Академиялық саясат

«БЕКІТЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының м.а.

_______________ К. Сейтенов
2022 жылғы «___» _____________

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Академиялық саясаттың негізгі ережелері

3. Глосарий

4. Академияға қабылдау тәртібі

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны

6. Кредитттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру

7. Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау

8. Академияға білім алушыларды шығару, ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

9. Білім беру процесінің транспарентілігі

 

1. Кіріспе

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 (бұдан әрі – Жарлық) Жарлығымен құрылды, ерекше мәртебеге ие.

2. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Академияға келесі міндеттер жүктелді:

– құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, онымен қатар Президенттік резервте тұрған Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының кәсіби деңгейін арттыру;

– құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке кіретін адамдарды бастапқы кәсіптік даярлау;

– құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;

– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру.

3. Академия білім беру қызметін 2015 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен (бұдан әрі – БҒМ) берілген №K234LAA00005603 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады. Лицензияға қосымша 2019 жылғы 19 наурызда қайта ресімделді.

4. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын Академияның магистратурасы мен докторантурасында кадрларды даярлаудың екі бағыты бойынша іске асырады: 7М042 – «Құқық», 8D042 – «Құқық» және 7М123 – «Қоғамдық қауіпсіздік», 8D123 – «Қоғамдық қауіпсіздік».

5. Академияның 2019-2023 жылдарға арналған өзінің Даму стратегиясы (бұдан әрі-Стратегия) бар.
Академияның миссиясы: «Үздік отандық дәстүрлер мен әлемдік тәжірибені ұштастыру негізінде оқыту мен ғылым арқылы құқық қорғау қызметіне бірегей үлес қосу».

Академияның пайымдауы: «Академия құқық қорғау саласындағы ғылым мен білім беру саласында озық оқытумен, тәжірибемен және инновациялармен танылған көшбасшыға айналады».

Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында Академияның мынадай мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар көзделген:

1) сапалы және тиімді білім беру процесі;

2) жеке құрамды қосымша теориялық және практикалық дағдылармен нығайту;

3) Академияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары беделі.

Оқытудың практикаға бағдарланған тәсілін дамыту, әлемдік ғылыми-білім беру қоғамдастығына интеграциялау, оқу процесінде IT-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалануды кеңейту, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, ведомствоаралық ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту, магистранттар мен докторанттар зерттеулерінің тиімділігін арттыру және т.б. бойынша міндеттер қойылған.

6. 2017 жылы БҒМ мемлекеттік аттестаттау комиссиясының Академияның қызметі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес деп танылды

7. 2018 жылы Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Агенттікпен (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу) 5 жылға аккредиттелді.

Іске асырылатын білім беру бағдарламалары барлық халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестігі туралы куәлік алынды.

 

2. Академиялық саясаттың негізгі ережелері

8. Академиялық саясат білім беру сапасын арттыруға және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға бағытталған білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және Академиядағы оқу процесін тиімді ұйымдастыру жөніндегі шаралар, қағидалар мен рәсімдер жүйесін айқындайды.

9. Академическая саясат:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығы;

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысы;

Қазақстан Республикасынңы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС);

Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – ОКТ қағидалары), сондай-ақ:

ҚР Бас Прокурорының:

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 57;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 59;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 16 қарашадағы №133;

2021 жылғы 3 шілдедегі №101 «Академияда қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарының негізінде.

2) Академия ректорының:

«Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің нормалары туралы» 2019 жылғы 11 наурыздағы № 19;

«Ғылыми-білім беру қызметінің сапасын ішкі қамтамасыз ету саласындағы саясатты бекіту туралы» 2019 жылғы 12 маусымдағы № 43;

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасында білім алушылардың магистрлік диссертацияны (жобаны) әзірлеуінің, ресімдеуінің және қорғауды
ұйымдастыруының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 6;

2021 жылғы 12 мамырдағы № 34 «Академия магистратурасы мен докторантурасында білім беру қызметін ұйымдастыру регламентін бекіту туралы» бұйрықтарының негізінде іске асырылады.

 

3. Глоссарий

10. Академиялық саясатта келесі негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;

4) ӘАОО-дағы ЖОЖ – білім беру бағдарламасы не ҮОЖы негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;

5) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

6) докторант – докторантурада білім алатын адам;

7) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 академиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

8) докторлық диссертация – докторанттың теориялық ережелер әзірленген, жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми проблема шешілген не ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер жазылған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;

9) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;

10) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

11) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;

12) магистр – магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;

13) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

14) магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;

15) магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;

16) магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және(немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы;

17) міндетті компонент – МЖБС-да белгіленген және білім алушылардың оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

18) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы мен білім алушылардың жеке оқу жоспарлары негізінде дербес әзірлейтін оқу құжаты;

19) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

20)диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal (ресоч пропозал)) – докторант дайындаған және бірінші немесе екінші оқу жылы ішінде ЖЖОКБҰ бекіткен, зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдіснамасын, әдебиеттерге шолу жасауды және зерттеудің күтілетін нәтижелерін қамтитын құжат.

