Академия басшылығы

СЕКСЕМБАЕВ МАРАТ ИСЛАМХАНҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры

Марат Сексембаев 1979 жылғы 4 ақпанда Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығы бойынша оқуын аяқтады.

2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасында еңбек жолын бастады.

Бас прокуратурада, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте басшылық қызметтер атқарды.

Әділет министрлігінің Аналитика және стратегиялық жоспарлау департаментін, Тіркеу қызметі және Құқықтық көмек комитетін басқарды.

Сыбайлас жемқорлық істерін ашу департаменті мен Қаржы полициясы агенттігінің Аппаратына басшылық жасаған.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2016 жылы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысының прокуратурасын басқарды.

2021 жылдан – 2022 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысы.

Бірқатар ведомстволық және меретойлық марапаттарға ие.

Отбасылы, 4 баланың әкесі.

 

ҚАЛИОЛЛА ҚАБАЙҰЛЫ СЕЙТЕНОВ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры

Қалиолла Қабайұлы 1967 жылы 27 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген.

РФ ІІМ Жоғарғы тергеу мектебін аяқтаған (РФ ІІМ Волгоград заң институты).

Әр жылдары Ақмола облысы ІІБ сараптама-криминалистикалық бөлімшесінде, ҚР ІІМ Тергеу департаментінде жұмыс істеді.

2001 жылдан 2019 жылға дейін ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты. КазГЮУ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының деканы, проректоры, жетекшісі болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессоры.

2021 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры.

Заң ғылымдарының докторы, профессор.

150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде оқулықтардың, оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, әдістемелік ұсынымдар мен ғылыми мақалалардың авторы.

Қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және сот сараптамасы, жедел-іздестіру қызметі саласындағы беделді мамандардың бірі болып табылады.

 

ЕШИМОВ МАРАЛБЕК АҚЫЛБЕКҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының проректоры.

1973 жылы 10 қарашада Ақмола облысы Жақсы ауданында дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (1994-1998 жылдары).

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (1991-1993 жылдар) әскерде болған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Жақсы АІІБ жанындағы күзет бөлімшесінің электромонтері болып бастады (1990-1991, 1993-1994 жылдары).

Оқуды аяқтағаннан кейін Қостанай облысының прокуратура органдарына қызметке кіріп, 1998 жылдан 2005 жылға дейін әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005-2012 жылдары Бас прокуратурада бөлім прокурорынан Кадр жұмысы департаментінің Ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығына дейінгі лауазымда қызмет атқарған.

2012 жылғы қазаннан 2018 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасының бастығы.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бастығы.

2019 жылғы наурыздан – Құқық қорғау органдары академиясының проректоры.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Бірқатар ведомстволық және мерейтойлық марапаттарға ие.

Үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

ШУШИКОВА ГҮЛНАР КӘРІБАЙҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры – Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры

Гүлнар Кәрібайқызы 1978 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, «Қаржы академиясы» АҚ-ының магистратурасын экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген, «экономика және құқық магистрі».

Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облыстық сотының сот отырысының хатшысы қызметінен бастады.

2000 жылғы ақпаннан 2001 жылғы қаңтарға дейін Қарағанды қаласының, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының, Қазыбек би атындағы аудан прокурорының көмекшісі болып жұмыс атқарды.

2001 жылғы шілдеден 2008 жылғы сәуірге дейін Қарағанды облысының прокуратурасының, содан кейін Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры, сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және әкімшілік және азаматтық істер бойынша атқарушылық іс жүргізу басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарды.

2008 жылғы сәуірден 2009 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаменті басқармасының прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарды.

2009 жылғы мамырдан 2013 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі  қызметін атқарды.

2013 жылғы маусымнан 2015 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы.

2015 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры – Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарып келеді.

Гүлнар Кәрібайқызы Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің, Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық комиссиясының мүшесі болып табылады.

2016-2017 жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Прокуратураға – үздік кадрлар» жобасын басқарды, оның шеңберінде шетелдік жетекші тәжірибені (Грузия, АҚШ, ГФР, Португалия және т.б.) зерделеумен және пилоттық апробациялаумен зерттеу жұмысының үлкен көлемі жүргізілді. Оның жекелеген элементтері Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін кадрларды бастапқы кәсіптік даярлау процесіне енгізілді. Жоба  «Жобалық Олимп» халықаралық байқауының (Мәскеу қаласы, 2017 жыл) «Прокуратура. SMART- басқару» арнайы аталымында жүлделі 3-орынды иеленді.

Қазақстан мен шет мемлекеттердің құқық қорғау құрылымдарының кадр саясаты, бизнесті қорғау, рейдерлікке қарсы іс-қимыл, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жарияланымдар топтамасының авторы болып табылады. Гүлнар Кәрібайқызының жетекшілігімен 20-дан астам ғылыми еңбек дайындалды.

Екі мемлекеттік наградасы және бірқатар ведомстволық наградалары бар. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен «Құрмет» орденімен, «Мінсіз қызметі үшін» медалімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері, сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.