Назарбек Шаруанұлы Жемпиисов – арнайы заң пәндері кафедрасының меңгерушісі
Аға әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 19 жыл
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік» (мамандығы: 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылығы: криминология және қылмыстық құқық мәселелері, ұлттық қауіпсіздік, геосаясат, макроэкономика.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 40-қа жуық ғылыми жұмысы бар, оның ішінде: қаржы полициясының тергеуіне жатқызылған қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына түсінік; Оқу құралдары: «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» (тең автор), «Криминология (Жалпы бөлім)».
«6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми дәреже алу үшін диссертация қорғаған 1 PhD докторы бар.
Магистратура мен докторантурада пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
магистратурада пәндер бойынша:
– «Қылмыстарды алдын алу»;
– «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету»;
докторантурада пәндер бойынша:
– «Қылмысқа қарсы іс-қимыл стратегиясы»;
– «State legal provision of national security of the Republic of Kazakhstan» (ағылшын тілінде).
Ернар Нұрланұлы Бегалиев – арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры
Әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 21 жыл.
Жетістіктері:
– 2005 жылы 12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығы бойынша «Ақша белгілерін қолдан жасау жолымен жасалатын қылмыстарды тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбында заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
– 2015 жылы 12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығы бойынша «Материалдық объектілерді қолдан жасау жолымен жасалатын қылмыстарды тергеудің теориялық негіздері» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Басылымдары: 180-дан астам ғылыми еңбектердің авторы.
Ғылыми қызығушылығы: криминалистика; сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі.
«6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми дәреже алу үшін диссертация қорғаған 5 PhD докторлар бар.
Оқытатын пәндері:
– «Қазіргі криминалистикадағы жаңашылдықтар»;
– «Криминалдық пәндер циклы бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі».
Виталий Вячеславович Хан – арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры
Кіші әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 17 жыл
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірістің ағылшынсаксондық моделі (Англия мен АҚШ-тың қазіргі заңнамалары мысалында)» (мамандығы: 12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі).
Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық процестің, құқық қорғау органдары мен сот билігінің теориясы мен тарихы мәселелері; қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық және процессуалдық кепілдіктерін іске асыру мәселелері; құқық қорғау және сот қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету тетіктері; сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу туралы ілім; процессуалдық мәжбүрлеу шараларының тұжырымдамасы және сот дәлелдемелерінің теориясы; қылмыстық қудалауға балама және қылмыстық қуғын-сүргін; қылмыстық іс жүргізу құқығын оқыту әдістемесі.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 100-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Докторантурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
– «Қылмыстық іс жүргізу нысаны»;
– «Қылмыстық процестегі дәлелдеудің доктриналық негіздері»;
– «Қылмыстық іс жүргізу құқығының теориялық мәселелері»;
– «Қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелері мен сот дәлелдемелері туралы ғылыми теориялар».
Филипец Оксана Борисовна – арнайы заң пәндері кафедрасының доценті
Заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 23 жыл
Жетістіктері:
– 12.00.08-қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты.
– Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар (ММ 2014 жылғы 28 наурыздағы № 003942).
Жарияланымдар: 70-тан астам жарияланған мақалалары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктемелердің, қылмыстық құқық жөніндегі оқулықтардың, міндеттер жинақтарының, монографиялардың бірлескен авторы.
Ғылыми қызығушылығы: қылмыстық құқық, қылмыстық -атқару құқығы.
Оқытатын пәндері:
– Құқық қорғау қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы;
– Қылмыстық-атқару заңнамасын қолданудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері;
– Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері;
– Қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын іске асыру тәжірибесі мен құқықтық реттеу мәселелері;
– Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасын қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері;
– Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері.
Асель Муратовна Алибекова – арнайы заң пәндері кафедрасының доценті
Кіші әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Уголовно-правовая и криминологическая характеристика незаконного предпринимательства» (мамандығы: 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық құқық және қылмыстық-атқару құқығы.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 30 – дан астам жарияланған жұмыстары бар, оның ішінде «Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан» (бірлескен авторлықта), «Уголовное право Республики Казахстан: Особенная часть» оқулығы (бірлескен авторлықта), «Уголовно – правовые, пенитенциарные и криминологические меры противодействия терроризму в учреждениях уголовно-исполнительной системы Республики Казахстан» оқу құралы (бірлескен авторлықта), ғылыми мақалалар.
Магистратура мен докторантурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
– «Құқық қорғау қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасы»;
– «Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын құқықтық реттеу және іске асыру практикасының мәселелері»;
– «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері»;
– «Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатын құқықтық реттеу және іске асыру мәселелері»;
– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шараларының мәселелері».
