Даму стратегиясы

Қазақстан Республикасы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2021 жылғы «9» қыркүйектегі
№ 68 бұйрығына
1-қосымша

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОР-ГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2019-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қосшы қ.

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер;
2. Миссиясы және пайымдауы;
3. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер;
4. Стратегияны іске асыру тетігі;
5. Күтілетін нәтижелер;
6. Құқықтық актілердің және пайдаланылған дереккөздердің тізбесі.

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 2019-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы құ-қық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау жүйесін одан әрі жаңғырту мақса-тында әзірленді.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қор-ғау органдары академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Академия) білім беру мазмұнын және білім беру қызметін ұйымдастыруды дербес айқындайтын ерекше мәртебесі бар коммерциялық емес білім беру ұйымы бо-лып табылады.

Академия Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырда-ғы №15 Жарлығы бойынша құрылды.
Оның қызметінің негізгі бағыттары:

– құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Рес-публикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыру;

– құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдарды бас-тапқы кәсіптік даярлау;

– құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;

– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бо-лып табылады.

Бүгінде Академия қалыптасу кезеңінен өтті, айтарлықтай жұмыс атқарыл-ды.

«Құқық қорғау қызметі» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура және докторан-тура) бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар алынды.

Нормативтік-құқықтық база әзірленді және енгізілді, консультативтік-кеңесші, алқалы басқару органдары (Ғылыми, Оқу-әдістемелік, Ғылыми-әдістемелік және Диссертациялық кеңестер) құрылды.

2017 жылы Академияны Білім және ғылым министрлігі Ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аттестаттады, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі барлық білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес деп танылды.

2018 жылы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік оқу орнын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізді. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының барлық талаптар мен стандарт-тарға сәйкестігі туралы куәлік алынды.

Бұл Академияға артықшылық береді және ЖОО рейтингін одан әрі артты-руға, қазақстандық ЖОО арасында бәсекелестік позицияны нығайтуға ықпал ете-тін болады.

Академия құрылымында өзіне жүктелген міндеттерге негізделген үш дер-бес институт, сондай-ақ бірнеше дербес бөлімшелер бар.

Олардың арасында Кадрлық даму басқармасы, Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Халықаралық ынтымақтастық басқар-масы, Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу бөлі-мі, Редакциялық-баспа жұмысы бөлімі және басқалары бар.

Академияның білім беру қызметінің сапасы саласындағы саясатының іске асырылуын және оның өзгеретін талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асы-ру үшін Білім беру қызметінің сапасын бақылау және бағалау тобы жұмыс істей-ді.

Кәсіби оқытуды арттыру бойынша міндеттерді қамтамасыз ету мақса-тында қызметтік даярлау, прокурорлық қадағалау, жедел-тергеу жұмысы, сон-дай-ақ жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы дайындық кафед-ралары құрылды.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының тақырыптары практика қажеттіліктерін талдау және бағалау арқылы қалыптасады.

Бұл ретте оқыту бағдарламалары әрбір құқық қорғау органының ерекшелі-гіне бағдарланған және тыңдаушылардың нақты санаты, яғни қадағалау салалары және қызметтің негізгі бағыттары бойынша басшы лауазымдарға резервте тұр-ған, сондай-ақ басқа органдар мен қадағалау салаларынан ауыстырылған тың-даушылар үшін әзірленеді.

Жалпы, 2015 жылдан бастап Академия қабырғасында құқық қорғау орган-дарының 9 мыңнан астам қызметкері біліктілігін арттырды және қайта даярлау-дан өтті, 2019 жылдың қаңтарынан бастап қашықтық нысаны бойынша оқыту процесі басталды, оны қолданумен прокуратураның 2 мыңға жуық қызметкері оқытылды.

Президенттік резервте тұрған адамдарды даярлау жүйесі құрылды және жолға қойылды. Курстардың тақырыптары мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-тарынан, келіссөздер жүргізу тактикасынан, басқару қызметіндегі талдау жұмы-сының негіздерінен, көшбасшылықтан және басшының жеке тиімділігінен тұра-ды.

Президенттік курстарда прокуратура, ішкі істер, ұлттық бюро және эко-номикалық тергеу қызметінің 94 басшысы біліктілігін арттырды, оның 29-ы жо-ғары лауазымдарға тағайындалды.

2020 жылдан бастап прокуратура органдарына, экономикалық тергеу қыз-метіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына қызметке алғаш рет кіретін кандидаттарды бастапқы кәсіптік даярлау енгізілді. Тыңдау-шылардың бірінші жиыны 2021 жылдың қаңтарында оқуға қабылданды.

