Институт туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы ректорының

2024 жылғы «6» наурыздағы
№ 28 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ВҒЗИ, Академия, Бас прокуратура) Академияның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. ВҒЗИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) ұйымдастырушылық-өкімдік актілерін, Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. ВҒЗИ-дың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Академия ректорының ұсынымы бойынша Бас Прокурор айқындайды.
4. ВҒЗИ:
Құқық қорғау мәселелерін зерттеу және зерттеуді үйлестіру орталығы (1-Орталық);
Қылмыстық іс жүргізу мәселелерін зерттеу орталығы (2-Орталық);
Қоғамдық мүдделерді қорқау саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы (3-Орталық);
Қылмыстық саясат және криминология мәселелерін зерттеу орталығынан (4-Орталық) тұрады.

2. ВҒЗИ-дың мақсаты, құқықтары мен міндеттері

5. ВҒЗИ-дың мақсаты:
– құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру, оның ішінде «Зерттеуші» интернет-ресурсы және өзге де IT өнімдері мен шешімдері арқылы;
– құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу (құқық қорғау қызметі; қылмыстық процесс; қоғамдық мүдделерді қорғау; қылмыстық саясат және криминология мәселелерін зерделеу бойынша);
– Институт құзыреті шеңберінде ақылы қызмет түрлерін ілгерілетуді жүзеге асыру, ұйымдастыру.
6. ВҒЗИ қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
заңнамаға және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілеріне сәйкес ВҒЗИ қызметкерлері:
құқылы:
Бас прокуратура басшылығы, Академия ректоры, Академияның құрылымдық бөлімшелері басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда ұйымдастырылатын және өткізілетін ВҒЗИ қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңестерге қатысуға;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Академияның құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
заңнамада белгіленген тәртіппен Академия қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және мекемелерден ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
заңнаманы жетілдіру, Академияның және прокуратураның басқа да органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белгіленген тәртіппен Бас прокуратураның, басқа да құқық қорғау, мемлекеттік және сот органдарының ведомстволық басылымдарында жариялауға;
белгіленген тәртіппен халықаралық және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге және т. б. қатысуға;
Бас Прокурор бекіткен тәртіппен ақылы қызметтер көрсетуге байланысты өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;
заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
міндетті:
қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес шағын міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауға;
берілген өкілеттіктер шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметті жүзеге асыруға;
ВҒЗИ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнаманың, Бас Прокурор мен Академия ректорының актілерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға;
құзыреті шегінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
нормативтік құқықтық актілерде, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
7. ВҒЗИ орталықтарының құзыреті қағидат бойынша лауазымдық (қызметтік) міндеттермен реттелген.
8. ВҒЗИ-дың функциялары:
1) ВҒЗИ-дың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және жоспарлау;
2) зерттеудің өзекті тақырыптарын айқындау тұрғысынан құқық қолдану практикасының мониторингі;
3) Академияның Ғылыми-әдістемелік кеңесінің қызметін қолдау;
4) жүргізілетін ведомствоаралық ғылыми зерттеулер туралы деректерді байқау, жинау, жинақтау, талдау, бағалау, тіркеу;
5) Академияның ғылыми-зерттеу қызметі мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
6) ведомствоаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тәсілдерін, әдіснамасын әзірлеу;
7) өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректер банкін қалыптастыру, ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің есебін енгізу;
8) құқық қорғау қызметі саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, олардың мониторингі;
9) авторлық ұжымдарды қалыптастыру және ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің жұмыс жоспарларын әзірлеу;
10) құқық қорғау қызметі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
11) заңнамада, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен құқық қолдану практикасында және білім беру процесінде ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін сынақтан өткізу;
12) экспресс-талдаулар жүргізу және ғылыми-құқықтық позицияларды әзірлеу арқылы құқық қорғау органдарының қызметін ғылыми қамтамасыз етуге қатысу;
13) отандық және шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен мекемелер өткізетін өңірлік, республикалық және халықаралық конференцияларды, ведомстволық және ведомствоаралық кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және оларға қатысу;
14) ғылыми мақалаларды, оның ішінде импакт-факторы бар журналдарда дайындау және жариялау;
15) ВҒЗИ құзыреті шеңберінде актілер жобаларын әзірлеу, келісу, сараптаманы және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;
16) қызметтердің ақылы түрлерін жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты қызметтердің, тауарлар мен жұмыстардың әлеуетті тапсырыс берушілерін іздеу;
17) ақылы қызмет түрлерін көрсету мәселелері бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
18) ақылы қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

