Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 3 шілде № 89
бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Академия) мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Академия Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығымен құрылған.

3. Академия ерекше мәртебесі бар, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін білім беру ұйымы болып табылады.

Ескерту. 3- тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

4. Академия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

5. Академияның құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) бекітеді.

6. Академияға қатысты жалпы басқаруды және мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган – Қазақстан Республикасның Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура).

7. Академияның толық және қысқартылған атауы, атауының аббревиатурасы:

мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі; «Құқық қорғау органдары академиясы»; «ҚОА»;

орыс тілінде — государственное учреждение «Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан»; «Академия правоохранительных органов», «АПО»;

ағылшын тілінде – State institution «Law Enforcement Academy under the Prosecutor General’s office of the Republic of Kazakhstan»; «Law Enforcement Academy»; «LEA».

Ескерту. 7 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

8. Академияның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 021804, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16.

2. Академияның заңдық мәртебесі

9. Академияның дербес теңгерімі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, бейнелемесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдары мен банктерде шоттары, оның ішінде шетелдік валютадағы шоттары бар.

10. Академия өз міндеттемелері бойынша оның қарамағындағы ақшаға жауап береді, ақша жетпеген жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Бас прокуратура жауап береді.

11. Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.

12. Академия жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарлары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс. Шарттық міндеттемелер бойынша Академияның жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Академияны ұстауға арналып бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары шегінде туындайды.

13. Академия Бас прокуратураның келісімі бойынша филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы.

3. Академияның мақсаты мен міндеттері

14. Академия қызметінің мақсаты құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын жетілдіру және заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту болып табылады.

15. Академияның негізгі міндеттері:

1) құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын тұлғаларды кәсіптік даярлау;

Ескерту. 15 тармақтың 1 тармақшасына Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Президенттік резервте тұрған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығын кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

Ескерту. 15 тармақтың 2 тармақшасына Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген білім беру қызметіне лицензияға сәйкес іске асыру;

4) басым бағыттарды анықтау, құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу, олардың нәтижелерін заң жобасы жұмыстарына, оқу үрдісіне, практикалық қызметтерге енгізу;

5) прокурорлық қадағалаудың, заңдылықты қамтамасыз етудің, құқықтық тәртіптің және қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін заң жобасы жұмысына, оқу үрдісіне, практикалық қызметке енгізу;

6) құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті нығайту саласындағы үйлестіруші қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

7) құқық қорғау саласында ғылым және білім беру саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

8) құқық қорғау қызметі саласында тұжырымдамаларды, докториналарды, стратегиялар мен бағдарламалық құжаттарды, жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, мемлекеттік бюджеттен және басқа көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға және бағдарламаларға қатысу;

10) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;

11) нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын жүргізу;

12) ғылыми-зерттеу, білім беру және оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдармен, ғылыми, білім беру, мамандандырылған ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау;

13) ғылым және білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және іске асыру;

14) Академияда мемлекеттік тілді дамыту;

Ескерту. 15 тармақтың 14 тармақшасына Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

15) имидждік саясатты жетілдіру;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету;

Ескерту. 15 тармақтың 16 тармақшасына Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

17) баспахана және басылым қызметін жүзеге асыру»;

18) оқу процессін, ғылыми зерттеулер және библиотеканың жұмысын автоматтандыру үшін Интернет-ресурстары мен бағдарламалық өнімдерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және дамыту.

Ескерту. 15 тармақ 17 және 18 тармақшалармен Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен толықтырылды.

16. Міндеттер мен қызмет түрлерінің тізімі түпкілікті болып табылмайды және әрбір нақты жағдайда қызмет бағытын Бас Прокурор және (немесе) Академия ректоры белгілейді.

17. Академияның мақсаты мен міндеттерін іске асырудың негізгі нысаны Академия ректоры бекітетін Академияның құрылымдық бөлімшелерінің ережелерінде көрсетілген функцияларды іске асыру болып табылады.

4. Академия қызметін басқару және ұйымдастыру

18. Академияны басқару дара басшылық және алқалық принциптеріне сүйене отырып Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес жүргізіледі.

19. Академия қызметін ұйымдастыруды және басшылық етуді Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясаты мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Комиссиясымен келісілген Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Академия ректоры жүзеге асырады.

20. Академия ректоры осы мақсаттарда:

1) дара басшылық және алқалық принциптеріне сүйене отырып әрекет етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда белгіленген өзінің құзіреттілігіне сәйкес Академия қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

2) Академия жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тікелей Бас Прокурорға бағынады және Академияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

3) белгіленген штаттық санының шегінде Академияның құрылымын және штаттық кестесін Бас Прокурорға бекітуге ұсынады;

4) Академияның жұмыс жоспарларын, құрылымдық бөлімшелері туралы қағидаларын бекітеді;

5) білім беру, ғылыми-зерттеу және қаржы-шаруашылық қызметті жетілдіру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту жөнінде Бас Прокурорға ұсыныстар енгізеді;

6) Академияның барлық қызметкерлері, әкімшілік мемлекеттік қызметшілері (бұдан әрі — қызметшілер) және еңбек шарты бойынша жұмыскерлер (бұдан әрі – жұмыскерлер), тыңдаушылар мен білім алушылар үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер және басқа да ұйымдық-өкімдік актілерді шығарады;

Ескерту. 20 тармақтың 6 тармақшасына Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

7) Академияның кадрларын іріктеуге және орналастыруға басшылық етеді;

8) Бас Прокурор тағайындайтын және босататын қызметкерлерден басқа, қызметкерлер мен қызметшілерді қызметке қабылдауды, ауысуды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасайды, өзгертеді және бұзады;

Ескерту. 20 тармақтың 8 тармақшасына Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

9) белгіленген тәртіппен оқуға қабылдауды, бітіртіп шығаруды, оқудан шығаруды, ауыстыруды және қайта алуды ұйымдастырады;

10) Академия атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық мемлекеттік органдарда және мекемелерде, басқа ұйымдарда оның мүддесіне өкілдік етеді;

11) шарт жасасады, Академия қызметімен байланысты әрекеттер жасау үшін сенімхаттар береді;

12) Академия қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша шетелдік ұйымдармен шарттар және келісім-шарттар жасайды;

13) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерімен, облыс прокуратураларымен және оларға теңестірілген мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ведомстволармен, білім беру ұйымдарымен және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес, оның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдармен Академияның өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады;

14) прокуратура органдарына олардың қызметін талдау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері бойынша тексерулер, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін анықтау, тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Академия қызметкерлері мен қызметшілерінің баруын ұйымдастырады;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Академия қызметкерлерін, қызметшілерін және жұмыскерлерін көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

16) мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс, мемлекеттік, қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету және құпиялылық режимінің талаптарын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Бас Прокурордың ұйымдық-өкімдік актілерімен және осы Жарғымен оған жүктелген өзге де функцияларды атқарады.

21. Академияның бірінші проректорын Бас Прокурор Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі Комиссияның келісімімен лауазымына тағайындайды және босатады.

Ескерту. 21 тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

21-1. Академияның проректорларын Бас Прокурор лауазымына тағайындайды және босатады.

Ескерту. 21-1 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен толықтырылды.

22. Академия ректорының бұйрығымен құрылатын Ғылыми кеңес Академияның жоғары алқалық органы болып табылады.

Ғылыми кеңестің құрамы, құзыреті және қызметін ұйымдастырудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Бас Прокурордың, Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілерімен анықталады.

Ескерту. 22 тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

22-1. Академияда құқық қорғау қызметі саласында бірыңғай ғылыми саясатты қалыптастыру мақсатында Бас Прокурордың бұйрығымен құрылатын Ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі — ҒӘК) қызмет істейді.

ҒӘК-тің міндеттері, функциялары, сайлау және қызметін ұйымдастыру тәртібі Бас Прокурордың бұйрығымен бекітілген ҒӘК туралы ережемен айқындалады.

Ескерту. 22-1 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен толықтырылды.

23. Алып тасталды.

Ескерту. 23 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

24. Алып тасталды.

Ескерту. 24 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

25. Алып тасталды.

Ескерту. 25 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

26. Академияда оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Академия ректорының бұйрығымен құрылатын Оқу-әдістемелік кеңес жұмыс істейді.

Оқу-әдістемелік кеңестің құрамы, құзыреті және қызметін ұйымдастырудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілерімен айқындалады.

Ескерту. 26 тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

27. Алып тасталды.

Ескерту. 27 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

28. Академия ректорының бұйрығымен өзге де алқалық және консультативті-кеңестік органдар (кеңестер, жұмыс топтары, комиссиялар, оның ішінде құпиялылық режим бойынша, аттестациялық, тұрғын үй-тұрмыстық және басқалары) құрылуы мүмкін.

29. Академияны жедел басқарумен, қызметтік және атқарушылық тәртіппен байланысты өзге де мәселелер Академия ректоры жанындағы жедел кеңестерде қаралады.

5. Академияға оқуға қабылдау, ауыстыру, шығару және қайта алу тәртібі

30. Академияға оқуға қабылдау тәртібі Бас Прокурордың бұйрығымен бекітілген ережелерімен регламенттеледі.

31. Академияда оқытылатын контингентті қалыптастыру Бас Прокурордың бұйрығымен бекітілген мамандарды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге дайындыққа Мемлекеттік білім беру тапсырысына және тиісті оқу жылына оқуға қабылдау Жоспарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

32. Академияның магистратура мен докторантурасында күндізгі оқу түріне, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологиясын пайдаланумен бірге Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының тиісті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлері қабылданады.

Академияға оқу үшін шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен қабылдана алады.

Ескерту. 32 тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

33. Оқуға қабылдауды ұйымдастыруды Академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

34. Академия ректоры қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Қабылдау комиссиясының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның жұмысын және іс қағаздарын жүргізуді Академия ректоры тағайындайтын қабылдау комиссияның хатшысы ұйымдастырады.

Ескерту. 34 тармаққа Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

35. Алып тасталды.

Ескерту. 35 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

36. Академияға оқуға қабылданғандығы туралы шешімді қабылдау комиссиясы қабылданатын орындар санын есепке алуымен ашық отырыста конкурстық негізде жүргізеді. Академияға оқуға қабылданғандығы қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.

37. Білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару және қайта қабылдау тәртібі Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген қағидалармен, білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

Ескерту. 37 тармаққа Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159 және 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді.

38. Екіжақты және көпжақты алмасу бағдарламалары бойынша білім алушыларға олар басқа оқу орындарында, соның ішінде шетелде оқыған пәндері қайта оқытылуы мүмкін.

39. Білім алушы Академиядан:

1) өз еркі бойынша;

2) академиялық үлгермегені үшін;

3) Академияда белгіленген ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін;

4) Академия Жарғысымен, білім беру келісім-шартымен қарастырылған міндеттемелерді (міндеттерді) орындамағаны үшін;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда шығаруға жатады.

Ескерту. 39 тармаққа Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

40. Білім алушының өтініші өз еркі бойынша, оның ішінде басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты оқудан шығаруға негіз болып табылады.

41. Білім алушыны Академиядан шығару Академия институты директорының ұсынысы бойынша Академия ректорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

Білім алушы оқудан шығарылғаннан кейін, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі және оқудан шығаруға негіз болып табылатын материалдар, қызметкердің жұмыс орны бойынша құқық қорғау органына жіберіледі.

Ескерту. 41 тармаққа Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы №159 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

42. Алып тасталды.

Ескерту. 42 тармақ Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы №159 бұйрығымен күшін жойды.

6. Академияның білім беру процесін және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру

43. Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шегінде білім беру үрдісін іске асыруда дербес.

44. Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары іске асырылады.

Ескерту. 44 тармаққа Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

45. Академияда оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.

Ескерту. 45 тармаққа Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

46. Академияда білім беру процесін ұйымдастыру Бас Прокурорының бұйрығымен регламенттеледі.

Ескерту. 46 тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

47. Алып тасталды.

Ескерту. 47 тармақ Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 бұйрығымен күшін жойды.

48. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамымен қатар білім беру процесіне қосымша жұмыс атқару немесе сағаттық еңбекақы шарттарында мемлекеттік органдардың және мекемелердің, білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік емес, соның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдардың мамандары шақыртылуы мүмкін.

49. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлануы, қайта даярлануы және біліктілігін арттыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бас Прокурордың, Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 49 тармаққа Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

50. Алып тасталды.

Ескерту. 50 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

51. Алып тасталды.

Ескерту. 51 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

52. Алып тасталды.

Ескерту. 52 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен күшін жойды.

53. Академияда докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізу мақсатында Академия ректорының бұйрығымен құрылатын Диссертациялық кеңес қызмет істейді.

Академияның Диссертациялық кеңес қызметінің құрамы, құзыреті мен тәртібін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Академия ректорының ұйымдастыру-өкімдік актілерімен анықталады.Академияда ректордың бұйрығымен Ғылыми кеңестің ұсынысы негізінде докторлық диссертацияларды қорғау жөнендегі диссертациялық кеіестер құрылады.

Ескерту. 53 тармаққа Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159, 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 және 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді.

54. Академияда білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, нысаны жұмыс оқу жоспарларына, академиялық күнтізбеге және білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер негізінде белгіленеді.

55. Алып тасталды.

Ескерту. 55 тармақ Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159 бұйрығымен күшін жойды.

56. Алып тасталды.

Ескерту. 56 тармақ Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159 бұйрығымен күшін жойды.

57. Алып тасталды.

Ескерту. 57 тармақ Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159 бұйрығымен күшін жойды.

58. Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте Академия өзіндік үлгідегі білімі туралы құжаттарды береді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дірежелерді беру қағидаларымен белгіленген тәртіпте (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6951 тіркелген) философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы дәрежелерін тағайындайды.

Ескерту. 58 тармаққа Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы № 132 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

59. Академияның ғылыми-зерттеу қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Бас Прокурордың, Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

60. Академияның ғылыми-зерттеу жұмыстарына құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен жұмыскерлері, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ басқа ғылыми, білім беру және басқа, соның ішінде шетел және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

61. Академияда жүргізілетін ғылыми зерттеулер республикалық бюджет, халықаралық ұйымдар қаражаты, шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстарынан түсетін қаражат, Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда көзделген өзге де қаржылық қамтамасыз ету көздерінен алынған қаражат есебінен қаржыландырылады. Академияның ғылыми-зерттеу қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен гранттар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

62. Академия мемлекеттік органдарға және мекемелерге, басқа ұйымдарға консультативтік көмек көрсетуге, құқықтық актілер жобаларына қорытындылар, пікірлер ұсынуға құқылы.

62-1. Академия ғылыми және білім беру қызметін үйлестіруді, мониторинг жүргізуді және бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың, Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілерінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

Ескерту. 62-1 тармақ Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен толықтырылды.

7. Академияның мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен халықаралық ынтымақтастығы және өзара іс-қимыл жасауы

63. Академия ғылыми және білім беру қызметі аясында шет мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен, шетелдік білім беретін және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

64. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде Академия:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келіссөздер өткізеді және шарт, келісім, меморандум жасасады;

2) шетелдік ғалымдарды, сарапшылар мен мамандарды олардың келісімі бойынша ғылыми және білім беретін қызметті жүргізуге тартады;

3) ғылым мен білімді дамытудың негізгі әлемдік тенденциялары жөнінде мәліметтерді жинау мен талдауды жүзеге асырады;

4) шет мемлекеттері құқық қорғау органдарының, шетелдік білім беретін және ғылыми-зерттеу мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулеріне, ғылыми және білім беру іс-шараларына қатысады;

5) білім алушылармен және ғылыми-педагогикалық қызметкерлермен екіжақты және көпжақты алмасу бағдарламаларына қатысады;

6) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер және өзге де ғылыми және білім беру іс-шараларын өткізеді;

7) шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы аумағындағы консулдық мекемелердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жасайды;

8) халықаралық авторлық ұжымдардың ғылыми әдебиеттерін, оқулықтары мен оқу құралдарын басып шығаруды ұйымдастырады;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келісімшарттарына сәйкес шетел азаматтарын оқытуды ұйымдастырады және өткізеді.

Ескерту. 64 тармақ 9 тармақшамен Бас Прокурордың 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 23 бұйрығымен толықтырылды.

65. Академияның халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және Академияның жарғылық міндеттерін шешуге ықпал ететін өзге де нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

66. Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерімен, облыс прокуратураларымен және оларға теңестірілген мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ведомстволармен, білім беру ұйымдарымен және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруға құқылы.

67. Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері, прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелері, өзге де құқық қорғау органдары:

1) Академияның ғылыми және білім беру қызметін іске асыруға, сонымен бірге олардың қызметкерлерін ғылыми-білім беру іс-шараларына тікелей қатыстыру арқылы ықпал етеді;

2) Академияның сұрау салуы бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыспен күресті қамтамасыз ету бойынша аналитикалық, ақпараттық және оқу-әдістемелік материалдарды, статистикалық мәліметтерді, әзірленіп жатқан заң жобаларын, басқа да материалдар мен құжаттарды ұсынады, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

8. Академия қызметкерлері, қызметшілері, жұмыскерлері және білім алушыларының құқықтары мен міндеттері

68. Академия қызметкерлері, қызметшілері мен жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Бас Прокурордың ұйымдастыру-басқарушылық актілерімен, лауазымдық және функционалдық міндеттерімен белгіленеді.

69. Академия қызметкерлері мен қызметшілері:

1) Академияның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуға;

2) Академия қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Академия ректорының тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша Академияның білім беру, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты мәселелер бойынша Академия мүддесіне өкілдік етуге;

4) Академия ректорының тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткізілетін ғылыми-білім беру іс-шараларына қатысуға;

5) меншік түріне тәуелсіз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға қолжетімділікке;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінен, прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелерінен, өзге құқық қорғау органдарынан мәліметтер, құжаттар мен материалдар алуға;

7) мемлекеттік құпияны және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, егер лауазымдық және функционалдық міндеттерді орындау осындай мәліметтерді пайдаланумен байланысты болса, мәліметтерге белгіленген тәртіпте қол жеткізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бағынысты ақпараттық ресурстарда бар ақпараттардың қолжетімділігіне;

9) құзірет шегінде материалдармен тікелей Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде, прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелерінде, өзге құқық қорғау органдарында танысуға;

10) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша міндеттерді орындау, ғылыми зерттеулер өткізу, оқу және ғылыми үрдістердің практикалық қызметпен байланысын қамтамасыз ету үшін тексерістер, сот сараптамаларын, процессуалдық іс-әрекетті жүргізу кезінде ішінде болуға, қатысуға;

11) егер атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық және функционалдық мiндеттерiн толық көлемде орындаса, Академия ректорының келісімімен Академиядан тыс ақы төленетін оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметті жүзеге асыруға;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттерге құқылы.

70. Академияның қызметкерлері мен қызметшілері:

1) Конституцияны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесі қызметкерлерінің ар-намыс кодексін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қызметшілерге қойылатын өзге де талаптарды сақтауға;

2) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеуді қабылдауға;

3) қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға;

4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық және функционалдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

5) қоғамдық өмірге және Академияның Имидждік бағдарламасын іске асыруға қатысуға;

6) Академия мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға міндетті.

Ескерту. 70 тармаққа Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы №159 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

71. Оқу-тәрбие және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлер құрамының құқықтары мен міндеттері ішкі тәртіп қағидаларымен және лауазымдық міндеттерімен белгіленеді.