 

4. Академияға қабылдау тәртібі

11. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Академияның магистратурасы мен докторантурасында құқық қорғау органдарының: прокуратура, ішкі істер, қаржы мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері білім алады.

12. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес Академияға қабылдау тәртібі Бас Прокурордың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Академияға оқуға қабылдау қағидаларымен (бұдан әрі-Қабылдау қағидалары) регламенттелген.

13. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы, қашықтан оқытуға қабылдау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының жыл сайын бекітілетін қабылдау жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 2-тармағы білім алушыларды қашықтан оқытуға қабылдауға негіз болып табылады.

14. Қабылдау қағидаларына сәйкес:

Академияның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

Академияның бейіндік бағыты бойынша магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

Қашықтан оқыту бойынша магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және басқарушылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

PhD, оның ішінде Академияның қашықтан оқыту бойынша докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» немесе «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген және ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген жағдайда «құқық магистрі» немесе «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі бар адамдар қабылданады.

Академияның бейіндік, оның ішінде қашықтан оқыту бойынша докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және магистратураның білім беру бағдарламаларын немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.

 

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны

15. Академия білім беру бағдарламаларын МЖБС және үлгілік оқу жоспарларының (бұдан әрі – ҮОЖ) талаптарына сәйкес кадрлар даярлау бағыттары және тиісті оқу жылына арналған білім деңгейлері бойынша әзірлейді.

16.1. Магистратура

16.1.1. Магистратурада білім берудің мазмұны

МЖБС талаптарына сәйкес:

Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;

2) магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;

3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы;

4) қорытынды аттестаттау.

Базалық (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) пәндерін қамтиды.

Жоғары оқу орны компоненті пәндерінің тізбесін Академия дербес айқындайды және Оқу-әдістемелік кеңестің шешімімен бекітіледі.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің кемінде 16%-ын құрайды.

Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) құрайды.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 46%-ды құрайды.

Бейінді бағыттағы магистратурада магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен бейіндеуші пәндер циклінің көлемі кемінде 47% (оқу мерзімі 1 жыл) құрайды.

Пәндер мен модульдердің бағдарламалары, әдеттегідей, бірқатар білім салалары үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультипәндік сипатқа ие.

Академияда ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тереңдетілген кәсіби немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқарушылық, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген МЖБС-тің 2 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
16.1.2. Магистранттарға ғылыми басшылық

Оқуға қабылданғаннан кейін бірінші семестр ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылым кандидаттары немесе докторлары немесе PhD докторлар, сондай-ақ «магистр» дәрежесі немесе кем дегенде 3 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар подполковник әскери атағына (арнайы атағы, шені) ие немесе ғылымның тиісті саласының білікті мамандары қатарынан, ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда 5 ғылыми мақаланың авторы болып табылатындар тағайындалады. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

16.1.3. Кәсіптік практика

Магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті мыналар болып табылады:

1) магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау;

2) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:

1) БП циклінде педагогикалық;

2) зерттеу –МҒЗЖ шеңберінде.

Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы құрайды, ол МЭЗЖ шеңберінде кәсіптік практика түрінде өткізіледі.

Өндірістік практика оқу процесінде жинаған теориялық білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.
Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.

Магистранттардың кәсіптік практикасы Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

Кәсіптік практиканың жалпы көлемі білім беру бағдарламасының мазмұнымен айқындалады. Практиканың көлемі мен еңбек сыйымдылығы МЖБС және үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес есептеледі.

Практика мерзімі оқу жұмыс жоспарларына және академиялық күнтізбелерге сәйкес келеді.

Практикаға жолдама Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді, онда практика базасы, практика базасынан және Академиядан практика жетекшілері көрсетіледі.

Кәсіптік практиканы өткізу үшін база ретінде мамандарды даярлау бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары (бұдан әрі – практика базасы) айқындалады.

Практика бағдарламалары кадрлар даярлау бағытын, сондай-ақ кадрлар даярлау бағытының бейінін, МЖБС талаптарын ескере отырып әзірленеді, Оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында бекітіледі.

Кәсіптік практика басталғанға дейін жауапты кафедраның отырысы өткізіледі, онда білім алушылар кәсіптік практика бағдарламасымен және есептік құжаттамаға қойылатын талаптармен танысады.

Практикадан өту үшін магистранттар мен докторанттар Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жеке жоспар жасайды.

Білім алушының кәсіптік практика және тағылымдама нәтижелері туралы есебін бітіруші кафедралардың меңгерушілері, оның оқытушылары және кәсіптік практика жетекшілері қатарынан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры құратын комиссия қарайды.

Практика бойынша баға практика жетекшісінің бағасын және есепті қорғау қорытындылары бойынша комиссияның бағасын ескере отырып қойылады.

Кәсіптік практика бағдарламасының, кәсіптік практиканың жеке жоспарының талаптарын орындамаған, практика базасынан теріс пікір және/немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы (қосымша) семестр кезеңінде кәсіптік практикаға қайта жіберіледі.

16.1.4.Магистранттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмысы

Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті саладағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.
МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жеке кезеңде жоспарланады.

