Кенбаев Даурен Хажығұмарұлы
Кафедра меңгерушісі
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 1 жыл 5 ай
Оқытатын пәндері:
«Табиғатты қорғау заңнамасын қолдану және браконьерлікке қарсы іс-қимыл;
Есірткі қылмысынан алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл»;
«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл».
Жетістіктер:
1, 2, 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен;
2-дәрежелі «Прокуратура озаты», 1-дәрежелі «Прокуратура үздігі» төс белгілерімен;
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құрмет грамотасымен;
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алғысымен және Павлодар облысы мәслихатының;
Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
«Адам ресурстарын басқару», «Нәтижеге бағытталған мемлекеттік басқару», «Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша типологияны әзірлеу», «Workshop on Typologies of Money Laundering and Financing of Terrorism and Risk Assessment»,
«Financial Detection Techniques Course» біліктілікті арттыру туралы сертификаттары бар.
Ғылыми қызығушығы:
«Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»;
«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл»;
«Адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл»;
«Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл»;
«Экстремизм мен терроризмге қарсы»;
«Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл».
Сейтаева Жанар Секежанқызы
Доцент
Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдатырылған профессор
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 12 жылдан астам
Оқытатын пәндері:
«Адам саудасына қарсы іс-қимыл және зардап шеккен адамдарды қорғау».
Жетістіктері:
«Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік Хаб» жобасына қатысу, «Адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл» бағыты бойынша 10-нан астам тренингтерді, кинотренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
«Көші-қон маршруттары бойынша адам саудасына қарсы күрес» атты бірінші халықаралық симуляциялық тренингті ұйымдастыру;
«Құқық қорғау қызметінің жалпы теориясы» жалпы міндетті компоненті пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасын әзірлеу (республикалық оқу-әдістемелік кеңес отырысында бекітілді (2016 ж. қараша);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Құқық үйі», «Жасөспірімдер қылмысының алдын алуды жаңғырту» жобаларына қатысу;
2018 жылғы «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша Бас прокуратураның «Мамандығы бойынша үздік» байқау жеңімпазы;
«Есірткі қылмысынан алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл» симуляциялық жаттығу сценарийіне авторлық құқықтың иегері (Р.С. Балашовпен бірлесіп);
Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі.
Ғылыми қызығушылығы:
«Конституциялық құқық, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әкімшілік құқық, құқық қорғау қызметі, адам саудасына қарсы әрекет».
Ғылыми-зерттеу қызметі:
40 ғылыми жарияланымның (соның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда және Scopus рецензияланатын әдебиеттің реферативтік деректер қорында), 2 оқу құралының авторы.
Әлсейітов Қанат Гыйлимханұлы
Аға оқытушы
Құқық магистрі
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 1 жылдан астам
Оқытатын пәндері:
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйелері».
Жетістіктері:
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша магистратураны бітірген (2011 ж.);
Аймақтық менеджмент академиясы Президиумының шешімімен Академияның қауымдастырылған профессор академиялық атағы берілді (2016 ж.);
Аймақтық менеджмент академиясы Президиумының шешімімен Академияның профессор академиялық атағы берілді (2016 ж.);
Ғылыми қызығушылығы:
«Қылмыстық заңнама, киберқылмысқа қарсы әрекет».
Аманқұлов Алмаз Мусаұлы
Аға оқытушы
Ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі: 1 жылдан дейін
Оқытатын пәндері:
«Қылмыстық қудалау саласындағы прокурорлық қадағалау»;
«Бас прокуратураның қылмыстық қудалау саласындағы ақпараттық жүйелері».
Жетістіктері:
Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі – қылмыстық қудалау басқармасында аналитика тобының жетекшісі лауазымын атқарды;
Қызметі бойынша елеулі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», II дәрежелі «Прокуратура үздегі», III дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» мерейтойлық медальдарымен марапатталған;
Түркия Республикасында «Электрондық қылмыстық іс» жобасы бойыншы халықаралық іссапарға қатысты (2017 ж.).
«Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заманғы тәсілдер», «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту» біліктілікті арттыру курстарын өтті.
Ғылыми қызығушылығы:
«Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, киберқылмысқа қарсы әрекет».