Институт туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2021 жылғы «29» қазандағы
№80 бұйрығына №4 қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Прокуратура туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарын, институттың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның орынбасарларының, Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Институттың құрылымы мен штаттық санын Академия ректорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бас Прокуроры бекітеді.

4. Институт:

1) Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы;

2) Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;

3) Жалпы заң пәндері кафедрасы;

4) Арнайы заң пәндері кафедрасынан тұрады.

2. Институттың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндет:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету

Функциялар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен оқу процесін, оның ішінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік жұмысты, Институт кафедраларының бір немесе бірнеше ұқсас пәндері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың және Академия Ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Академия білім алушыларының кәсіптік тәжірибеден және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;

5) Академияның шығарушы кафедрасының кеңейтілген отрысының қызметін сүйемелдеу;

6) Академия жасаған келісімдер мен меморандумдар шеңберінде оқу орындарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау;

7) нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) сәйкестігіне Институттың білім беру қызметіне талдау жүргізу;

8) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырудың инновациялық нысандары мен әдістерін, шетелдік, ұлттық оң тәжірибені, Институттың практикалық қызметіне ұсыныстар енгізу, зерттеу, іздеу;

9) Институт қызметін ұйымдастыруға қатысты, оның ішінде білім беру процесін жетілдіру мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және өзектендіру;

10) жұмыс топтарына, ведомствоаралық кеңестерге қатысу, НҚА құқықтық мониторингілеу және жобаларын пысықтау, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

11) Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және шаралар қабылдау;

12) құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Академияға қабылдауды жүзеге асыру, оның ішінде үгіт жұмыстарын қамтамасыз ету;

13) Академияның 3-Институтының ғылыми жарияланымдарының тізілімін жүргізу;

14) Институт қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

15) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6. Міндет:

Академияның магистранттары және докторанттарымен жұмысты ұйымдастыру.

Функциялар:

1) білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру бойынша құқықтық актілерді әзірлеу;

2) Академияның магистранттары мен докторанттарын қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен білім алушылар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

4) Академия білім алушыларының Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген талаптарды білім алушылардың сақтауын ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету;

5) Институт құзыреттілігі шеңберінде әлеуметтік мәселелер бойынша білім алушылардың жұмысын ұйымдастыру;

6) Академияның Магистранттар және докторанттар кеңесінің қызметін сүйемелдеу;

7) Академияның магистранттары мен докторанттарымен жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

8) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

7. Міндет:

Институттың құзыреті шеңберінде ақылы қызмет түрлерін жылжытуды жүзеге асыру, ұйымдастыру.

Функциялар:

1) қызметтердің, тауарлар мен жұмыстардың әлеуетті тапсырыс берушілерін іздеу;

2) ақылы қызмет түрлерін көрсету мәселелері бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;

3) ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру;

4) ақылы қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

8. Институт қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері:

1) Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес:

Бас прокуратура басшылығының, Академия ректорының, Академияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтетін кеңестерге, сондай-ақ Институт қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда ұйымдастырылатын және өткізілетін кеңестерге қатысуға;

Академияға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті Академияның құрылымдық бөлімшелерінен белгіленген тәртіппен ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

Институт қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен мекемелерден ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

Институт құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен және ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге, Академияның, Институттың және басқа да прокуратура органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерді кәсіби қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың, Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген ақылы қызметтердә ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың, Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2) Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурор мен Академия Ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес:

берілген өкілеттіктер шегінде қызметті жүзеге асыруға;

Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнама талаптарын, Бас Прокурор мен Академия ректорының актілерін мүлтіксіз сақтауға;

құзыреті шегінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға;
Академияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Бас Прокурордың, Академия ректорының құқықтық актілерімен, институттың міндеттері мен функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерімен танысуға;

Институттың міндеттері мен функцияларына сәйкес құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеуге;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде қарауға;

мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Институт қызметін ұйымдастыру

9. Институт заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Бас Прокурордың және Академия ректорының бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Институтты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Академия ректоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.

11. Институт директорында өзі жоқ кезеңде орнын алмастыратын директордың орынбасары – Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы бар.

12. Институт директоры Институт қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Институтқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

13. Осы мақсатта Институт директоры:

1) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісе отырып, өзінің орынбасары – Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы бастығының өкілеттіктерін белгілейді;

2) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісім бойынша Институттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттігін анықтайды;

3) Институттың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, Институттың Бас прокуратурамен, оның ведомстволары мен мекемелерімен, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық прокуратуралармен және оларға теңестірілген орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

4) Институт жұмысының мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді институт қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

5) Институт қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады;

6) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісім бойынша Институтта кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, бағынысты қызметкерлер мен жұмысшыларға тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

7) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісім бойынша ректорға Институт қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік шараларды қолдану, сыныптық шең, сыныптық біліктілік беру туралы ұсыныстар енгізеді;

8) Институт қызметкерлері мен жұмысшыларының атқарушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді және оларға дербес жауапты болады;

9) Бас Прокурордың, Академия ректорының, жетекшілік ететін Академия проректорының бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмаларының, Бас прокуратураның, Академияның алқалық органдары шешімдерінің, Бас Прокурор мен ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестердің Институттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

10) Академия білім алушыларының жеке қабылдауын өткізеді;

11) Академия ректорының, жетекшілік ететін проректордың тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер мен олардың дербес тапсырмаларын орындайды;

12) Институт атынан қызметтік құжаттарға қол қояды.

13) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Бас Прокурордың және Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Институт директорының орынбасары – Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы:

1) өз өкілеттігі шегінде Институттың, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

2) Институт директоры болмаған кезеңде Институт қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Институт директорына кадрларды іріктеу, қызметкерлер мен қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу, сыныптық шең беру, көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

4) Институт қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;

5) жетекшілік ететін бөлімшенің қызметіне, қызметкерлердің атқарушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауына басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;

6) Академияның білім алушыларын қабылдайды;

7) жетекшілік ететін бағыт мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді Институт қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

8) басшылық ететін бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және оның жұмысын жоспарлайды, өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады, сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің қызметтік (функционалдық) міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;

9) басшылық ететін бөлімшенің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды;

10) бағынысты қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

11) Академияның алқалық органдарының жұмысына қатысады;

12) Институттың іс жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;

13) құзыреті шегінде Институт директорының атына қызметтік құжаттамаға қол қояды;

14) Институттың имидждік және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;

15) Академияның мәдение нығаюына бағытталған Институттың жалпы мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларын ұйымдастырады.

16) Академияның жетекшілік ететін проректоры және Институт директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Институт қызметкерлері мен жұмысшылары міндеттерді бөлудің пәндік қағидаттарына сәйкес өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді, сондай-ақ Академия Институты басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

16. Институт атынан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне Институттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға Институт директоры, ал Институт директоры болмаған жағдайда – оның орнындағы адам қол қояды.

17. Институт тікелей Академия ректорына басқа құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды адамдарына тікелей жетекшілік ететін проректорға бағынады.

18. Институтта жалпы іс жүргізу Прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттау және құжаттаманы басқару ережелеріне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.