Академияда ғылыми тағылымдама МҒЗЖ шеңберінде жүргізіледі.

Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.

Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі қажет.

Бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерінің дербес шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы қажет.

Магистранттардың ҒЗЖ (ЭЗЖ) өтуі жұмыс оқу жоспарлары және академиялық күнтізбемен айқындалады.

Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

Академия магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.

16.1.5. Академиялық және қорытынды атестаттау

МЖБС талаптарына сәйкес жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін (бітіру курсын қоспағанда) магистранттар жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – МЖЖЖ) орындау мәніне академиялық аттестаттаудан өтеді.

Білім алушылардың МЖЖБ – ны орындау жөніндегі есептерін тыңдауды білім алушы бекітілген кафедра меңгерушілерінің (бұдан әрі-жауапты кафедра) және оның оқытушыларының, сондай-ақ Академияның өзге де қызметкерлерінің қатарынан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры бекітетін комиссия жүргізеді.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін академиялық аттестаттаудан өткен, сондай-ақ аралық аттестаттау қорытындысы бойынша ауысу балын жинаған білім алушы Академия ректорының бұйрығымен курстан курсқа ауыстырылады.

Академияда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және Академия дербес пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.

Қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен меңгерілген құзыреттерді бағалау болып табылады.

Академияда қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және (немесе) магистрлік диссертация (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.

16.1.6. Магистранттың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

Оқу жүктемесі магистранттың оқу пәндерін, модулін немесе барлық білім беру бағдарламасын зерделеуі үшін талап етілетін және білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми немесе кәсіптік тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау.

Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) ғылыми негіздемесі және құрылымы көрсетілген диссертацияның (жобаның) тақырыбы;

4) диссертацияны (жобаны) орындау жоспары;

5) ғылыми жарияланымдар жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларға және тағы басқаларға қатысу;

6) диссертацияның (жобаның) нәтижелерін практикалық және/немесе ғылыми қызметке және/немесе оқу процесіне енгізу;

7) аралық және қорытынды аттестаттаудан, МЖЖЖ-ны орындау мәніне академиялық аттестаттаудан өту;

8) МЖЖЖ белгіленген мерзімде орындалғаны туралы белгі;

9) білім алушылардың МЖЖЖ орындауы туралы комиссияның қорытындысы.

Магистранттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы нысанын Академия дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден, оның нысаны (семестр – 15 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.

Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

Магистратура бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаудың негізгі өлшемі білім алушылардың игеруі болып табылады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, бүкіл оқу кезеңінде кемінде 120 академиялық кредит;

2) бейіндік магистратурада 1 жыл оқу мерзімі кемінде 60 кредиттен аспайды.

16.1.7. Магистранттың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

Магистрантты даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелеріндегі меңгерілген құзыреттерді көрсетеді.

Оқыту нәтижелері барлық магистратураның білім беру бағдарламасының деңгейіндегі сияқты жекелеген модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де тұжырымдалады.

Дескрипторлар білім алушының:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «магистр» дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.

16.1.8. Магистратурада оқу мерзіміне қойылатын талаптар

Магистратурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Магистр дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілген оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, білім беру бағдарламасы толық игерілген болып есептеледі.

Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

16.2. Докторантура

16.2.1. Докторантура білім беру бағдарламаларының мазмұны

Теориялық оқыту докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 45 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұратын базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер (БейінП) циклдерінен тұрады.

Академия жоғары оқу орны компоненті пәндерінің тізбесін дербес анықтайды.

Пәндер мен модульдер бағдарламалары, әдетте, білімнің бірқатар бағыттарының түйісуінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатқа ие.

PhD докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады, бейінді докторантурада, магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы білім беру базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте «кіруде» докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратураның бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі формалды білім берудің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады.

Бейінді бағыттағы магистр PhD докторантураға түскен жағдайда, пререквизиттер ретінде ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейінінің білім беру бағдарламасы қосымша белгіленеді.

Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.

Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.

Тиісті бағыттар бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген МЖБС-тің 8 және 11-қосымшаларға сәйкес айқындалады.

16.2.2. Докторанттың кәсіптік практикасы

Докторантураның кәсіптік даярлау бойынша білім беру бағдарламалары PhD докторанттар немесе бейіні бойынша докторлар даярлауға арналған аккредиттелген бағдарламаларды іске асыратын шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленеді.

Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасы:

1) филоофия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – педагогикалық және зерттеу практикасын;

2) бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканы қамтиды.

Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда магистратурада сабақ өткізуге тартылады.

Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулерде эксперименттік деректерді түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында өткізіледі.

Докторанттың өндірістік практикасы оқыту және кәсіби деңгейін арттыру барысында алған теориялық білімді бекіту мақсатында өткізіледі.

Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертациялар тақырыбымен анықталады.

Докторанттардың кәсіптік практикасы Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

Кәсіптік практиканың жалпы көлемі білім беру бағдарламасының мазмұнымен айқындалады. Практиканың көлемі мен еңбек сыйымдылығы МЖБС және үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес есептеледі.

Практика мерзімі оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес келеді.