Оқытудың мақсаты – кандидаттардың бес құзыреттілікті дамыту бойынша модульдерді (жалпы салалық, ақпараттық, жазбаша, коммуникативтік және кәсі-би) қоса отырып, қызмет үшін қажетті білім мен дағдыларды барынша меңгеру.

Халықаралық ынтымақтастық саласында Академия үшін алты жаһандық қауіп-қатерге (экстремизм мен терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, адам саудасы және заңсыз көші-қон, киберқылмыс, экологиялық қауіпсіздік және қаржылық қылмыстар және сыбайлас жемқорлық) қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабты дамыту жөніндегі жоба басым болып табылады.

Өңірлік хаб – құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін ғылыми-білім беру алаңы.

Қазақстандық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қатар Хабта Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Пәкістан елдерінің қауіп-сіздік қызметкерлері білім алуда.

Хаб құрылған сәттен бастап халықаралық сарапшылардың қатысуымен 80 оқыту іс-шарасы өткізілді, барлығы құқық қорғау органдарының екі мыңға жуық қызметкері оқытылды, 24 ұлттық жаттықтырушы даярланды, оның ішінде 10-ы қаржылық қылмыстарды тергеу және 14-і киберқылмыстар бойынша.

2018 жылдан бастап Академия ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық (қаржы) органдары үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта да-ярлау жөніндегі базалық ұйым болып табылады.

2020 жылғы желтоқсанда ТМД СІМ Кеңесінің отырысында Академияға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокурорлық-тергеу қызметкерлерін оқыту бойынша базалық ұйымға тағы бір мәртебе беру туралы мәселе оң қаралды.

Алынған мәртебелер шеңберінде екі бағыт бойынша – прокурорлық-тергеу қызметкерлерін, сондай-ақ салық тергеу органдары қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша 2018 жылдан бастап 231 қызметкер үшін 6 іс-шара, оның ішінде прокурорлар үшін 1 семинар өткізілді.

Қазақстанның құқық қорғау органдарының бірыңғай ғылыми саясатын қалыптастыру мақсатында Ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды, оның құрамына Академия басшылығы, құқық қорғау органдары мен ғылыми қоғамдастықтың аппараттары мен кадр қызметтерінің басшылары енгізілді.

Академия жүргізетін ғылыми зерттеулер ведомствоаралық сипатқа ие және құқық қорғау қызметіндегі стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған. Олардың тақырыбы Жалпыұлттық жоспардың, Құқықтық саясат жөніндегі ке-ңестің және өзге де бағдарламалық құжаттардың іс-шараларымен байланысты.

2015 жылдан бастап 30 ғылыми зерттеу, оның ішінде 21 ведомствоаралық зерттеу жүргізілді, оның ішінде: «Жеке өмірге қол сұқпаушылық», «Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыру», «Құқық қор-ғау органдары қызметі тиімділігінің индикаторы ретінде халықтың сенімі», «Азаптаулар: пенитенциарлық мекемелердегі қылмыстық-құқықтық және про-цестік реттеудің проблемалық мәселелері», «Қазақстан Республикасында есір-ткіні тұтыну деңгейін бағалаудың өзекті проблемалары» және басқалар.

Қорытындысы бойынша 11 криминологиялық форум ұйымдастырылды, 43 ғылыми еңбек, оның ішінде монографиялар, ғылыми құралдар, түсініктеме-лер, әдістемелік ұсынымдар мен жинақтар жарық көрді.

Академияның зерттеу нәтижелері норма шығармашылыққа және практи-калық қызметке баға жетпестей көмек көрсетеді. Мұндай зерттеулердің тапсы-рыс берушілері – Қауіпсіздік Кеңесі, Президент Әкімшілігі, Парламент, Бас про-куратура және құқық қорғау органдарының орталық органдары.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы бойынша Академия «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады. Бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттар ашылды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының құрылымында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Арнайы заң пәндері кафедрасы және Жалпы заңдар пәндері кафедрасы жұмыс істейді.

2015 жылдан 2021 жылға дейін 205 магистрант және 32 докторант шыға-рылды.

Академияда барлығы 144 білім алушы оқиды, оның ішінде магистратурада – 114, докторантурада – 30.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап магистранттар үшін қашықтан оқыту енгізілді. Жас ғалымдардың кәсіби өсуіне ықпал ету, ғылыми әлеуетін дамыту және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру үшін Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

Сондай-ақ Академияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара сындарлы іс-қимыл жасау, оқыту сапасын арттыру және магистранттар мен докторанттардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру үшін ғылыми зерттеулерде Магис-транттар мен докторанттар кеңесі жұмыс істейді.

Халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша ЕҚЫҰ, ЕО, БҰҰ, Ин-терпол, INTERRA, ITEC, Дүниежүзілік банк, MASHAV агенттігі, шет елдердің елшіліктерімен және өкілдіктерімен (АҚШ, Түркия, Израиль, ГФР, Венгрия, Франция, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан) тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған.

Олардың көмегімен Австрияда, Венгрияда, Грузияда, Қырғызстанда, Лит-вада және т.б. халықаралық іс-шараларға тәжірибе алмасу, оқыту және қатысу үшін прокуратураның 269 қызметкерінің шетелге шығуы ұйымдастырылды.

АКАДЕМИЯНЫҢ КҮШТІ ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫН ТАЛДАУ

S (strength) – күшті жақтары

W (weakness) – әлсіз жақтары

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері деңгейінде Академияның ерекше мәртебесі бекітілді.

Біліктілікті арттыру және оқыту жүйесі, оның ішінде Президенттік резерв құрылды және ретке келтірілді.

Академия ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ ТМД елдерінің прокурорлық-тергеу қызметкерлерін оқыту жөніндегі базалық ұйымы болып айқындалды.

Академия жүргізетін ғылыми зерттеулер ведомствоаралық сипатқа ие және құқық қорғау органдарының стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған.

Жаһандық қатерлерге (экстремизм мен терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және адам саудасы, экологиялық қылмыс, киберқылмыс, қаржылық қылмыстар және сыбайлас жемқорлық) қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб құрылды.

Академияны Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік аккредиттеді. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының барлық халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестігі туралы куәлік алынды.

Заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ведомстволық баспа басылымы және Ғылыми базада орналасқан «Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі» (РҒДИ) басылымы бар.

Оқу процесін цифрландыру мақсатында «Е-Академия» білім беру порталы, қашықтан оқыту жүйесі, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді сақтауға арналған электрондық кітапхана мен репозиторий жұмыс істейді.

Оқу процесін автоматтандыру деңгейін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үлесін ұлғайту талап етіледі;

Профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесінің жеткіліксіздігі;

Ескірген материалдық-техникалық база;

Академияның, оның ішінде рейтингтік журналдардағы басылымдар мен жарияланымдардың саны аз.

2. МИССИЯСЫ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУЫ

Миссиясы:
Үздік отандық дәстүрлер мен әлемдік тәжірибені ұштастыру негізінде оқыту мен ғылым арқылы Құқық қорғау қызметіне бірегей үлес қосу.

Пайымдауы:
Академия құқық қорғау саласындағы ғылым мен білім беру саласында ал-дыңғы қатарлы оқумен, тәжірибемен және инновациялармен танылған көшбас-шы.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

№ 1 МАҚСАТ САПАЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІ

Нәтиже көрсеткіштері:

– 2020 жылға қарай Академияның ТМД елдерінің прокурорлық-тергеу қызметкерлерін оқыту бойынша Базалық ұйым мәртебесін алуы (көрсеткіш 2020 жылғы желтоқсанда жетті);

– 2023 жылға қарай Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) аккредитациядан кейінгі кезеңдегі ұсынымдары 90-95% – ға орындалатын болады.

– 2023 жылға қарай Академияда біліктілігін арттырған құқық қорғау ор-гандары (ІІМ-ден басқа) қызметкерлерінің үлесі 50% – ды құрайды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытудың практикалық құрамдас бөлігін күшейту мақсат пен көрсеткіштерді орындаудың нәтижесі болуға тиіс, мынадай шаралар қабылданатын болады:

– Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) ұсынымдарын іске асыру аккредиттеуден ке-йінгі кезеңде 90-95% – ды құрайды;

– қашықтан бейінді докторантураны ашу;

– Академияда жоспарланған біліктілікті арттыру курстарына өз бетінше жазылу функционалын құру және техникалық сүйемелдеу;

– оқу курстары андрогогикаға негізделген оқытудың белсенді әдістерін («аdult-learning») пайдалана отырып жүргізілетін болады: кейстер, симуляция-лық тренингтер, топтық жобалар; геймификация, виртуапльдік 3D-тренажерлер және басқа да озық нысандар мен технологиялар;

– тиісті ұсыныстарды әзірлей отырып, білім алушыларға оқу процесінің са-пасына қанағаттану тұрғысынан сауалнама жүргізу;

– білім беру процесін және білім берудің инновациялық технологияларын енгізуде озық тәжірибені зерделеу және енгізу.

