Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі институты:

1) Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы;

2) Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;

3) Жалпы заң пәндері кафедрасы;

4) Арнайы заң пәндері кафедрасынан тұрады.

Академияда құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін магистратура мен докторантурада жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүзеге асырылады.

Магистратурада кадрларды даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары негізінде екі бағытта жүзеге асырылады:

1) ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі кемінде екі жыл;

2) бейінді бағыт бойынша оқу мерзімі кемінде бір жыл;

Магистратураның білім беру бағдарламалары «Құқық қорғау», «Заңтану» мамандықтары бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған.

Докторантурада кадрларды даярлау магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары негізінде, «Құқық қорғау қызметі», «Заңтану» мамандықтары бойынша кемінде үш жыл оқу мерзімінде жүзеге асырылады.

Докторантураның білім беру бағдарламалары «Құқық қорғау қызметі», «Заңтану» мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіби қызмет үшін кадрларды даярлауға бағытталған.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарының 50 қызметкері (40 магистратураға және 10 докторантураға) Академияға оқуға түседі.

Бүгінде Академияда 79 магистрант пен 30 докторант (құқық қорғау органдарының қызметкері) білім алады, Академия құрылған кезден бері магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларын орындауға байланысты 66 білім алушы, докторантура бағдарламасы бойынша 12 білім алушы шығарылды.

Оқуды аяқтағаннан кейін магистранттарға «құқық магистрі» немесе «заң ғылымдарының магистрі» дәрежелері мен мемлекеттік үлгідегі тиісті дипломдар беріледі.

Магистратура мен докторантурада сабақтарды профессорлық-оқытушылық құрам өткізеді, оның штаттық саны 27 бірлік, олардың 2-уі доктор, 14-і ғылым кандидаты, 2-уі PhD докторы, сондай-ақ біреуі 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Жалпы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді 49 пән бойынша үш кафедра: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, жалпы заң пәндері және арнайы заң пәндері кафедралары жүзеге асырады.

Оқытылатын пәндер Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес тек теориялық бағытта жүргізіліп жатқан жоқ (базалық және бейінді пәндер), сонымен қатар олар құқық қорғау қызметінің барлық бағыттары бойынша практикаға бағытталған.

Сабақтарды өткізу кезінде барлық оқытушылар білім берудің инновациялық технологияларын қолданады. Дәріс сабақтары таныстырылымдарды, бейнематериалдарды пайдалана отырып өткізіледі. Семинарлар мен практикалық сабақтар іскерлік ойындар, дебаттар, пікірталастар мен кейстік тапсырмаларды шешу түрінде өткізіледі.

Сот отырыстарының оқу залы жасалды, онда негізгі және бейінді пәндер бойынша сот процесі түрінде іскерлік ойындар өткізіледі.

Жоғары оқу орындарының білім беру қызметін жетілдіру мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Академия негізінде «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік құрылды.

2017 жылы Академия Білім және ғылым министрлігінде аттестациядан өтті, оның нәтижесі бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде қолданылатын оқыту әдістері тиісті мемлекеттік стандарттарға сай болып танылды.