Практикаға жолдама Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді, онда практика базасы, практика базасынан және Академиядан практика жетекшілері көрсетіледі.

Кәсіптік практиканы өткізу үшін база ретінде мамандарды даярлау бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар (бұдан әрі – практика базасы) айқындалады.
Практика бағдарламалары кадрлар даярлау бағытын, сондай-ақ кадрлар даярлау бағытының бейінін, МЖБС талаптарын ескере отырып әзірленеді, Оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында бекітіледі.

Кәсіптік практика басталғанға дейін жауапты кафедраның отырысы өткізіледі, онда білім алушылар кәсіптік практика бағдарламасымен және есептік құжаттамаға қойылатын талаптармен танысады.

Практикадан өту үшін докторанттар Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жеке жоспар жасайды.

Білім алушының кәсіптік практика және тағылымдама нәтижелері туралы есебін бітіруші кафедралардың меңгерушілері, оның оқытушылары және кәсіптік практика жетекшілері қатарынан жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры құратын комиссия қарайды.

Практика бойынша баға практика жетекшісінің бағасын және есепті қорғау қорытындылары бойынша комиссияның бағасын ескере отырып қойылады.

Кәсіптік практика бағдарламасының, кәсіптік практиканың жеке жоспарының талаптарын орындамаған, практика базасынан теріс пікір және/немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы (қосымша) семестр кезеңінде кәсіптік практикаға қайта жіберіледі.

16.2.3. Докторанттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмысы

Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми құрамдасы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады.

Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 аспайтын академиялық кредитті құрайды.

ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жоспарында инновациялық технологиялармен және жаңа өндіріс түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет салаларында, оның ішінде шетелде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.

Шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін Академия МЖБС талаптарына сәйкес дербес анықтайды.

Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ДҒЗЖ қойылатын талаптар:

1) докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі проблемасына сәйкес келеді;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді;

4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді;

5) ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі;

6) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.

Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ қойылатын талаптар:

1) докторлық диссертация қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

3) ғылымның, технологияның және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделіп, интеграцияланған, функционалдық сипаттағы басқару мәселелеріне арналған нақты практикалық ұсыныстарды, тәуелсіз шешімдерді қамтиды;

4) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұрады.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді.

Докторантураның академиялық аттестаттаудан өткізу тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

Докторлық диссертация ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.

ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.

16.2.4. Докторанттарға ғылыми басшылық

Докторантураға оқуға түскеннен кейін екі ай ішінде докторлық диссертацияны жүргізу үшін докторантка ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия ректорының бұйрығымен ғылыми жетекші бекітіледі.

Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖОО ғалымы болады ((по направлению подготовки 8M042 – Құқық кадрлар даярлау бағыты бойынша).

Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияның орындалуына және академиялық адалдық принциптерінің сақталуына және диссертациялық жұмыстың қорғауға уақытылы ұсынылуын қамтамсыз етеді.

«Ғылым кандидаты» немесе «ғылым докторы» немесе «философия докторы (РhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі немесе «философия докторы (РhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі немесе «философия докторы (РhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» дәрежесі, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл болатын оқытушының ғылыми жетекшілігін жүзеге асырады:

– даярлаудың қалған бағыттары бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген, бейін бойынша басылымдарда 5 ғылыми мақалалардың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін немесе Scopus базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші 35-тен кем емес халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын;

– 8D123 «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» кадрлар даярлау бағыты бойынша басылымдар ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген кемінде 7 ғылыми мақаласы бар.

Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестрде анықталып, Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына сәйкес жарияланады.

16.2.5. Академиялық және қорытынды аттестаттау

МЖБС талаптарына сәйкес жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін (бітіру курсын қоспағанда) докторанттар жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ДЖЖЖ) орындау мәніне академиялық аттестаттаудан өтеді.

Білім алушылардың ДЖЖЖ-ны орындау жөніндегі есептерін тыңдауды білім алушы бекітілген кафедра меңгерушілерінің (бұдан әрі – жауапты кафедра) және оның оқытушыларының, сондай-ақ Академияның өзге де қызметкерлерінің қатарынан жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры бекітетін Комиссия жүргізеді.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін академиялық аттестаттаудан өткен, сондай-ақ аралық аттестаттау қорытындысы бойынша ауысу балын жинаған білім алушы Академия ректорының бұйрығымен курстан курсқа ауыстырылады.

Қорытынды аттестаттау докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 12 академиялық кредитті құрайды және докторлық диссертацияны (жобаны) жазу мен қорғау түрінде өтеді.

Докторлық диссертация Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы жүзеге асыратын басқа авторлардың мәтінін пайдалануын анықтау мәніне тексеруден өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалар талаптарына сай дайындығын бағалау болып табылады.

16.2.6 Докторанттың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар

Оқу жүктемесі докторантқа докторантураның оқу пәнін, модулін немесе бүкіл білім беру бағдарламасын зерделеу үшін талап етілетін және докторантураның білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті уақытпен өлшенеді.