Динара Талғатқызы Амуртаева – арнайы заң пәндері кафедрасының доценті
2-ші сыныпты заңгер, заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 23 жылы
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Проблемы квалификации причинения тяжкого вреда здоровью по уголовному законодательству Республики Казахстан» (мамандығы: 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық – атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық құқық, криминология қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзущылықты саралау мәселелері, пробация және қалпына келтіру әділеттілігігің проблемалық мәселелері.
Ғылыми-зерттеу қызметі: Ғылыми-зерттеу қызметі: ҚКСОН және РҒДИ ұсынған импакт-факторлы журналдарда 60-тан астам жарияланымдары бар, оның ішінде 2 оқу құралы шығарылған.
Магистратура мен докторантурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
«Трансұлттық қылмыстарға қылмыстық-құқықтық құралдармен қарсы іс-қимылдың проблемалары;
«Қазақстанда пробация институтын қолдану тәжірибесі: мәселелері мен даму болашағы»;
«Қалпына келтіру сот төрелігі институтының мәселелері»;
«Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қызмет. Практикум»;
«Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру мәселелері».
Ерғазы Ерденұлы Қаженов – арнайы заң пәндері кафедрасының доценті
Әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 18 жыл
Кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Куәгер мен жәбірленушінің көрнеу жалған жауап беру жауаптылығының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері» (мамандығы 12.00.08-қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылығының саласы: қылмыстық және қылмыстық-атқарушылық құқығы, халықаралық қылмыстық құқық.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар
Жарияланымдар: 50-ден астам ғылыми еңбектері бар.
Оқытатын пәндері:
– «Құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығы»;
– «Қылмыстық құқық бойынша Практикум».
Медиев Ренат Аманкелдіұлы – арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, әділет кеңесшісі, (PhD) докторы, қауымдастырылған профессор (доцент)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 12 жыл
Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін қайта қалыптастыру жағдайында тергеушінің тергеу және жедел-іздестіру өкілеттігінің қылмыстық іс жүргізу синтезі».
Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық процесс, криминалистика, ЖІҚ.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 60-тан астам жарияланған жұмыстары бар (ғылыми мақалалар, оқу әдістемелер мен құралдар, монографиялар).
Оқытатын пәндері: «Қазақстан Республикасында жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде адам құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»; «Қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы оқиға орнын тексеру мәселелері»; «Ұрлықты тергеу ерекшеліктері»; «Шет елдердің тергеушісінің тергеу және жедел-іздестіру өкілеттіктерінің қылмыстық іс жүргізу синтезі».
Мулдир Ерлановна Тулеуова – арнайы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы
Әділет кеңесшісі, заңтану магистрі.
Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Алдын ала тергеу сатысында қорғаушының қатысуы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің құралы: проблемалы аспектілері»
Ғылыми-зерттеу қызметі: қылмыстық-процестік құқық.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 50-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Магистратурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
– ҚР құқық қорғау қызметінде заңнаманы қолданудың теориясы мен практикасы
– Қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын құқықтық ретту және құқық қолдану практикасының мәселелері
– Қылмыстық процестік құқық бойынша практикум
Августхан Сырым Августханұлы – арнайы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы
Әділет кеңесшісі, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы
Ғылыми-педагогикалық қызметтегі тәжірибесі: 11жыл
Диссертация тақырыбы: «Проблемы правового и криминолого – криминалистического обеспечения расследования насильственных преступлений, совершаемых в уголовно-исправительных учреждениях стран снг»
Ғылыми қызығушылық бағыты: қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, пробация сұрақтары
Ғылыми-зерттеу қызметі: 30-дан артық ғылыми жұмыс
Магистратурада келесі пәндер бойынша сабақ өткізеді:
«Қылмыстық-атқару заңнамасын қолданудың теориясы мен практикасының проблемалары»
«Қазақстан Республикасында пробация институтын қолдану практикасы»
«Қазақстан Республикасында трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шаралары»
Артур Алишерұлы Баймаханов – арнайы заң пәндері кафедрасының оқытушысы
Кіші әділет кеңесшісі, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 5 жыл.
Диссертация тақырыбы: «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды тергеп-тексерудің және алдын алудың ұйымдық-құқықтық аспектілері»
Ғылыми қызығушылығы: қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері.
Ғылыми-зерттеу қызметі: 20-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Магистратурада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
«Қазақстан Республикасында пробация институтын қолдану практикасы»;
«Қылмыстық процестік құқық бойынша практикум»;
«Жымқыруды тергеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері»;
«Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қызмет. Практикум»;
«Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы»