ШАЯХМЕТОВ ШАКИР ШӘМІЛҰЛЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры

Шакир Шаяхметов 1977 жылдың 26 қаңтарында дүниеге келді.

ҚР ІІМ Академиясын «заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы ОҚО Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасында бастады.

2003 жылдың тамызынан 2005 жылдың қаңтарына дейін ҚР ІІМ Академиясының ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

2005 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтында кафедра басшысы қызметінде болды.

2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың қазанына дейін ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академия басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2012 жж. Кембридж университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағыламдамадан өтті.

2012 жылдың қазанынан бастап 2015 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс жөніндегі институты директорының орынбасары қызметінде болды.

Шаяхметов Ш.Ш. еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы қызметінде жалғастырды.

2017 жылдың шілдесінде Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы бірінші проректорының міндетін атқарды.

Бас прокурордың 2018 жылғы 15 қаңтардағы бұйрығымен Ш.Ш. Шаяхметовке Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқару жүктелді.

 

САПАРАЛИЕВА СӘУЛЕ МАМЫРБЕКҚЫЗЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты директорының орынбасары

1977 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келді. Заң ғылымдарының кандидаты, аға әділет кеңесшісі. Құқық қорғау органдарында 1994 жылдан бастап қызмет етеді.

1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Шымкент заң коледжін бітірген. 1996 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Шымкент қ. ІІБ-да түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Еңбек жолын кәмелетке толмағандар істері бойынша инспектор қызметінен бастаған.

2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының адъюнктурасында білім алған.

2005 жылы 12.00.02: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, муниципалдық құқық мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2002 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясында әкімшілік-құқықтық саясат кафедрасының оқытушысы қызметінен бастап түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне ауыспас бұрын, аталған кафедра бастығының орынбасары қызметінде болған.

2007 жылдан бастап 2017 жылға дейін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде жұмыс істеген.

Диссертациялық зерттеудің тақырыбы бойынша, сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының өзекті мәселелері бойынша 40-тан астам ғылыми еңбегі, оқу құралы мен мақаласы бар.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы», «Бала құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын әзірлеуге тікелей қатысты.