Оқу-әдістемелік кеңесі жұмысының регламенті

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2021 жылғы «28» желтоқсандағы
№100 бұйрығының 1-қосымшасы

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Оқу-әдістемелік кеңесі жұмысының регламенті

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Оқу-әдістемелік кеңесі жұмысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – ОӘК) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

2. ОӘК өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңнамасына, білім және ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жарғысына, сондай-ақ осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

3. ОӘК оқу бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру, оқу процесінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін дамыту, заманауи білім беру технологияларын енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру үшін құрылған алқалы орган болып табылады.

4. ОӘК қызметі жариялылыққа, оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.

2. ОӘК міндеттері мен функциялары

4. ОӘК міндеттері:

1) Академияда білім беру процесінің ағымдағы және перспективалық бағыттарын айқындау;

2) оқу жоспарларын, оқу және білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеу және жетілдіру, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

3) білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;

4) оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру;

5) білім беру процесін басқаруды автоматтандыру жүйесін дамыту;

6) Академияның ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру.

5. ОӘК функциялары:

1) Академияның оқу-әдістемелік қызметін жоспарлау және үйлестіру;

2) білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;

3) Академияның оқу және оқу-әдістемелік қызметіне қатысты жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, академиялық күнтізбенің, кәсіптік практика бағдарламаларының, жоспар-кестенің, оқу бағдарламаларының жобаларын және басқа да құжаттарды қарау және талқылау;

4) әдістемелік, оқу-әдістемелік, практикалық құралдар мен ұсыныстардың, көрнекі құралдардың, анықтамалық, ғылыми, ғылыми-көпшілік, ресми, нормативтік-өндірістік, өндірістік-практикалық басылымдардың жобаларын, қылмыстық істер макеттерін, практикалық нұсқаулықтарды және т. б. қарау және талқылау;

5) магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерінің/консультанттарының кандидатураларын және зерттеу тақырыптарын қарау;

6) магистратура мен докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын қарау;

7) алғашқы кәсіптік даярлыққа түсу және бітіру емтихандарының сұрақтарын қарау;

8) магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттау кешенді емтиханының бағдарламаларын қарау;

9) магистранттар мен докторанттардың білімін бақылау нысандарын қарау;

10) магистранттар мен докторанттардың кәсіптік практикадан өту қорытындыларын, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау;

11) магистранттар мен докторанттардың емтихан сессиясының, алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының бітіру емтиханының нәтижелері туралы сұрақтарын және білім беру процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды қарау;

12) оқытудың, оқу-әдістемелік жұмыстың, отандық және шетелдік білім беру мекемелерін дамытудың озық тәжірибесінің жаңа әдістері мен құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау;

13) білім беру процесін басқаруды автоматтандыру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды талқылау;

14) Академияның педагог және ғылыми кадрларының біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау болып табылады;

15) Академияның білім беру процесінің оқу-әдістемелік қызметіне қатысты басқа да сұрақтарды қарау.

6. ОӘК отырыстарында міндетті түрде:

1) ОӘК жұмыс жоспарының жобасы;

2) білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері;

3) білім беру процесін жетілдіру мәселелері;

4) білім беру процесін басқаруды автоматтандыру жүйесін дамыту мәселелері;

5) әдістемелік, оқу-әдістемелік, практикалық құралдар мен ұсынымдардың, көрнекі құралдардың, анықтамалық, ғылыми, ғылыми-көпшілік, ресми, нормативтік-өндірістік, өндірістік-практикалық басылымдардың, қылмыстық істер макеттерінің, практикалық нұсқаулықтардың және т.б. жобалары қарастырылады.

3. ОӘК қалыптастыру тәртібі және құрамы

7. ОӘК төраға – Академияның оқу-әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірінші проректоры басқарады.

Төрағаның ОӘК мүшелері құрамынан орынбасары болады, ол болмаған кезде төраға міндетін атқарады.

8. ОӘК құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

ОӘК құрамы тұрақты мүшелерден және уақытша өкілеттік берілген мүшелерден тұрады.

Уақытша өкілеттік берілген ОӘК мүшелері қаралатын сұрақтың сипатына қарай отырыстарға қатысады және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болады.

ОӘК хатшысы ОӘК-нің басқа мүшелерімен бірдей дауыс беру құқығына ие.

ОӘК отырысына Академияның басқа да қызметкерлері, жұмыскерлері, тыңдаушылары, магистранттары мен докторанттары сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

9. ОӘК қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Академияның білім беру қызметінің сапасын бақылау және бағалауды жүзеге асыратын бөлімше жүзеге асырады.

10. ОӘК төрағасы:

1) ОӘК отырысының күн тәртібін бекітеді;

2) ОӘК отырыстарын шақырады және жүргізеді;

3) қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады;

4) ОӘК кезекті және кезектен тыс отырысының өткізу күні туралы шешім қабылдайды;

5) ОӘК отырысының күн тәртібіне жедел қарауды талап ететін мәселелерді енгізеді, сондай-ақ күн тәртібінен қарауға жоспарланған мәселені алып тастайды;

6) ОӘК қарауына жатқызылған құжаттарға қол қояды;

7) ОӘК қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

11. ОӘК хатшысы:

1) ОӘК отырыстарын дайындауды және оның барысында жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2) ОӘК отырысына материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

3) ОӘК хаттамаларын жүргізеді, кейіннен оларды Академияның құрылымдық бөлімшелеріне, орындаушыларға жедел жіберу үшін хаттамалардан және қабылданған шешімдерден қажетті көшірмелерді дайындайды;

4) іс жүргізу ережелеріне сәйкес ОӘК құжаттамасын жүргізеді.