Оқу жүктемесіне докторанттың барлық оқу қызметі: дәрістер, семинарлар, топтық сабақтар, топтық жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, өндіріс орнындағы практика, ғылыми немесе кәсіби тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), докторлық диссертацияны жазу мен қорғау, өзіндік жұмыс, оның ішінде ғылыми жетекшінің басшылығымен.

МЖБС талаптарына сәйкес докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде (бұдан әрі – ДЖЖЖ) оқиды.

ДЖЖЖ диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі көзделеді.

Докторанттың жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны;

2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру түрі);

3) диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (мақсаты, міндеттері және зерттеу әдіснамасы, әдебиетке шолу (тақырыптың зерттелу дәрежесі) және зерттеудің күтілетін нәтижелері) мен құрылымы бар диссертациялық зерттеудің тақырыбы;

4) докторлық диссертацияны орындау жоспары;

5) ғылыми басылымдар жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларға қатысу;

6) диссертацияның нәтижелерін практикалық және/немесе ғылыми қызметке және/немесе оқу процесіне енгізу;

7) аралық және қорытынды аттестаттаудан, ДЖЖЖ-ны орындау мәніне академиялық аттестаттаудан өту;

8) ДЖЖЖ белгіленген мерзімде орындалғаны туралы белгі;

9) білім алушылардың ДЖЖЖ орындауы туралы комиссияның қорытындысы.

Докторанттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы нысанын Академия дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.

Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

16.2.7 Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің үшінші дәрежелі Дублин дескрипторлары (докторантура) негізінде анықталады және оқыту нәтижелері арқылы меңгерген құзыреттіліктерін көрсетеді.

Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, сондай-ақ жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады.

Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі Біліктіліктің кешенді негіздері шеңберіндегі үшінші деңгейлі дескрипторлар білім алушының мынадай қабілеттерін көрсететін оқыту нәтижелерін айқындайды:

1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;

2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;

3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;

4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;

6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және сараптама нәтижелері бойынша ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің оң шешімімен докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) сәйкес диплом және оның қосымшасы (транскрипт) беріледі.
Академияда докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ докторлық диссертацияны қорғамаған докторантқа кейінгі жылдары диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі.

16.2.8. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар

Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық меңгерілген болып есептеледі.

Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

 

6. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру

17.Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері мен өткізу МЖБС, Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – ОКТ қағидалары) және «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына оқытудың кредиттік технологиясы негізінде жүзеге асырылады.

18.Білім беру бағдарламалары мен ҮОЖ-ға сәйкес жұмыс оқу жоспарлары (бұдан әрі-ОЖЖ) әзірленеді, онда пәндердің тізбесі және әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы, оқу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары айқындалады.

Жыл сайын білім беру бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары Оқу-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – ОӘК) отырыстарында және Академияның магистранттар мен докторанттар кеңесінің отырысында талқыланады.

19.ЖОЖ-лар Академияның ОӘК және Ғылыми кеңесінде талқыланады және ректормен бекітіледі. ЖОЖ-лар барлық оқу кезеңіне дайындалады.

20.Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде әрбір оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің бүтін санын құрайды.

Академияда пән КТО қағидаларының 10 және 11-тармақтарына сәйкес 1-5 академиялық кредит көлемімен бағалауға болады.
21.Академияда пәнді бірнеше академиялық кезең ішінде игеруге жол беріледі.

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының 15-тармағына сәйкес, оқу жұмыс бағдарламаларын білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша әзірленеді.

Оқу-әдістемелік кеңестің отырысында қаралғаннан кейін оқу жұмыс бағдарламаларын оқу-әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін Академияның проректоры бекітеді.

22.Оқу процесі академиялық күнтізбелер мен оқу сабақтарының кестесі негізінде ұйымдастырылады.

Академиядағы оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларының (БП 2016 жылғы 31 наурыздағы №55 бұйрығы) 8-тармағына сәйкес академиялық күнтізбелерді Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия ректоры бекітеді.

Академиялық күнтізбеде оқу жылы ішіндегі оқу сабақтарын, аралық және қорытынды аттестаттауды, кәсіптік практикаларды және оқу жұмысының басқа түрлерін өткізудің кезеңдері, демалыс күндері (демалыстар мен мерекелер) көрініс табады.

23. Әр академиялық кезең білім алушылардың аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.

Академияда әр академиялық кезеңнен кейін аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 1 аптаны құрайды.

24. Академияда оқу жылындағы демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.

25. Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті түрі болып табылады.

Оқу процесін ұйымдастыру кезінде академиялық кезеңнен бөлек, сондай-ақ академиялық кезеңмен қатар кәсіптік практиканы енгізуге рұқсат етіледі.

Кәсіптік практиканың нәтижелері аралық аттестаттау қорытындыларын жасау кезінде ескеріледі.

Академияда барлық практика түрлерінің (тағылымдамалардың) ұзақтығы 60 сағатқа тең апта ішінде (6 күндік жұмыс аптасында күніне 10 сағат) практикадағы курсанттардың нормативтік жұмыс уақытына қарай аптамен анықталады.

26. ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйес білім алушыларды қорытынды аттестаттауды және магистранттар мен докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысын жоспарлау білім алушылардың 54 сағатқа (6 күндік жұмыс аптасында БӨЖ-ді қосқанда күніне 9 сағат) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды.

