Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2018 жылғы 6 қарашадағы
№ 80 бұйрығына 4 қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Институт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Прокуратура туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарын, Институттың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі — Бас Прокурор), оның орынбасарларының, Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Институттың құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ректор анықтайды.

4. Институт:

1) оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы;

2) әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;

3) жалпы заң пәндері кафедрасы;

4) арнайы заң пәндері кафедрасынан тұрады.

2. Институттың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

5. Міндеті:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету.

Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте оқу процесін, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастыру және өткізу;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік жұмысты, Институт кафедраларының бір немесе бірнеше ұқсас пәндері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте ұйымдастыру және өткізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың және Академия Ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте Академия білім алушыларының кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;

5) «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің және Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің қызметін сүйемелдеу»;

6) Академияның диссертациялық кеңесінің қызметін сүйемелдеу;

7) Академиямен жасалған келісімдер мен меморандумдар шеңберінде оқу орындарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау;

8) Институттың білім беру қызметіне, оның ішінде олардың практикаға бағытталуына талдау жүргізу;

9) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырудың инновациялық нысандары мен әдістерін, шетелдік, ұлттық оң тәжірибені іздеу, зерттеу және Институттың практикалық қызметіне ұсыныстар енгізу;

10) Институт қызметін ұйымдастыруға қатысты, оның ішінде білім беру процесін жетілдіру мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және өзектендіру;

11) Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және шаралар қабылдау;

12) құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Академияға қабылдауды ұйымдастыру, оның ішінде үгіт-насихат жұмыстарын қамтамасыз ету;

13) Академия білім алушыларының ғылыми мақалаларының тізілімін жүргізу;

14) Институт қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

15) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6. Міндеті:
Академияның магистранттары және докторанттарымен жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:
1) Академия білім алушыларының ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген талаптарды іске асыру және орындауды ұйымдастыру;

2) Академияның магистранттары мен докторанттарын қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте білім алушылар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

4) Академия білім алушыларының ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген талаптарды білім алушылардың сақтауын ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету;

5) Академияның магистранттар және докторанттар кеңесінің қызметін сүйемелдеу;

6) Академия ректоры бекіткен, Академия білім алушыларының Ішкі тәртіп ережелерін, талаптарын іске асыруға қатысты құқықтық актілерді әзірлеу;

7) Академияның магистранттары мен докторанттарымен жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

8) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия Ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

9. Институт қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттемелері:

1) Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурор мен Академия Ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес құқылы:

Бас прокуратура басшылығының, Академия Ректорының, Академияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтетін кеңестерге, сондай-ақ Институт қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда ұйымдастырылатын және өткізілетін кеңестерге қатысуға;

Академияға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті Академияның құрылымдық бөлімшелерінен белгіленген тәртіпте ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

Институт қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен мекемелерден ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

Институт құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, мекемелер және ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, Академияның, Институттың және өзге прокуратура органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте кәсіби қайта даярлаудан өтуге, біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурордың, Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

2) Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдық-өкімдік актілеріне сәйкес міндетті:

берілген өкілеттіктер шегінде қызметті жүзеге асыруға;

Институтқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнама талаптарын, Бас Прокурор мен Академия Ректорының актілерін мүлтіксіз сақтауға;

құзыреті шегінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға;

Академияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Бас Прокурордың, Академия Ректорының құқықтық актілерімен, Институттың міндеттері мен функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерімен танысуға;

Институттың міндеттері мен функцияларына сәйкес құқықтық актілер мен ұйымдық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеуге;

заңнамада белгіленген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

3. Институт қызметін ұйымдастыру

10. Институт заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Бас Прокурордың және Академия Ректорының бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

11. Институтты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Академия ректоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.

12. Институт директорының бір уақытта Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы болып табылатын орынбасары бар.

13. Институт директоры Институт қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Институтқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

14. Институт директоры академия ректорына жетекшілік ететін проректормен келісілген Институттың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Осы мақсатта Институт директоры:
1) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісе отырып, өзінің орынбасарының өкілеттіктерін белгілейді;

2) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісім бойынша Институттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттігін анықтайды;

3) Институттың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, Институттың Бас прокуратураның, оның ведомстволары мен мекемелерінің, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен, облыс және оларға теңестірілген прокуратуралармен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

4) Институт құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бас Прокурордың, Академия Ректорының, академияның жетекшілік ететін проректорының бұйрықтары, нұсқаулары, өкімдері мен тапсырмаларының, Бас прокуратураның, Академияның алқалы органдары шешімдерінің, Бас Прокурор мен ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестер шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

5) Институт жұмысының мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді Институт қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

6) Институт қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады;

7) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісім бойынша Институтта кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

8) Академияның жетекшілік ететін проректорымен келісім бойынша Ректорға Институт қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

9) Институт қызметкерлері мен жұмыскерлерінің атқарушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;

10) бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлердің Институт құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бас Прокурордың, Академия Ректорының, Академия проректорының бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін, тапсырмаларын, Бас прокуратура, Академия алқалық органдарының шешімдерін, Бас Прокурор мен Ректор жанындағы аппараттық және жедел кеңестер шешімдерінің орындауын қамтамасыз етеді және бақылайды;

11) Академия білім алушыларының жеке қабылдауын өткізеді;

12) Академия ректоры, жетекшілік ететін проректорының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер мен олардың дербес тапсырмаларын орындайды;

13) Институт атынан қызметтік құжаттарға қол қояды.

14) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Бас Прокурордың және Академия Ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Институт директорының орынбасары-оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы:

1) өз өкілеттігі шегінде Институттың, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

2) Институт директоры болмаған кезеңде Институт қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Институт директорына кадрларды іріктеу, қызметкерлер мен жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, сыныптық шен беру, көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

4) Институт қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;

5) жетекшілік ететін бөлімшенің қызметіне, қызметкерлердің атқарушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауына басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;

6) Академияның білім алушыларын қабылдайды;

7) жетекшілік ететін бағытының мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді Институт қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;

8) басшылық ететін бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және оның жұмысын жоспарлайды, өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

9) басшылық ететін бөлімшенің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды;

10) сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің қызметтік (функционалдық) міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;

11) бағыныстағы қызметкерлер мен жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

12) Академияның алқалық органдарының жұмысына қатысады;

13) Институттың іс жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;

14) Институт директорының атына құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

15) Академияның жетекшілік ететін проректоры және Институт директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Институт қызметкерлері мен жұмыскерлері міндеттерді бөлудің пәндік қағидасына сәйкес өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді, сондай-ақ Академия Институты басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

18. Институт атынан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне Институттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға Институт директоры, ал Институт директоры болмаған жағдайда — оны алмастыратын тұлға қол қояды.

19 Институт Академияның басқа құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз, тікелей жетекшілік ететін проректорға бағынады.

20. Институтта жалпы іс жүргізу Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттандыру және құжаттарды басқару ережелеріне және құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.