72. Білім алушы:

1) бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алуға;

2) білім беру үрдісін, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік және мәдени-ағартушылық жұмысты жетілдіру, үлгерімді, тәртіпті және тұрмысты жақсарту мәселелерін шешуге қатысуға;

3) Академияның оқу аудиторияларын, оқу-әдістемелік кабинеттерін, оқырман залын, кітапханаларын, спорт ғимараттарын, құрал-жабдықтарын және оқу-материалдық базасының басқа да материалдық-техникалық құралдарын пайдалануға;

4) өз бетімен әзірлену кезінде өз жұмысын өздігінен ұйымдастыруға;

5) ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуға;

6) Академия өткізетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруға;

7) спорт секциялары, көркемөнер ұжымдары жұмыстарына және өзге де шығармашылық түрлеріне қатысуға;

8) жариялау үшін, сондай-ақ Академия басылымдарында басып шығару үшін белгіленген тәртіпте материалдар ұсынуға құқылы;

9) Академия басшылығына сұрақтармен, ұсыныстармен, өтініштермен жүгінуге және жүгіну мәселесі бойынша жауап алуға;

10) оқу, ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктері үшін мадақталуға және Академияның қоғамдық пайдалы қызметіне белсене қатысуға;

11) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды қолдануға құқылы.

73. Білім алушылар:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақтауға;

2) таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім, кәсіби дағды мен икемділікті игеруге, оқу жоспарын, барлық қаралған оқу тапсырмаларын уақытында және сәтті орындауға, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуға, аралық және қорытынды аттестаттауды өтуге;

3) оқу сабақтарына қатысуға, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында, сондай-ақ магистранттың, докторанттың жеке жұмыс жоспарларында көзделген тапсырмалар мен іс-шаралардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;

4) осы Жарғының талаптарын, Ішкі тәртіптерін және Академияның өзіне қатысты өзге де құқықтық актілерін сақтауға;

5) қызмет және еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзінің білім деңгейін және кәсіптік дайындығын арттыруға;

7) жалпы мәдениетті арттыруға, адамгершілік-еріктік және денені жетілдіруге талаптануға;

8) Академия мүлкіне ұқыпты қарауға және Академияға келтірілген материалдық залал үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беруге;

9) Академияның ең үздік дәстүрлерін сақтауға және арттыруға;

10) қауіпсіздік техникасының қағидаларын, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және санитариялық талаптарды сақтауға;

11) мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Ескерту. 73 тармаққа Бас Прокурордың 2018 жылғы 6 қарашадағы №132 бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

74. Оқудағы жетістіктері және ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысқаны үшін білім алушыларға әр түрлі мадақтау түрлері белгіленеді.

75. Алып тасталды.

Ескерту. 75 тармақ Бас Прокурордың 2016 жылғы 18 қазандағы № 159 бұйрығымен күшін жойды.

76. Қызметкерлердің, қызметшілердің және білім алушылардың Академияға келтірген моральдық залал үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

9. Академияның мүлкі және қаржы-шаруашылық қызметі

77. Академияның жедел басқару құқығындағы оқшауландырылған мүлкі бар.

78. Академия мүлкі оған мемлекет табыс еткен, сондай-ақ құны Академия теңгерімінде көрінетін басқа да мүлік есебінен құрылады.

79. Академияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

80. Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңымен көзделмесе, Академияға мүлікті өздігінен иесіздендіруге немесе өзге жолмен өзіне бекітілген мүлікке иелік етуге жол берілмейді.

81. Академия қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

82. Академия бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп ұсынады.

83. Академия жарғылық қызметті іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қосымша көздерін тартуға құқылы.

84. Академияның қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиясын Бас прокуратура және өзге уәкілетті органдар жүзеге асырады.

10. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

85. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бас Прокурордың бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

86. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

11. Академияны қайта ұйымдастыру және тарату

87. Академияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.