Өтеген Сейітовке – 100 жыл

Өтеген Сейітұлы Сейітов 1923 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген.

Прокуратура органдарына ол әлі 18 жасқа толмаған кезде келді. Қылмыстық-сот бөлімінің хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы кеңсесінің бастығы болып жұмыс істеді.

1942 жылы майданға кетті. Ол атқыштар взводының командирі болды, үш рет жараланды.

Кәсіби жолын 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес және Сарыағаш аудандық прокуратураларының тергеушісі болып бастаған.

1949-1951 жылдары облыстық прокуратураның аға тергеушісі болып жұмыс істеді.

1951-1959 жылдары – Қазақ КСР прокуратурасы бөлімінің прокуроры, Алматы қаласы Совет ауданының прокуроры болды.

1961 жылы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды.

1962 жылы Қазақ КСР прокурорының бірінші орынбасары болды.

1966-1984 жылдары Қазақ КСР прокуроры қызметін атқарды.

1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, Прокуратураның құрметті қызметкері.

Жауынгерлік және сіңірген еңбегі, заңдылықты нығайтудағы жетістіктері үшін «Қызыл Жұлдыз», I-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі рет «Халықтар Достығы» орденімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

1997 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды.

 

Академияның іс-шаралары

Ө.С. Сеиітов туралы материалдар