3. ВҒЗИ-дың қызметін ұйымдастыру

9. ВҒЗИ заңнамалық актілерге, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, бұйрықтарға, өкімдерге, Бас Прокурор мен Академия ректорының нұсқауларына сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
10. ВҒЗИ заңнамада белгіленген тәртіппен Бас Прокурор қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын проректор-директор басқарады.
11. Проректор-директор ВҒЗИ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және ВҒЗИ-ға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. ВҒЗИ-дың проректоры-директоры болмаған кезеңде оның міндеттерін Академия ректорының бұйрығымен бекітілген Академияның басшы лауазымды адамдары арасында міндеттерді бөлуге сәйкес айқындалатын адам орындайды.
12. Проректор-директор Академия ректорына Ғылыми-зерттеу институтының құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
13. Осы мақсатта проректор-директор:
1) өз орынбасарының, орталық бастықтарының және ВҒЗИ қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
2) ВҒЗИ жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, ВҒЗИ-дың Бас прокуратурамен, оның ведомстволарымен және мекемелерімен, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық прокуратуралармен және оларға теңестірілген орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) Бас Прокурордың, Академия ректорының бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмаларының, Бас прокуратураның алқалы органдарының, Академияның шешімдерінің, Бас Прокурор мен ректордың жанындағы аппараттық және жедел кеңестердің ВҒЗИ-дың құзыретіне жататын мәселелер бойынша орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) ВҒЗИ-дың жұмысы мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен жолданымдарды ВҒЗИ қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;
5) ВҒЗИ қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады, олардың жұмысын бағалайды;
6) ВҒЗИ-да кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
7) Академия ректорына ВҒЗИ қызметкерлеріне сыныптық шен беру, сыныптық біліктілік беру, көтермелеу немесе тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
8) ВҒЗИ қызметкерлерінің орындаушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, олар үшін дербес жауапты болады;
9) заңдарға, Президент актілеріне, Бас Прокурор мен Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14. ВҒЗИ директорының орынбасары:
1) ВҒЗИ өз өкілеттіктері шегінде, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
3) проректор-директор болмаған кезеңде ВҒЗИ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
4) проректор-директорға кадрларды іріктеу, ВҒЗИ қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, сыныптық шен беру, көтермелеу, тәртіптік жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) ВҒЗИ қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын бағалайды;
6) жетекшілік ететін бағыттар мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді ВҒЗИ қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;
7) ВҒЗИ құрылымдық бөлімшілерінің жұмысын жоспарлайды;
8) Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің бақылау тапсырмаларының, Бас прокуратура мен Академияның жоспарлы іс-шараларының, Бас Прокурордың, Академия ректорының, проректор-директордың бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмалары мен бекітулерінің, оның ішінде жұмыс бағдарламалары мен күнтізбелік жоспарлардың, Бас прокуратураның алқалы органдары, Академия шешімдерінің орындалуын белгіленген мерзімде қамтамасыз етеді және бақылайды, Бас Прокурор мен Академия ректорының жанындағы аппараттық және жедел кеңестердің, ҒЗИ құзыретіне жататын басқа мемлекеттік органдарға мәселелер бойынша ақпараттарды уақтылы жолдайды;
9) өз құзыреті шегінде ВҒЗИ директорының атына қызметтік құжаттамаға қол қояды;
10) заңдарға, Президент актілеріне, Бас Прокурор мен Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес, сондай-ақ оған проректор-ВҒЗИ директоры жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. ВҒЗИ атынан Академия басшылығына және Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне ВҒЗИ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға Академия проректоры – Институт директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
16. ВҒЗИ Академияның ректорына тікелей бағынады, ұйымдастырушылық және функционалдық жағынан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды адамдарынан тәуелсіз.
17. ВҒЗИ-дағы жалпы іс жүргізу Прокуратураның органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.