27.Академияда білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға, орташа үлгерім балын көтеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы 4 аптаға дейін жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).

28.Академияда оқу сабақтарының барлық түрлеріне, практиканың барлық түрлеріне және қорытынды аттестаттауға қолданылатын бір академиялық сағат 50 минутты құрайды.

29.Оқытудың кредиттік технологиясында білім алушының өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысқа (ОБӨЖ) және толық өзі орындайтын жұмыс (ОБӨЖ – БӨЖ).

БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.

Білім алушының оқытушымен байланыс жұмысының арасындағы уақыт арақатынасын және оқу қызметінің барлық түрлері бойынша БӨЖ-ні Академия дербес анықтайды. Бұл ретте аудиториялық жұмыс көлемі әр пән көлемінің кемінде 30%-ын құрайды.

30.Теориялық оқыту мен аралық аттестаттауды жоспарлау бірыңғай кредиттер көлемімен жүзеге асырылады, яғни әр пән бойынша кредиттердің жалпы саны оны оқытудан, сондай-ақ осы пән бойынша дайындықтан және аралық аттестаттау нысанынан өтуден құралады.

31.Академияда теориялық оқыту теориялық оқыту сағаттарын (дәріс, семинарлық, практикалық сабақтар), әрбір оқу пәні бойынша аралық аттестаттау нысандарын, сондай-ақ пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасына және тиісті кафедраның жоспарланған жүктемесіне сәйкес оқытушы дербес айқындайтын БӨЖ (ОМӨЖ/ОДӨЖ, МӨЖ/ДӨЖ) дайындауды және өтуді қамтиды.

32.Әр пәнді оқыту аяқталған соң, білім алушылар емтихан түрінде қорытынды бақылау тапсырады. Егер пәннің ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезең аяқталған соң емтихан түрінде аралық бақылау өткізіледі.

33.Кәсіптік практикалардың барлық түрлері қорғау арқылы бағаланады.

34.ПОҚ оқу жүктемесін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің нормалары туралы» ректорының 2019 жылғы 11 наурыздағы № 19 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Педагогикалық жүктемені жоспарлау сағатпен жүзеге асырылады. 1 академиялық сағат 50 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі.

ПОҚ жұмысының көлемі бес күндік жұмыс аптасы кезінде сегіз сағаттық жұмыс күні шегінде белгіленеді.

35.Академиялық лек пен топтың толығуын Академия дербес анықтайды.

36.Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «D»-ға дейін азаю арқылы және ««қанағаттанарлықсыз» – «FX», «F») балдармен бағаланады.

«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қаанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.

«F» белгісіне сәйкес келетін «қаанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

37. Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқу және қорытынды бақылау процестері бөлінеді.

38.Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республкасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

39.Білім алушыға оқу пәндері (модульдер) және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын зерделеу аяқталған соң академиялық кредиттер беру олардың қол жеткізген оқу нәтижелері оң бағаланған жағдайда жүзеге асырылады.

40.Білім алушының алдыңғы оқу деңгейлерінде және формальды білім берудің басқа ұйымдарында қол жеткізген оқу нәтижелері мен алған оң бағаларын Академия академиялық кредиттерді қайта санау арқылы дербес таниды.

41.Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде қол жеткізілген оқу нәтижелері, білім алушының оң бағалары академиялық кредиттерді бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір білім беру ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауыстыру арқылы танылады.

42.Барлық академиялық кредиттер және білім алушының формальды және формальды емес білім берудегі алған оқу нәтижелері бүкіл өмір бойы жиналады.

43.Қашықтықтан оқыту

Қашықтан оқыту «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасының негізінде әзірленген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 101 бұйрығымен бекітілген Академияда қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Академияда қашықтан оқыту жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша білім беру жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-білім беру порталының базасында:

1) жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген қабылдау жоспарына сәйкес ( негіз – Бас Прокурордың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығы);

2) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

Қашықтан оқыту онлайн және офлайн режимінде оқу сабақтарын жүргізе отырып жүзеге асырылады.

Онлайн режиміндегі оқу процесі цифрлық технологияларды (бейнеконференциялар, вебинарлар, Интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл процесін көздейді.

Офлайн режиміндегі оқу процесі оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды болатын (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта меңгеру және байланыс құралдарын пайдалана отырып оқытушымен қарым-қатынас жасау) оқытудағы өзара іс-қимыл процесін көздейді.

Қашықтан оқыту бойынша білім алушылармен оқу сабақтары басталғанға дейін білім беру порталымен таныстыру бойынша кіріспе курс өткізіледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13671 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаларында көзделген оқу-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қашықтан оқыту үшін Академияда мынадай электрондық оқу-әдістемелік құжаттар жасалады:

1) академиялық күнтізбе;

2) жұмыс оқу жоспары;

3) үлгілік оқу бағдарламалары;

4) жұмыс оқу бағдарламалары;

5) дәрістің конспектілері (бейнедәрістер);

6) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;

7) білім алушының өзіндік жұмысы және оқытушының жетекшілік етуімен білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар;

8) аралық бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар);

9) қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (тесттік емтихан тапсырмалары, емтиханға сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);

10) қашықтан консультациялар өткізу кестесі;

11) аралық бақылау және емтихандар кестесі;

12) өзге де оқу-әдістемелік құжаттар.

