Қылмыстық процесс проблемаларын зерттеу орталығы

Шакаримов Адлет Салимханович

Орталық бастығы

Әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2019 жылдан бастап

Жетістіктер: қаржы полициясы органдарының ведомстволық медалі, грамоталар

Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық процесс, қылмыстық құқық, нормашығармашылық, атқарушылық іс жүргізу

Ғылыми-зерттеу қызметі:

«Экономикалық қылмыстардың кешігуі бойынша», «Салықтық қылмыстар бойынша залал мөлшерін саралау туралы», «Медициналық қылмыстар бойынша» ғылыми еңбектердің авторы;

«Вопросы усиления защиты прав предпринимателей и их законных интересов», «Усиление гарантий защиты прав граждан в уголовном процессе» монографияларының, Рейдерлік фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау және жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың бірлескен авторы;

«Теоретические и прикладные вопросы разграничения коррупционных и управленческих нарушений и исключения необоснованного привлечения к ответственности» тақырыбы бойынша зерттеудің авторлық ұжымының мүшесі.

 

Адилов Арман Махметович

Бас ғылыми қызметкер

Аға әділет кеңесшісі

Прокуратура органдарында 1999 жылдан бастап жұмыс тәжірибесі, оның ішінде Бас прокуратурада, Қостанай және Қарағанды облыстарының прокуратураларында басшылық позициялары. 2016-2017 ж. ж. хатшы-Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі хатшылығының басшысы

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2021 жылдан бастап

Жетістіктер: прокуратура органдарының, ҚР ІІМ ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық процесс, жазаларды орындау.

Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің суицидтік жағдайларын тергеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың тең авторы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу)

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Қылмыстық процестің жалпы құқықтық принциптері және оларды құқық қолдану қызметінде іске асыру» тақырыбындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеудің авторлық ұжымының мүшесі.

 

Сагымбеков Бахытжан Жасамуратович

Бас ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Құқық магистрі (LLM, АҚШ)

Жетістіктер: «Болашақ» бағдарламасының степендиаты, «Кісі өлтірудің криминологиялық сипаттамасы және алдын алу: қазіргі жағдайы және болжамы» атты ғылыми-практикалық оқу құралының бірлескен авторы; Стамбул протоколының стандарттары негізінде азаптаулар туралы қылмыстық істерді тергеу бойынша Әдістемелік ұсынымдардың бірлескен авторы. 20-дан астам ғылыми мақалаларды жариялады (соның ішінде 3 ағылшын тілінде).

2016 жылы Алғыс хатпен, 2017 жылы Құрмет грамотасымен марапатталған. «Академияның Құрмет тақтасына»енгізілді.

Ғылыми қызығушылық саласы: халықаралық құқық, қылмыстық құқық және процесс, әкімшілік құқық.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Жаңа экономикалық жағдайларда коорупцияға қарсы іс-қимыл», «Капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл», «Өлім жазасын қолдану аясын тарылту», «Кибералаяқтыққа, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл әдістерін жетілдіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету». «Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері».

 

Сердалинов Курганбек Магжанович

Жетекші ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 2016 жылдан бастап

Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен, 2017 жылы алғыс хатымен марапатталған. 2022 жылы «Академияның Құрмет Тақтасына» енгізілген.

Жетістіктер: «терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылда құқық қорғау құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру»; «жаңа экономикалық жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»; «кісі өлтірудің криминологиялық сипаттамасы және алдын алу: қазіргі жай-күйі және болжамы»зерттеулеріне қатысу.

«Криминологиялық сипаттамасы және кісі өлтірудің алдын алу: қазіргі жағдайы және болжамы», «жаңа экономикалық жағдайдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» оқу-практикалық құралдарының, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңға түсініктеменің бірлескен авторы.

Ғылыми мүдделер саласы: қылмыстық құқық және қылмыстық процесс

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Қазақстандағы қаржылық тергеу институтының теориялық аспектілері»тақырыбындағы ғылыми зерттеу.

 

Түсіп Төлеген Амантайұлы

Жетекші ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2019 жылдан бастап

Жетістіктер: ведомстволық наградалармен марапатталған

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық процесс, жазалауды орындау

Ғылыми-зерттеу қызметі: ІІМ атынан мүдделі органдарды тарта отырып, отбасы-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсу себептері, сондай-ақ олардың алдын алу мәселелері зерделенді, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау және олардың жасалуының алдын алу бойынша талдау жүргізілді.

 

Кабиденов Рустам Шахмарданович

Аға ғылыми қызметкер

Аға әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесі 2021 жылдан бастап

Жетістіктер: прокуратура органдарының ведомстволық медальдермен және грамоталармен марапатталған

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық процесс, сотқа дейінгі тергеп тексеруді қысқарту және тоқтату мәселелері

Ғылыми-зерттеу қызметі: Параллельдік қаржы тергеу институтының теориялық аспектілері

 

Маханов Талгат Габитович

Аға ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Білімі: жоғары «заңтану» мамандығы бойынша

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 8 жыл

Жетістіктер: SPSS пакетін пайдалана отырып кемсітушілік талдау негізінде жеке қылмыстық мінез-құлықты болжау әдістемесі, өтініштерді қарау саласындағы жағдайларды талдау әдістемесі (тең авторлықта) әзірленді.

Зерттеулерге қатысу: «Методика расчета процессуальных издержек досудебного расследования»; «О целесообразности существования института добровольных организаций осужденных в УИС Казахстана» экспресс-зерттеулер.

Бірлескен авторы «Профилактика преступности через криминологическое прогнозирование (на примере ЗКО)».

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық құқық, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, жаза тағайындау.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Методика расчета процессуальных издержек досудебного расследования»тақырыбына ғылыми зерттеу.

 

Мукатаев Талгат Маратович

Аға ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесі: 2017 жылдан бастап

Жетістіктер: Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 4 ғылыми мақала жариялады.

Ғылыми қызығушылық саласы: жедел-іздестіру қызметі, прокурорлық қадағалау.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Противодействие незаконному обороту наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров, распространяемых с помощью интернет – ресурсов и мобильных приложений» тақырыбы бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеудің мүшесі болып табылады.