1.1. Міндет Оқытуда тәжірибеге бағытталған тәсілді дамыту

Нәтиже көрсеткіші:

– әрбір жыл бойынша оқу курстары мен іске асырылатын білім беру бағ-дарламалары материалдарының практикаға бағдарлану деңгейі (даярлау бағы-тына және дискрипторлардың талаптарына байланысты) 70%-ды құрайды.

Ол үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

– құқық қорғау органдарының оқыту тақырыбы мен нысандарына қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

– Академияда оқуға аумақтық бөлімшелердің және құқық қорғау органда-рының орталық аппараттарының басшылары (контингент-орта буын басшылары лауазымдарына кандидаттар) тартылатын болады.;

– жұмыс берушілердің тыңдаушылардың бастапқы кәсіптік даярлығының, қызметкерлердің кәсіптік даярлығының оқу жоспарларын сараптауға қатысуы қамтамасыз етіледі;

– жұмыс берушілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдар-ламаларын сараптауға қатысатын болады (МОП);

– тақырыптар мен пәндер бойынша сабақтар өткізуге практикалық қызмет-керлерді тарту;

– Академияда оқу процесіне шетелдік сарапшылар мен құқық қорғау ор-гандарының қызметкерлерін тарту үшін бюджеттік қаржыландыру мәселесі пысықталды;

– Қаржы министрлігімен бірлесіп киберқылмысқа қарсы іс-қимылды оқыту жөніндегі оқу-практикалық орталықты құру және дамыту, сондай-ақ тергеу іс-қимыл полигонын, прокурорлық қадағалау полигонын және симуляциялық тре-нингтер үшін мультифункционалды полигонды жарақтандыру мәселесін пысықтау.

1.2. Міндет Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру

Нәтиже көрсеткіші:

– Академияда оқудан және біліктілігін арттырудан өткен Қазақстан Рес-публикасының құқық қорғау органдары (ІІМ-ден басқа) қызметкерлерінің са-ны, оның ішінде қашықтан оқыту нысаны бойынша әрбір жыл бойынша кемін-де 1750 қызметкерді құрайды.

Бүгінгі күні бұрын қабылданған шаралардың арқасында келесі мақсаттар-ға қол жеткізілді: Академия прокурорлық-тергеу қызметкерлерін оқыту бо-йынша Базалық ұйымның статусын алды, «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бейіндік магистратура енгізді.

Одан әрі дамыту үшін мынадай шаралар қабылдау талап етіледі:

– қашықтан оқыту нысанында қызметкерлер үшін оқыту және біліктілікті арттыру курстарын өткізу;

– құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін кандидаттарды бастапқы кә-сіптік оқытуды ұйымдастыру;

– ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу орган-дары үшін кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы мәртебесі шеңберінде оқыту іс-шараларын өткізу;

– ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы мәртебесі шеңбе-рінде прокурорлық-тергеу қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арт-тыру бойынша оқыту іс-шараларын өткізу;

– Өңірлік хаб бағыттары бойынша оқыту іс-шараларын өткізу;

– шет елдерде прокуратура органдарының қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;

– құқық қорғау органдарының Президенттік кадр резервінде тұрған қызметкерлерді оқыту.

1.3. Міндет Оқу процесінде IT-технологиялар мүмкіндіктерін қолда-нуды кеңейту

Нәтиже көрсеткіші:

– 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін әр жыл бойынша ғылыми-білім беру процестерін цифрландыру үлесі – 30, 40, 50, 60 және 70% – ды құрайды.

Осы міндеттің нәтижелері Академиядағы оқу процесін, оның ішінде ғы-лыми зерттеулер жүргізу кезінде басқаруды барынша автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қол жеткізу үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

– қолданыстағы ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстар әзірленді және енгізілді, сондай-ақ жаңғыртылды;

– қашықтан бейіндік докторантура енгізілді;

– дәріс кабинетін жоғары технологиялық бейнеконференцбайланыс жүй-есімен және LED-панелімен жабдықтау мәселесін пысықтау.

Міндет 1.4. Әлемдік ғылыми-білім беру қоғамдастығына ықпалдасу

Нәтиже көрсеткіші:

– ғылыми-білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту және жа-салған келісімдерді іске асыру.