Оқыту қызметінің барлық түрлері:

1) қашықтан оқытуды сүйемелдеуді жүзеге асыратын бейінді Институттың оқытушысы мен оқу-әдістемелік бөлімшесі қызметкерінің білім алушылармен телекоммуникациялық құралдарды немесе Академияда аралық және қорытынды аттестаттаудан өту кезінде тікелей байланысты пайдалана отырып қарым-қатынас жасау;

2) білім алушының оқу материалдарымен өзіндік жұмысы (дәріс материалдары, тапсырмалар, қосымша әдебиеттер) арқылы жүзеге асырылады.

Кем дегенде айына бір рет білім алушылар үшін оқу сабақтары білім беру порталында оқу сабақтарының кестесіне сәйкес нақты уақыт режимінде өткізіледі.

Оқу сабақтарын өткізу үшін оқыту тақырыбы бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының және басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Шақырылған адамдарды оқу сабақтарына жіберу кафедра меңгерушісінің баянаты негізінде бейінді Институт директорының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13660 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру порталында тапсырмаларды орындамаған білім алушы келесі тапсырманы орындауға және тиісінше аралық бақылауды тапсыруға жіберілмейді.

Дәлелді себептер болған жағдайда (ауырғанына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты, қызметтік қажеттілікке байланысты) бейінді Институт директорының атына жазылған баянат негізінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) білім алушыға жекелеген кесте бойынша орын алған академиялық берешектерін пысықтау мүмкіндігі беріледі.
Қашықтан оқыту бойынша білім алушылар академиялық күнтізбеге және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13657 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамас

Барлық оқу-әдістемелік құжаттар (ҮОЖ, ОЖЖ, академиялық күнтізбелер, сабақ кестелері), жұмыс оқу бағдарламалары және пәндер бойынша дәріс тезистері, сондай-ақ ПОҚ портфолиосы, білім алушының анықтамалығы және қажетті нормативтік-құқықтық актілер «Е-Академия» және ҚОЖ (қашықтан білім алушылар үшін) ақпараттық жүйелерінде орналастырылған, олар Академияның интернет сайты арқылы еркін қол жеткізіледі, кіру білім алушылар мен ПОҚ-ның логині мен паролі бойынша жүзеге асырылады.

 

7. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау

44. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім алушыларының оқу жетістіктерін бақылау жүйесі Қазақстан Республкасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

45.Академияның магистранттары мен докторанттарының оқу жетістіктерін бақылау жүйесі әртүрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау.
46.Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториядан тыс аудиторияларда білімді бақылауды қамтиды.

Ағымдағы бақылауды жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес тиісті пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушы жүзеге асырады. Жұмыс оқу бағдарламаларында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың келесі түрлері көзделген: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кешенді (аралас) бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, рөлдік ойындар, дөңгелек үстелдер, тесттер және т. б.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау кезінде әрбір орындалған тапсырма 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Үлгерімді ағымдағы бақылаудың түпкілікті нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеумен жүргізіледі.

Осындай тәсіл аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.
47.Межелік бақылау бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезең ішінде екі рет жүргізіледі. Аралық бақылауды аттестатталатын пән бойынша сабақтар өткізген оқытушы жүзеге асырады.

Межелік бақылау академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде кестеге сәйкес жүргізіледі. Кафедра мәжілісінде ПОҚ аралық бақылауды жүргізу нысанын анықтайды.

Межелік бақылау академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде кестеге сәйкес жүргізіледі. Кафедра мәжілісінде ПОҚ аралық бақылауды жүргізу нысанын анықтайды. Кафедра шешімдерімен межелік бақылау жүргізу нысандары бекітілді

48.Аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан тапсыру нысанында жүзеге асырылады.
Аралық аттестаттаудың кезеңділігі мен ұзақтығы тиісті білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады.

49.Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады. Емтихандар кестесін Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры бекітеді және ол білім алушылар мен ПОҚ-ның назарына емтихан сессиясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жеткізіледі.

Емтихан сессиясы кезеңінде Академия ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.

Емтиханды қабылдау емтихан тапсырылатын пән бойынша дәріс сабақтарын өткізген оқытушымен жүзеге асырылады.

Емтиханға жіберу үлгерімді ағымдағы бақылау бағалары негізінде жүзеге асырылады, олардың нәтижелері бойынша нақты пәндер бойынша рейтинг бағасы айқындалады.

Емтихандар жазбаша, ауызша, тесттік немесе кешенді (аралас) түрде өткізіледі.

50.Магистратура және докторантура білім алушылары үшін оқу пәндері бойынша қорытынды бақылау жүргізу нысандары Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінің отырыстарында қаралады.

51.Ағымдағы, шекті бақылау бағалары мен аралық аттестаттау нәтижелері семестрлік бақылау және қорытынды емтихан ведомосына қойылады.

