Академияның Диссертациялық кеңесіне ұсынылатын
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
Қорғауға қабылдағанға дейін
1) Төрағаның атына қорғауға қабылдау туралы өтініші (осы Ережененің 11-қосымшасы);
2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) (бұдан әрі – электронды тасымалдағыш) диссертация. Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады;
3) ғылыми кеңесшілердің жұмыс орны бойынша расталған пікірлері;
4) ізденушінің диссертация жұмысы орындалған кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытытындысы;
5) ғылым мәселелеріне жетекшілік етуші проректор бекіткен Академия кафедрасының кеңейтілген отырысының оң қорытытындысы;
6) ғылыми еңбектерінің тізімі (диссертация тақырыбы бойынша жарияланған кемінде 7 (жеті) ғылыми еңбектері), оның ішінде:
– Комитет бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерінің жариялымдары үшін ұсынылған Ғылыми басылымдардың тізіміне қосылған ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш);
– Томсон Рейтер (ISI Web of KnowLedge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасы бойынша нольдік емес импакт-факторы бар немесе Scopus, JSTORE компаниясының мәліметтер базасына кіретін халықаралық басылымда кемінде 1 (бір); немесе «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес ғылым саласында сыйлықтар немесе талантты жас ғалымдарға ғылыми мемлекеттік степендиясын алғаны үшін соңғы 3 жылға куәландырушы құжаттар;
– халықаралық материалдарда кемінде 3 (үш), оның ішінде кемінде 1 (біреуі) шетелдік конференцияларда.
7) диссертация тақырыбын бекіту және ғылыми кеңесшілердің тағайындауы туралы Академияның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасының немесе өзге де куәландырушы құжаттар үзінділері;
8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдары мен оларға қосымшалардың нотариалды расталған көшірмелері (ізденуші тегін ауыстырған жағдайда тегін ауыстырғанын растайтын құжат ұсынылады);
9) докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын менгергені туралы транскрип көшірмелері;
10) осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ізденуші туралы мәліметтер.
11) ЖОО-ның немесе жұмыс орнының кадрлық қызметінің оқу орны бойынша фотосуреттерімен бірге расталған кадрларды тіркеу бойынша жеке парағы;
12) 1 басылым парақтан кем емес көлеміндегі мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация;
13) автореферат;
14) хабарлама мәтіні (мемлекеттік және орыс тілдерінде) (осы Ереженің 14-қосымшасы);
Қорғауға қабылдағаннан кейін:
15) ізденушінің автор мен дереккөзге сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны бойынша диссертацияның тексерілгені туралы ҰМҒТСО-ның анықтамасы;
16) ресми рецензенттердің 2 (екі) пікірі;
Қорғаудан кейін:
17) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегі, аты және әкесінің атының (ол болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;
18) осы Ереженің 6-қосымшасындағы нысанға сәйкес Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
19) толық көлемдегі бейне жазба және диссертацияны қорғау бойынша Төрағаның және Ғылыми хатшының қолы қойылған, отырыстың стенограммасы қоса берілген Диссертациялық кеңес отырысының хаттамасы;
20) ҰМҒТСО берген мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, осы Ереженің 10-қосымшасындағы нысанға сәйкес диссертацияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есепке алу карточкасы;
21) мемлекеттік тіркеуді растайтын ҰМҒТСО хабарламасы.