Іске асыру үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:

– шетелдік және отандық ұйымдармен келісімдер жасасу;

– ғылыми-білім беру және басқа да ұйымдармен (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕС және т.б.) жасалған келісімдер шеңберінде іс-шаралар өткізу;

– Өңірлік Хаб бойынша ұлттық жаттықтырушыларды даярлау (жылдар бойынша көрсеткіш – ұлттық жаттықтырушылардың жалпы саны);

– Академия қызметі туралы бейнероликтер, ақпараттық-анықтамалық ма-териалдар әзірлеу және шығару.

№ 2 МАҚСАТ ЖЕКЕ ҚҰРАМДЫ ҚОСЫМША ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРМЕН НЫҒАЙТУ

№1 нәтиже көрсеткіші:

– ғылыми-педагогикалық құрамның жалпы санынан ғалымдар (ғылыми дәрежелері мен атақтары бар адамдар) мен практик мамандардың (әділет кеңес-шісінен төмен емес арнаулы атағы бар адамдар) үлесі жылдар бойынша 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін – 40, 45, 50, 55 және 60% – ды құрайды.

№2 нәтиже көрсеткіші:

– ғылыми-педагогикалық құрамның жалпы санынан бір жыл ішінде оқу-дан, біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлердің үлесі 2021, 2022 және 2023 жылдары – 10, 15, 20% құрайды.

Осы мақсаттың нәтижелері Академияны білікті кадрлармен толықтыруға, қызметкерлерді үздіксіз оқыту жүйесін құруға және олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжым құрамындағы ғалымдар мен практик-мамандардың үлесі жыл сайын шығатын болады.

Келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

– Академияға кәсіби практиктерді (жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл), ға-лымдарды (ғылым кандидаттарын, Phd докторларын, ғылым докторларын және бейіні бойынша докторларды) жұмысқа тарту;

– Академияға ғалымдарды, профессорлар мен практик-мамандарды, оның ішінде азаматтық қызметшілер ретінде жұмысқа тарту;

– Академия қызметкерлерінің шетелдік іссапарларын бюджеттік қаржы-ландыру мәселесі пысықталды (біліктілігін арттыру, оқыту және т. б.);

– Академия қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін курстар, семинар-лар, оның ішінде заңнаманы және халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды;

– профессорлық-оқытушылық құрамды, оның ішінде Педагогикалық ше-берлік мектебі және үздіксіз кәсіби даму жүйесі шеңберінде оқыту;

– ғылыми және профессорлық-оқытушылық құрамның құқық қорғау ор-гандарының, өзге де ұйымдар мен мекемелердің практикалық қызметін, оның ішінде оларға бару арқылы зерделеу;

– қызметкерлердің ғылыми біліктілігін арттыру, оның ішінде ғылыми дә-реже мен атақ алуға ынталандыру жолымен арттыру;

– қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқытуды ұйымдастыру;

– қызметкерлерді ағылшын тіліне оқыту.

3.1. Міндет Академиядағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту

Нәтиже көрсеткіші:

– ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға қызметкерлердің қанағат-тану деңгейі жыл сайын қолайлы деп бағаланатын болады.

Бүгінгі күні қабылданған шаралардың арқасында Академия ғимаратына, оқу корпустары мен жатақханаларына күрделі жөндеу жүргізу қамтамасыз етіл-ді, мебелдер мен ішінара компьютерлік техника ауыстырылды.

Академия штатына ректордың көмекшісі (психолог) лауазымы енгізілген.

Стратегиялық мақсаттар мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін іс-шаралар өткізуді, оның ішінде қызметкерлердің де, сондай-ақ білім алушы-лардың да қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қазіргі заманғы оқу-материалдық базаны, ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, қажетті ин-фрақұрылым құруды жалғастыру талап етіледі.

Осы міндеттің нәтижелері Академия қабырғасында сенім мен оқушылар ахуалын қалыптастыруға, қызметкерлердің ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

– корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған мәдени-бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру;

– қызметкерлермен, білім алушылармен және тыңдаушылармен қызметтік (оқу) ұжымдарды біріктірудің психологиялық әдістері бойынша әлеуметтік-психологиялық тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

– оқудағы жоғары жетістіктері, қоғамдық жұмыстарға, спорттық және мә-дени-бұқаралық іс-шараларға қатысқаны үшін неғұрлым белсенді қызметкер-лерді, білім алушылар мен тыңдаушыларды ынталандыру;

– кәсіби және отбасылық мәселелерді шешуде қызметкерлерді жеке психо-логиялық кеңес беру;

– білім алушылар мен тыңдаушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайла-рын жақсарту.

