміткерлер жіберіледі).

ТҮСУ ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ:
1. Әділдік
2. Ашықтық
3. Мүмкіндіктің теңдігі
4. Кәсіби білім мен тәжірибе конкурстық іріктеудің жалғыз өлшемшарты болып табылады.

МАҚСАТ: Магистратура мен докторантурада оқуға ең үздік кандидаттарды іріктеу

ШЕШІМ: Қойылған мақсатқа қол жеткізу және қағидаттарды іске асыру үшін Академия өз білімі арқылы болмаса, басқа мүмкіндігін болдырмайтын түсу емтиханын өткізу жүйесі қолданады, онда мыналар көзделген:

1. Емтихан өткізу кезінде қабылдау және бақылау режимі

1.1 Емтихан өткізілетін күні Академия ғимаратында тек Академия Ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау және емтихан комиссияларының мүшелері, тәуелсіз бақылаушы ұйымдардың өкілдері ғана бола алады.

1.2 Оқуға үміткерлерді кіргізу қабылдау комиссиясының тізіміне сәйкес қатаң түрде жеке куәлік бойынша жүзеге асырылады.

1.3 Техникалық құралдардың көмегімен емтиханға жіберуге тыйым салынған заттардың (ұялы телефондар,планшеттер,шпаргалка,оқулықтар) болуына тексеру жүргізіледі.

1.4 Емтиханд өткізуді бейнебақылау мен жазу тұрақты түрде жүзеге асырылады.

2. Білімді бағалауда ашықтық және объективтілік.

2.1 Жауап беру парақтарында штрих-кодтар қолданылады. Емтихан комиссиясының мүшелері тексерілетін жауап парағы қай кандидатқа тиесілі екені туралы ақпарақта қол жеткізе алмайды.

2.2 Емтихан билетінің әрбір тапсырмасы бойынша үміткердің жауабы бірнеше емтихан қабылдаушымен тексеріледі.

Емтихан бағасы билеттің әрбір сұрағы бойынша орташа балл шығару және орташа баллдарды қосу арқылы қойылады.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ
Скачано: 17, размер: 87.6 KB
Баянат үлгісі
Скачано: 15, размер: 267.5 KB