2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде Құқық қорғау академиясының (бұдан әрі – ҚҚА)даму стратегиясы «Академияның құрылуына байланысты құқық қорғау органдарының ведомствоаралық ғылым және білім беру қызметінің болашақтағы дамуы» таныстырылып, мақұлданды.

Құжатта қызметтің негізгі бағыттары, алгоритмі мен оқыту механизмдері, ведомствоаралық ғылыми қызмет және т.б. анықталды.

Қазіргі уақытта ҚҚА қалыптасу кезеңінен өтіп, өзінің дамуы мен нығайуының жаңа кезеңіне өтті.

Ұсынылған бес жылдық даму стратегиясы ғылым-білім беру саласындағы әлемдік үрдістерін ескере отырып, әзірленді. Оны жүзеге асыру ҚҚА барлық құрылымдық бөліністерінің жігері мен мүмкіндіктерінің шоғырлануын талап етеді.

Жаңа стратегияда біз миссиямызды, пайымымызды және мақсаттарымызды, сонымен қатар күнделікті қызметте басшылыққа алатын негізгі қағидаларымызды анықтадық.

Қызметкерлердің моральдық-этикалық дамуына, академиялық шыншылдық пен патриоттыққа жете көңіл бөлінеді.

Біздің басты бәсекелі басымдылығымыз оқытудағы икемділік, практикаға бағытталғандық, құқықтық тәртіп
пен қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған инновацияларды енгізу болып табылады.

Біз, алдағы бес жылдағы серпінді дамуымызда үздік әлеуметтік стандарттарға сай келетін ұйым құрамыз деп үміттенеміз.

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