Пән бойынша қорытынды баға жіберу рейтингісін және қорытынды бақылауды қамтиды. Үлгерімді ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингі) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60% – ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 40% – ын құрайды.

52.Қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Бас Прокурордың 2021 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығы).

Қорытынды аттестаттауды өткзу тәртібі

53.Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеру магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындау мен қорғаудан және кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырудан тұратын қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын, оны өткізу нысанын және тапсырмалардың мазмұнын кафедралар әзірлейді. Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасы Академияның ОӘК шешімімен бекітіледі.

Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасының, жұмыс оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған, сондай-ақ диссертациялық зерттеудің (жобаның) нәтижелері бойынша алдын ала қорғаудан (кеңейтілген мәжілістен) өткен магистранттар жіберіледі.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу тізім бойынша Академия ректорының бұйрығымен қорытынды аттестаттау басталғанға дейін ресімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына ұсынылады

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы (бұдан әрі – МАК) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.

Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға ұсыну, сондай-ақ магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау жөніндегі МАК отырысын ұйымдастыру және өткізу «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасында білім алушылардың магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындау, ресімдеу және қорғауды ұйымдастыру регламентін бекіту туралы» Академия ректорының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Қорғалғанға дейін магистрлік диссертация (жоба) Академия ректорының 2018 жылғы 11 мамырдағы № 35 бұйрығымен бекітілген Жұмыстарды көшіріп алуға тексеру жүргізу регламентінде белгіленген шекті индикаторларға сәйкес онда көшірме болу мәніне тексеріледі.

Дәйексөз келтіруді қоса алғанда, түпнұсқа мәтіннің кемінде 80%-ы болған кезде жұмыс тексеруден өткен болып саналады (нормативтік – құқықтық құжаттаманы, статистикалық есептілікті, ғылымның әдіснамалық мәселелерін талдауды көздейтін жұмыстар үшін кафедраның шешімімен түпнұсқа мәтіннің аз пайызымен (ауытқу-5% – дан аспайды) қорғауға рұқсат беру туралы оң шешім қабылдануы мүмкін).

54.Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгеру докторлық диссертацияны жазумен және қорғаумен аяқталады.
Диссертация қорғауға дейін:

1) докторант бекітілген Академияның бітіруші кафедрасының отырысында талқылаудан;

2) Академия докторантурасында білім алушылардың зерттеулерін этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қарауынан;

3) Академияның бітіруші кафедраларының кеңейтілген отырысында қараудан өтеді.

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертацияны қорғаған докторантқа Диссертациялық кеңестің оң шешімі болған жағдайда философия докторы (PhD) дәрежесі, диплом және қосымша (транскрипт) беріледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын игерген және докторлық диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда, оқу мерзіміне қарамастан докторантқа философия докторы (PhD дәрежесі беріледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқудың толық курсын меңгергендокторантқа кейінгі жылдары диссертация қорғауға мүмкіндік беріледі.

Бітіргеннен кейін бір жыл өткен соң докторант бітіруші кафедралардың кеңейтілген отырысында докторлық диссертациясын қайта талқылағаннан кейін Диссертациялық кеңеске қорғауға жіберіледі.

 

8. Білім алушыларды оқудан шығару, ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

55.Білім алушыларды оқудан шығару тәртібі Академия ректорының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 83 бұйрығымен бекітілген Академия магистратурасында және докторантурасында білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларымен регламенттелген.

56.Білім алушыларды оқудан шығару, ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31наурыздағы № 59 бұйрығымен бекітілген Академияда білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларымен анықталады.

 

9. Білім беру процесінің транспаренттілігі

57.Академияда білім беру процесін ұйымдастыру ашықтық, айқындық, объектілік қағидаттарында және этикалық номаларына сай іске асырылады.

58.Академия қызметі қағидаларына сәйкес (2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрық) оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылады.

59.Академиялық адалдық қағидаттары:

1) адалдық – бұл бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмысы түрлерін білім алушылардың адал, лайықты орындауы;

2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлары барын және қорғалуын бөгденің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы тану;

3) ашықтық – айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат және идеялармен ашық алмасу;

4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;

5) теңдік – әрбір білім алушының академиялық адалдық қағидаларын сақтау жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік.

60.Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында Академияда жоғары білімнің еуропа кеңістігінде (ESG) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі құрылады, ол:

1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты;

2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекітуді;

3) білім алушыға бағытталған оқытуды, білім беруді және бағалау;

4) білім алушыларды қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау;

5) оқытушылар құрамын;

6) оқу ресурстарын және білім алушыларды қолдау жүйесін;

7) ақпаратты басқаруды;

8) жұртшылықты хабардар етуді;

9) бағдарламаларға тұрақты мониторинг жасауды және мерзімді бағалауды;

10) сапаны мерзімді сыртқы қамтамасыз етуді құрайды.

61.Оқу тәртібін және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша біліс алушылардың құқықтары мен міндеттері Академия ректорының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 83 бұйрығымен бекітілген Академия магистратурасында және докторантурасында білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларымен көзделген.

62. Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Академия Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты қызметкерлерінің міндеттерін бөлу туралы Актімен регламенттелген.