12. ОӘК мүшесі:

1) ОӘК отырыстарына және оның шешімі бойынша өткізілетін басқа да іс-шараларға қатысады;

2) қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады;

3) осы Регламентте белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді;

4) өзіне жүктелген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындайды.

ОӘК мүшесі уақытша болмаған кезеңде оның міндеттері өздерінің функционалдық (лауазымдық) міндеттеріне сәйкес бірін-бірі алмастыратын адамға жүктеледі.

4. ОӘК қызметін ұйымдастыру

13. ОӘК жұмысы жаңа оқу жылының бірінші ОӘК отырысында талқыланатын және Академия ректорымен бекітілетін жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

14. ОӘК екі айда кемінде 1 рет өткізіледі (ОӘК жұмыс жоспарымен белгіленген айдың 2 (екінші) аптасы).

ОӘК-нің жоспардан тыс отырыстары ОӘК төрағасының бастамасы бойынша немесе ОӘК мүшелерінің бірінің, Академияның құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынысы бойынша ОӘК төрағасының келісімімен өткізілуі мүмкін.

Әрбір жағдайда ОӘК хатшысы ОӘК мүшелерін отырыстың күні мен күн тәртібі туралы хабардар етеді.

15. ОӘК отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысып отырса, құқықты өкілетті деп табылады.

Отырысқа дәлелді себептермен қатысудың мүмкін еместігі туралы ОӘК мүшесі ОӘК төрағасын алдын ала хабардар етуі тиіс.

16. Баяндамашылар ОӘК жоспарлы отырысы өткізілгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей материалдарды (сөз сөйлеу, шешім жобасы, талқыланатын материалдар) ОӘК хатшысына «Қадағалау» АЖ арқылы жолдайды.

ОӘК хатшысы материалдарды алғаннан кейін екі күн ішінде, алайда ОӘК жоспарлы отырысы өткізілгенге дейін 8 (сегіз) күнтізбелік күннен кешіктірмей ОӘК мүшелеріне материалдарды («Қадағалау АЖ арқылы») жолдайды.

ОӘК мүшелері ОӘК отырысына дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей ОӘК хатшысына ескертулер мен ұсыныстарды («Қадағалау» АЖ арқылы) жібереді.

ОӘК мүшелерінен ескертулер мен ұсыныстар белгіленген мерзімде хатшыға келіп түспеген жағдайда, материалдар келісілген болып есептеледі.

Баяндамашылар ОӘК отырысына дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ОӘК мүшелермен пысықталған материалдарды қағаз нұсқасында (сөз сөйлеу, шешім жобасы, материалдар) ОӘК хатшысына ұсынады.

Ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік басылымдардың жобаларына міндетті түрде мәтіндік құжаттың лицензияланған бағдарламадан (антипланиат) еншілеп алу жәйттерін болдырмауға мүмкіндік беретін толық тексеру нәтижелері туралы анықтама міндетті түрде қоса беріледі. Бұл ретте түпнұсқалықтың пайызы дәйексөзді қоса алғанда, түпнұсқа мәтіннің кемінде 65% – ын құрауы тиіс.

17. ОӘК жұмыс жоспарынан тыс мәселелерді ОӘК қарауына енгізу ОӘК төрағасының келісімімен жүзеге асырылады.
ОӘК-нің жоспардан тыс отырысы кезінде материалдарды ұсыну және зерделеу мерзімдері ӨӘК төрағасымен айқындалады.

18. Материалдарды ОӘК қарауына уақтылы, толық енгізбеген жағдайларда, материалдарды пысықтауды талап ететін ескертулер болған кезде ОӘК хатшысының дәлелді баянаты негізінде ОӘК төрағасы баяндамашыны хабардар ете отырып, мәселені ОӘК отырысының күн тәртібінен алып тастауға құқылы.

Баяндамашыда ОӘК мүшелері енгізген ескертулер мен ұсыныстар бойынша олармен келіспеу және ОӘК хатшысына тиісті ақпарат беру туралы негіздемелер болған жағдайда, мәселе ОӘК қарауына шығарылады, онда осы Регламенттің 19-тармағына сәйкес тиісті шешім қабылданады. ОӘК хатшысы отырыс басталар алдында бұл туралы ОӘК төрағасын хабардар етеді.

19. Шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысып отырған ОӘК мүшелерінің 50% – дан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Тең мөлшерде ОӘК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Ұсыным туралы мәселені қарау кезінде ОӘК екі: «Ұсыну» немесе «Ұсынбау» шешімнің бірін қабылдайды.

ОӘК шешімі хаттамамен рәсімделеді. ОӘК шешімдері мен хаттамаларына кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

Хаттама жобасы қол қою алдында мүдделі бөлімшелердің басшыларымен келісіледі.

ОӘК хатшысы хаттаманы орындаушыларға және ОӘК мүшелеріне бір апта мерзімнен кешіктірмей жеткізеді.

20. ОӘК төрағасы оқу жылында бір рет Академияның Ғылыми кеңесінің отырысында ОӘК қызметтің нәтижелері туралы есеп береді.