Академияның Диссертациялық кеңесіне ұсынылатын
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

Қорғауға қабылдағанға дейін

1) Төрағаның атына қорғауға қабылдау туралы өтініші (осы Ережененің 11-қосымшасы);

2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) (бұдан әрі – электронды тасымалдағыш) диссертация. Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады;

3) ғылыми кеңесшілердің жұмыс орны бойынша расталған пікірлері;

4) ізденушінің диссертация жұмысы орындалған кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытытындысы;

5) ғылым мәселелеріне жетекшілік етуші проректор бекіткен Академия кафедрасының кеңейтілген отырысының оң қорытытындысы;

6) ғылыми еңбектерінің тізімі (диссертация тақырыбы бойынша жарияланған кемінде 7 (жеті) ғылыми еңбектері), оның ішінде:

— Комитет бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерінің жариялымдары үшін ұсынылған Ғылыми басылымдардың тізіміне қосылған ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш);

— Томсон Рейтер (ISI Web of KnowLedge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасы бойынша нольдік емес импакт-факторы бар немесе Scopus, JSTORE компаниясының мәліметтер базасына кіретін халықаралық басылымда кемінде 1 (бір); немесе «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес ғылым саласында сыйлықтар немесе талантты жас ғалымдарға ғылыми мемлекеттік степендиясын алғаны үшін соңғы 3 жылға куәландырушы құжаттар;

— халықаралық материалдарда кемінде 3 (үш), оның ішінде кемінде 1 (біреуі) шетелдік конференцияларда.

7) диссертация тақырыбын бекіту және ғылыми кеңесшілердің тағайындауы туралы Академияның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасының немесе өзге де куәландырушы құжаттар үзінділері;

8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдары мен оларға қосымшалардың нотариалды расталған көшірмелері (ізденуші тегін ауыстырған жағдайда тегін ауыстырғанын растайтын құжат ұсынылады);

9) докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын менгергені туралы транскрип көшірмелері;

10) осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ізденуші туралы мәліметтер.

11) ЖОО-ның немесе жұмыс орнының кадрлық қызметінің оқу орны бойынша фотосуреттерімен бірге расталған кадрларды тіркеу бойынша жеке парағы;

12) 1 басылым парақтан кем емес көлеміндегі мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация;

13) автореферат;

14) хабарлама мәтіні (мемлекеттік және орыс тілдерінде) (осы Ереженің 14-қосымшасы);

Қорғауға қабылдағаннан кейін:

15) ізденушінің автор мен дереккөзге сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны бойынша диссертацияның тексерілгені туралы ҰМҒТСО-ның анықтамасы;

16) ресми рецензенттердің 2 (екі) пікірі;

Қорғаудан кейін:

17) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегі, аты және әкесінің атының (ол болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;

18) осы Ереженің 6-қосымшасындағы нысанға сәйкес Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

19) толық көлемдегі бейне жазба және диссертацияны қорғау бойынша Төрағаның және Ғылыми хатшының қолы қойылған, отырыстың стенограммасы қоса берілген Диссертациялық кеңес отырысының хаттамасы;

20) ҰМҒТСО берген мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, осы Ереженің 10-қосымшасындағы нысанға сәйкес диссертацияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есепке алу карточкасы;

21) мемлекеттік тіркеуді растайтын ҰМҒТСО хабарламасы.