Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы
Ректорының 2019 жылғы
«___» _____ № _____бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясынның магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын өткізу
РЕГЛАМЕНТІ

1. Емтихан өткізу тәртібі

1.1. Магистратура мен докторантураға қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі 2015 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының №101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау Ережелерімен және осы Регламентпен анықталады.

1.2. Емтихан келесі пәндерден жазбаша кешенді емтихан түрінде өткізіледі:

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша «7М04203 — Құқықтану» — «Мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы», «Азаматтық құқық»;

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша «7M12301, 7M12303 – Құқық қорғау қызметі» — Мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалды құқығы», «Әкімшіліл құқық»;

PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша «8D04201- Құқықтану», «8D12301– Құқық қорғау қызметі» — «Жалпы құқық теориясының қазіргі кезеңдегі проблемалары», «Құқық қорғау қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамасын қолдану теориясы мен практикасы».

1.3. Емтихан өткізу уақыты – 3 сағат, теориялық тапсырма орындалған соң 10 минут үзіліс бар. Емтиханға бөлінген уақытты есептеу емтихан тапсырушының соңғы емтихан материалын алған кезден басталады. Жазбаша емтихан басталуы және аяқталуы уақыты Комиссия мүшесімен тақтада жазылады.

1.4. Емтихан билеті келесі бөлімдерден тұрады:

магистратура бойынша 3 теориялық сұрақ — «Мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалды құқығы» «Азаматтық құқық», «Әкімшілік құқық», жағдайлық тапсырманы шешу – ҚР қылмыстық құқығы;

докторантура бойынша 2 теориялық сұрақ — «Жалпы құқық теориясының қазіргі кезеңдегі проблемалар», «қылмыстық, қылмыстық-процессуалды, азаматтық, әкімшілік құқықты, қолдану теориясы мен практикасы», жағдайлық тапсырманы шешу — қылмыстық заңнаманы қолдану теориясы мен практикасы.

1.5. Әрбір емтихан тапсырушыға белгілі бір үлгідегі Қабылдау комиссиясының, емтихан комиссиясының төрағасының және ішкі қауіпсіздік бойынша Ректордың көмекшісінің қолы қойылған және штрих коды бар магистратура бойынша — 4 таза жауап парағы, докторантура бойынша — 3 таза жауап парағы беріледі. Жауаптар тек берілген парақтарда қабылданады. Жауап парақтары емтихан билетіндегі сұрақтар нөмірлеріне сәйкес кезекпен толтырылады. Теориялық сұрақтарға жауап берген соң жауап парақтары Комиссия мүшелеріне немесе аудитория кезекшілеріне тапсырылады.

1.6. Емтихан тапсырушы жағдайлық тапсырманы шешу билет үшін бөлек тартып, ҚР Қылмыстық кодексін алады.

1.7. Жауап парақтары магистратура мен докторантураға оқуға түскендердің Академиядағы оқуды бітіргенше оқу істерінде сақталады.

2. Емтихан тапсырушының құқықтары мен міндеттері:

2.1. Емтихан тапсырушы құқылы:

— Жағдайлық тапсырманы шешу кезінде Қылмыстық кодексті пайдалануға;

— Теориялық тапсырма орындағаннан кейін аудиториядан тыс 10 минуттан артық емес уақытқа шығуға.
2.2. Емтихан тапсырушыға рұқсат етілмейді:

— Академия ғимаратына ұялы құрылғыларды, смартфондарды флэш-толтырғыштарды және т.б. әкелуге және пайдалануға;

— Жауап парағындағы берілгендерді фальсификациялауға;

— өз емтихан материалдарын басқа емтихан тапсырушыларға беруге;

— теориялық тапсырма орындау уақытында, шұғыл медициналық көмек қажет жағдайдан басқа кезде, аудиториядан шығуға

— жазбаша тапсырманы орныдау үшін басқа тұлғалардың көмегін пайдалануға;

— шпаргалкалар мен сәйкес пәндер бойынша басқа оқу-көмек ақпаратты пайдалануға;

— жазбаша емтиханға бөлінген уақыт тәртібін бұзуға (жауап парағында емтихан басталғанша немесе аяқталғаннан кейін жазу);

— аудиторядан емтихан билеттерін немесе басқа материалдарды шығаруға;

— бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан билеті мен жауап парағын тапсыруды кешіктіру.

2.3. Көрсетілген Регламентті емтихан тапсырушы бұзған жағдайда, емтихан тапсыруды жалғастыру туралы шешім емтихан комиссиясының төрағасының келісімімен аудиториядағы кезекшімен анықталады.

3. Апелляция

3.1. Апелляциялық комиссия емтихан материалдарының мазмұнына дау айту және техникалық қателерді қайта қарау туралы магистратура мен докторантураға түсуші тұлғалардан өтініш қабылдап қарастырады.

3.2. Өтінішті қарастыру оң шешілген жағдайда Апелляциялық комиссия қабылдау емтиханының нәтижелері бойынша апеляцияға өтініш жасаушы тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдай алады.

3.3. Апелляцияға өтініш магистратура мен докторантураға түсуші тұлғамен апелляциялық комиссия төрағасының атына жазылады.

3.4. Емтихан материалдарының мазмұнына дау айту және техникалық қателерді қайта қарау туралы өтініш қабылдау емтиханның нәтижелері жария етілгеннен кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданып, апелляциялық комиссиямен күн барысында қарастырылады.

3.5. Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Апеляция комиссиясының отырысына апелляция авторының келмей қалуы жағдайында өтініш қарастырылмайды.

3.6. Аппеляция өтінішін қарастыру кезінде апеляцияға өтініш білдірген тұлға күәләндіретін құжат ұсынуы тиіс.

3.7. Апелляциялық комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынын көп дауысымен қабылданады. Дауыс саны бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

Апелляциялық комиссия жұмысы комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояған хаттамада көрсетіледі.

4. Қабылдау емтихан материалдарын жою

4.1. Емтихан өткізудің барлық кезеңдері аяқталғанда және 30 жұмыс күнгі мерзім шыққаннан кейін мазмұнын оқуға немесе қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтін жағдайға келгенше механикалық ұсату немесе өртеу жолымен емтихан материалдары (емтихан билеттері, академияға оқуға түспегендердің жауап парақтары) жойылады.

4.2. Емтихан материалын жою үшін кемі 3 адамнан комиссия құрылады.

4.3. Емтихан материалын жою актымен рәсемделеді.

Қабылдау емтиханың бағдарламалары