Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының магистратура мен докторантураға түсу емтихандарының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету рәсімдері

Құжаттарды қабылдау 2019 жылы 3-25 шілде аралағында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы а., Республика көшесі, 16 мекенжайында өтеді.

Оқуға қабылдау қағидалары мен құжаттар тізімі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына қабылдау мен оқыту туралы ережелермен (Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген) реттеледі.

Түсу емтихандары екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең: 2019 жылғы 10-15 тамыз аралығында шет тілінен емтихан. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы емтиханның тәртібі мен өткізілетін орнын анықтайды.

2-кезең: 2019 жылғы 15-20 тамыз аралығында мамандық бойынша түсу емтиханы. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы а, Республика көшесі 16 мекенжайы бойынша Академия ғимаратында бойынша өтеді (емтиханға шет тілінен кем дегенде 30 балл жинаған үміткерлер жіберіледі).

МАҚСАТ: Магистратура мен докторантурада оқуға ең үздік кандидаттарды іріктеу

ШЕШІМ: Академияның мақсаттарына қол жеткізу және принциптерін енгізу үшін,түсу емтиханын өткізу жүйесі пайдаланады, қабылдауды қоспағанда:

ТҮСУ ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ:
1. Әділдік
2. Ашықтық
3. Мүмкіндіктің теңдігі
4. Кәсіби білім мен тәжірибе конкурстық іріктеудің жалғыз критерийі болып табылады.

1. Емтихан өткізу кезінде қабылдау және бақылау режимі.

1.1 Академия Ректорының бекітінен өкімімен тексеру күнінде Академия ғимаратында тек қабылдау комиссия мүшелері, тәуелсіз ұйымдардың бақылаушы өкілдері болады.

1.2 Үміткерлерді оқуға қабылдау іріктеу комиссиясының тізіміне сәйкес қатаң жеке кәулігімен жүзеге асыралады.
1.3 Техникалық құралдардың көмегімен емтиханға жіберуге тыйым салынған заттардың (ұялы телефондар,планшеттер,шпаргалка,оқулықтар) болуына тексеру жүргізіледі.

1.4 Емтиханды бейнебақылау мен жазу тұрақты түрде жүзеге асырылады.

2. Білімді бағалауда ашықтық және объективтілік.

2.1 Жауап беру парақтарында штрих-кодтар қолданады. Емтиханның комиссия мүшелері кандидатқа тиесілі жауап парағына, ақпарақта қол жеткізе алмайды.

2.2 Емтихан билетінің әрбір тапсырмасы бойынша үміткердің жауабы бірнеше емтихан қабылдаушымен тексеріледі.

Емтихан бағасы әрбір билет бағасы бойынша орташа балл алу және орташа баллды модельдеу арқылы белгіленеді.

Академия туралы

Талапкерлерге

Брошюра