Кәсіптік оқыту институты

Нұрлан Серікұлы Даниев

Институт директоры

1979 жылы 10 қаңтарда Тараз қаласында дүниеге келген.
«Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
2001 жылы «Әділет» жоғары құқық мектебін (Алматы қ.) бітірген, мамандығы — заңгер.
Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл облысының прокуратура органдарында Тараз қаласы прокуратурасының маманы қызметінен бастаған.
2001 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл облысының прокуратура органдарында Тараз қаласының прокуратура бөлімінің прокурорынан Мойынқұм ауданының прокурорына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2011 жылғы сәуірден 2015 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік – экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2015 жылғы қарашадан 2018 жылғы маусымға дейін құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервті дайындау басқармасының бастығы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және Академияның кәсіби деңгейін арттыру институтының директоры болып жұмыс істеді.
2021 жылдың маусым айында «Болашақ» бағдарламасы аясында білім беру саласындағы басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (АҚШ, Оңтүстік Калифорния университеті, педагогика ғылымдарының магистрі). Сол жылдың тамыз айынан бастап Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, Академия институты директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Академияның Кәсіптік оқыту институтының директоры лауазымына тағайындалды.