Қылмыстық саясат және криминология мәселелерін зерттеу орталығы

Жижис Станислав Альфонсасович

Орталық бастығы

Аға әділет кеңесшісі

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 2019 жылдан бастап

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталды

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасы

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Формирование научно-обоснованных подходов к определению понятия «неприкосновенность частной жизни» тақырыбындағы ғылыми зерттеудің авторлық ұжымының мүшесі».

ҚР Әділет министрлігі жанындағы ҚК және ҚПК қайта қарауды жүргізу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі

 

Түсіп Төлеген Амантайұлы

Бас ғылыми қызметкер

Аға әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2019 жылдан бастап.

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы прокуратурасының, ІІМ ведомстволық наградаларымен марапатталған. 2023 жылы Академияның «Құрмет тақтасына» енгізілді.

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасы, қылмыстық-атқару құқығы.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсу себептерін, сондай-ақ олардың жасалу себептері мен жағдайларының алдын алу проблемаларын зерделеу», «Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жасалуын талдау және олардың алдын алу».

«Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыру», «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық: ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру нысандарын криминализациялау / декриминализациялау», «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары: даму мәселелері мен үрдістері», «Қазақстандағы қаржылық тергеп-тексеру институты» монографияларының бірлескен авторы. Авторлық ұжым құрамында «Ұрланған активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша әдістемелік ұсынымдарды» әзірлеуге қатысты.

 

Кулмуханбетова Бибигуль Аманжоловна

Бас ғылыми қызметкер

Аға әділет кеңесшісі

Заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану доценті (associate professor), гуманитарлық ғылымдар магистрі (MA in CDC, University of Warwick, UK)

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 26 жыл.

Жетістіктері:

ҚР БҒМ БҒСБК 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін бере отырып, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша мүліктік жаза» тақырыбында диссертация қорғау; ҚазГЗУ диссертациялық кеңесінде Қылмыстық-атқару құқығы (Астана, 2005).

РФ Білім және ғылым саласындағы қадағалау бойынша Федералдық қызметінің ҚР заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін РФ заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне балама ретінде тануы (Мәскеу, 2007).

ҚР БҒМ БҒСБК Құқықтану доценті (associate professor) ғылыми атағын беру (Астана, 2010).

ҚР БҒМ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу (Астана, 2015).

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау (2015).

Уорик университетінің магистратурасын «мансапты дамытудағы Коучинг» мамандығы бойынша үздік бітіріп, «гуманитарлық ғылымдар магистрі» біліктілігін алды (Ковентри, Ұлыбритания, 2019). «Labour Market Transitions Amongst Police Officers in Kazakhstan» тақырыбындағы магистрлік диссертация.

Біліктілікті арттырудың 20-дан астам курстарында, оның ішінде ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Сцинзян полиция колледжінің базасында заңдарды сақтау және басқарушы шешімдер қабылдау мәселелері бойынша (Үрімші, ҚХР, 2013), академиялық оқуға арналған ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Рединг университетінде (Рединг, Ұлыбритания, 2017), бенефициарларды пайдалана отырып сәйкестендіру бойынша ЕҚЫҰ-да оқудан өтті. кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты талдаудың және ведомствоаралық ынтымақтастықтың заманауи құралдары КЖ/ТҚҚ (Астана, Қазақстан, 2020), Жол жүру құжаттарын қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы (Астана, Қазақстан, 2022)

Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы; Құқық қорғау қызметі; адами ресурстарды дамыту.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

60-тан астам еңбектердің авторы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме, қылмыстық құқық және криминология бойынша Оқу құралдары, бірқатар мамандандырылған басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар (соның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым және Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған және Scopus және РИНЦ мәліметтері базасына кіретін журналдарда).

Құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылатын қызметкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша «жаңа мансап құру» оқыту курсының авторы.

 

Сейткасимова Индира Нурдильдиновна

Бас ғылыми қызметкер

Аға әділет кеңесшісі

Ұлттық қаіпсіздік және әскери іс магистрі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2021 жылдан бастап.

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық процессуалдық заңнамасы.

Ғылыми-зерттеу қызметі: өңірлік қылмыстылықты криминологиялық болжау; есірткі қылмыстылығы және есірткіні тұтынуға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру; елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару.

 

Жүсіпова Зада Темірқанатқызы

Жетекші ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Зерттеу тәжірибесі: 2020 жылдан бастап

Жетістіктері: мерейтойлық медальдармен және Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталған

Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық құқық; құқық қорғау қызметі

Ғылыми-зерттеу қызметі: монографиялардың бірлескен авторы «Наказание в уголовном праве», «Пытки: проблемные вопросы уголовно-правового и процессуального урегулирования в пенитенциарных учреждениях Республики Казахстан».

 

Аймухамбетова Камиля Мурзабаевна

Жетекші ғылыми қызметкер

Кіші әділет кеңесшісі

Заң ғылымдарының магистрі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2016 жылдан бастап

Жетістіктері: Орал мемлекеттік заң университетінің магистратурасы (Екатеринбург қ., 2019 ж.), ҚР нострификациялаудан өтті, 2019 ж.

Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Ғылыми қызығушылық саласы: азаматтық құқық, еңбек құқығы, жер құқығы.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Противодействие коррупции в новых экономических условиях», «Криминологическая характеристика и профилактика убийств: современное состояние и прогноз» «Қылмыскер тұлғасы: криминологиялық зерттеу», «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алудың криминологиялық аспектілері» және «Жаппай тәртіпсіздіктерді квалификацилау және тергеу ерекшеліктері» атты ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша авторлық ұжымның мүшесі болды.

 

Мирзалимова Рамиля Аблетиповна

Аға ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 2009 жылдан 2022 жылға дейін

Оқытатын пәндері: қылмыстық құқық, криминология

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық наградаларымен марапатталған

Диссертация: «Предупреждение преступлений в сфере выпуска и обращения ценных бумаг: уголовно-правовые и криминологические аспекты» (2010ж.)

Ғылыми мүдделер саласы: қылмыстық құқық, криминология, құқық қорғау қызметі.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жетілдірудің кейбір мәселелері», «Шетелдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстан Республикасы Жол полициясы органдарын жетілдіру перспективалары», «ІІО-да стратегиялық жоспарлау», «Патрульдік полицияның саптық бөлімшелеріне көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүктемені есептеудің негіздемесі мен әдістемесі», Табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция инспекторының анықтамалығы.

 

Шегебаева Айгерім Рысбайқызы

Аға ғылыми қызметкер

Кіші әділет кеңесшісі

Философия докторы (PhD)

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 13 жыл

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының диссертациялық кеңесінде «Қазақстанның қылмыстық-құқықтық саясатында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D030300 – құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алумен докторлық диссертация қорғалды (Қарағанды, 2016).

Ғылыми мүдделер саласы: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы; құқық қорғау қызметі.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

10-нан астам біліктілікті арттыру курстарында оқыды, соның ішінде Будапешт қ. Халықаралық құқық қорғау органдары Академиясының (ILEA) «Қылмыстық сот төрелігі секторындағы әйелдердің көшбасшылығы» тақырыбында Қазақстан, Армения, Босния және Герцеговина, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің құқық қорғау, сот және прокуратураның әйел қызметкерлерінің қатысуымен онлайн семинарға қатысты.

30-дан астам еңбектің, оның ішінде қылмыстық құқық және криминология бойынша оқу құралдарының, бірқатар мамандандырылған басылымдарда (оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым және Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған және Scopus дерекқорына кіретін журналдарда) жарияланған ғылыми мақалалардың авторы.