МЕРЗАДИНОВ ЕРҒАЛИ СЕРІКБАЙҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ректоры

1958 жылы 9 сәуірде Шымкент облысы Киров ауданының Абай ауылында дүниеге келген.

1975 жылы орта мектепті тәмамдаған.

1975 және 1977 жылдар аралығында Киров ауданының шарап зауытында жұмысшы болып еңбек еткен.

1977 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне 1 курсқа қабылданып, 1978 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқуын жалғастырды.

Аталған университетті 1982 жылы үздік аяқтағаннан кейін Алматы қаласының Калинин аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтуші ретінде, одан әрі осы прокуратурада прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып қызмет атқарды.

1986 жылдан бастап Қазақ ССР прокуратурасында тергеу басқармасының прокуроры, аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімі бастығының орынбасары, кейіннен Қазақ көлік прокуратурасының тергеу, анықтауды қадағалау бөлімінің бастығы, Совет ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды.

1996 жылдың наурызы мен 2002 жылдың ақпан айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және Қарағанды облысының прокуроры қызметін атқарды.

2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды.

2004 жылдың мамырынан 2005 жылдың маусымына дейін Астана қаласының прокуроры лауазымында болған.

2005 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Бас Прокурордың 2009 жылдың 6 мамырындағы Бұйрығымен Бас әскери прокурор болып тағайындалды.

2018 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.

Әскери және қызметтік міндетін үлгілі орындағаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы үлесі үшін Е.С. Мерзадинов бірінші және екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері», «ІІМ-не еңбегі сіңген қызметкер» атақтарына ие болып, оның еңбегі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен ескерілді.

2001 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды.

Әділет генерал-лейтенанты әскери атағы берілген.

Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

 

ЕШИМОВ МАРАЛБЕК АҚЫЛБЕКҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының проректоры.

1973 жылы 10 қарашада Ақмола облысы Жақсы ауданында дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (1994-1998 жылдары).

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (1991-1993 жылдар) әскерде болған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Жақсы АІІБ жанындағы күзет бөлімшесінің электромонтері болып бастады (1990-1991, 1993-1994 жылдары).

Оқуды аяқтағаннан кейін Қостанай облысының прокуратура органдарына қызметке кіріп, 1998 жылдан 2005 жылға дейін әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005-2012 жылдары Бас прокуратурада бөлім прокурорынан Кадр жұмысы департаментінің Ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығына дейінгі лауазымда қызмет атқарған.

2012 жылғы қазаннан 2018 жылғы қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасының бастығы.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бастығы.

2019 жылғы наурыздан — Құқық қорғау органдары академиясының проректоры.

Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі.

Бірқатар ведомстволық және мерейтойлық марапаттарға ие.

Үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

ШУШИКОВА ГҮЛНӘР ҚАРБАЙҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу Институтының директоры-Проректоры

Гүлнәр Қарбайқызы 1978 жылғы 11-қаңтарда Қарағанды облысының Жаңарқа ауданының Айнабұлақ аулында дүниеге келген.

Құқықтану мамандығы бойынша Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, экономика және бизнес мамандығы бойынша магистратураны «Қаржы академиясы» АҚ аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облыстық сотында сот отырысының хатшысы қызметінен бастаған.

2000 жылы Қарағанды қаласы Октябрьский ауданының прокурорының көмекшісі.

2001 жылдың қантары мен 2001 жылдың шілде айы аралығында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы, Советский ауданы прокурорының көмекшісі.

2001 жылдың шілде айынан 2004 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта Қарағанды облысы азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.

2004 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта Қарағанды облысында, кейіннен Астана қаласында әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.

2008 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету Департаменті басқармасының аға прокуроры.

2009 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың шілде айына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасында Бас Прокурордың аға көмекшісі.

2013 жылдың шілде айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы.

2015 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы.

2018 жылдың тамыз айынан қазан айына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Кадрлық дамыту департаментінің бастығы.

2018 жылдың қараша айынан бастап Құқық қорғау академиясының проректоры қызметін атқарды.

2018 жылдың қантар айынан бастап Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствааралық ғылыми-зерттеу интитутының директоры-проректор.

 

ХАСЕНОВ ЕРҰЛАН МЫРЗАҒАЛИҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Аппаратының басшысы

1978 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, «халықаралық құқық» мамандығы бойынша заңгер дипломын алған.

2000 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды облысының прокуратура органдарына қызметке орналасып, 2004 жылдың ақпанына дейін әртүрлі қызметте болған.

2004 ж. ақпанынан 2005 ж. қаңтарына дейін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте аға прокурор, ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бастығы, ұйымдастырушылық-кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.

2005 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың мамыр айына дейін Бас прокуратураның Жедел іздестіру қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменті басқармасының бөлім аға прокуроры.

2009 жылдың мамырынан 2011 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметінде болған (Бас Прокурор Аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық басқармасы).

2011 жылдың мамырынан бастап 2012 жылдың қазанына дейін Бас Прокурор Аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасының Ахуалдық орталығының басшысы.

2012 жылдың қазанынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін – Бас Прокурор Аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасының басшысы.

2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Экономика және бизнес магистрі.

Отбасылы, үш баланың әкесі.