№ 3 МАҚСАТ АКАДЕМИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БЕДЕЛІ

№1 нәтиже көрсеткіші:

– 2019-2023 жылдар аралығында әрбір жыл бойынша жүргізілген әрбір зерттеу бойынша ведомствоаралық зерттеулердің тиімділігі 60, 75, 95, 115, 130 бірлікті құрайды.

№2 нәтиже көрсеткіші:

– 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін әрбір жыл бойынша білім алушы-лардың магистрлік және докторлық диссертацияларының нәтижелерін практика-лық және педагогикалық қызметке енгізу үлесі 50, 60, 70, 80 және 90%-ды құ-райды.

Осы мақсатқа қол жеткізу нәтижелері ведомствоаралық зерттеулердің ти-імділігін, құқық қолдану практикасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және ғылыми ортадағы Академияның беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Мынадай шаралар қабылданатын болады:

– құқық қорғау органдары практика қажеттіліктеріне қарай білім алушы-лардың магистрлік және докторлық диссертацияларының тақырыптарын қалып-тастыруға қатысатын болады;

– Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі-нің отырысында ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің тақырыбын бекіту мә-селесі пысықталатын болады;

– құқық қорғау қызметінің проблемалық мәселелері бойынша практиктер-дің пікірін жедел алу мүмкіндігімен Академияның өткізілетін ғылыми зерттеу-лері мен білім беру іс-шаралары туралы ақпараттандыру үшін онлайн алаң құ-рылды және енгізілді;

– ғылыми қызметкерлердің жарияланымдық және баспа қызметі қамтама-сыз етілді;

– Академияның іс-шараларын БАҚ-та және интернет-ресурстарда ақпарат-тық сүйемелдеу ұйымдастырылды (баспасөз хабарламалары), әлеуметтік желі-лерде және (Facebook, Instagram, Теlegram және Vkontakte) әлеуметтік желілерде жазылушылар саны ұлғайды;

– құқықтық құбылыстарды талдаудың, бағалаудың, математикалық мо-дельдерінің өзіндік әдістемелері әзірленді;

– ғылыми зерттеулер нәтижелерін (жетістіктерін) кең ақпараттық алаңдар-да жариялау;

– магистрлік және докторлық диссертациялардың нәтижелерін практика-лық және педагогикалық қызметке енгізу деңгейін анықтауға жыл сайынғы тал-дау жүргізу;

– өткізілген ғылыми зерттеулер шеңберінде қолданыстағы заңнамаға түзе-тулер енгізу бойынша Академия оқушыларының ұсыныстарын қорытындылау және Бас прокуратураға жолдау;

– Академияға құқықтық актілер жобаларына криминологиялық сараптама жүргізу бойынша өкілеттіктер беру мәселесі пысықталды;

– Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының жарияланымдық белсенділігі қамтамасыз етілді;
– Академияның кітапхана қорын толықтыру.

СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ

Стратегияны іске асыру тетігі мыналарды көздейді:

– жұмыс кездесулерін ұйымдастыру, Стратегияны орындау мониторингі, іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау;

– ресми статистика есебінен және мониторинг нәтижелері бойынша стратегиялық ақпаратты тұрақты жаңарту және толықтыру;

– стратегияны іске асыру бойынша Академия сайтына міндетті түрде орна-ластыра отырып, презентациялық жарияланымдарды дайындау;

– Ғылыми кеңес отырысында Стратегияны және Іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижелерін қарау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу орнының стратегиясын іске асыру Академияның құқық қорғау сала-сындағы ғылым мен білім саласындағы озық оқумен, тәжірибемен және иннова-циялармен көшбасшы ретінде одан әрі нығаюы мен дамуын қамтамасыз етеді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖӘНЕ БАСҚА ДА НОРМАТИВТІК ДЕРЕККӨЗДЕР

Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 18.02.2011 ж. «Ғылым туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 «2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 01.03.2016 ж. №205 «Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы;

Президенттің 14.12.2012 ж. Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 17.01.2014 ж. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы;

Президенттің 20.05.2015 ж. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарлама-сы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 31.01.2017 ж. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жол-дауы. Сындарлы қоғамдық диало – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

«Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.04.2016 ж. №243 қаулысы.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»